Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көркем еңбек пәнін оқыту әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ешпанова Лиза Шиналиевна
Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп-гимназиясының
көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Көркем еңбек пәнінде оқушылардың бейімділігін дамыту, кәсіпке баулу
«Қандай болмасын өнердің теориясын меңгеру - өнерді ақылмен тану, қабілеттілігін меңгеру болып табылады»
Әл-Фараби
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Кез келген дамушы елдің өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Білімді әрі қабілетті ұрпақ - кемел келешектің кепілі» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр.
Көркем еңбек пәнін оқытуда –
еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында,
оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс
мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды
жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін
арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты
қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі
өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті
қалыптастыруды міндеттейді. Адамға ең бірінші өмірлік қажеті -
еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін
пән «Көркем еңбек»бүгінгі күніі үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену – Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары
орыс –қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды
кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу,
ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз
болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді
қамтамасыз етуді шешу- мектептің материалдық –технологиялық
базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды
кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру
технологиясын жасау.
Ата-ана мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға
бағытталған оқу-тәрбиелік шығармашылық орта құруы
қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту
арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені,
оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны
өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де
пайдасын тигізе алады. Көкем еңбек сабағы арқылы оқушыны
іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз.
Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске
көшу».
Менің көп жылғы педагогикалық
іс-тәжірибем бойынша оқушыларды қолөнерге үйрету өте пайдалы және
келешек үлкен өмірге қажетті іскерлік дағды қалыптастыратын жақсы
қадам екендігін білдім. Оқушылар кәсіпке баспалдық болатын өнердің
бір түрін игеру арқылы өзіне тән бейімділігімен нәтижеге қол
жеткізе алатындығын түсінеді. Қазргі нарықтық қатынастар заманында
кез-келген халық сұранысын өтейтін тауар өндірудің тиімділігін
ұғынады. Ол өзі жасаған бұйымның басқалардың қажетіне жарап, одан
өзіне пайда түсіріп тұрғандығын тез түсіне алады. Неғұрлым сапалы
өнім дайындаған сайын, өзінің шеберлігі мен іскерлік қабілетінің
арта бастағанына қуанады. Кәсіпкерлік дағдыны қалыптастыру міне
осындай кезден, яғни мектептің негізгі бөлімінде бастау алады. Осы
бағытта жұмыс жүгізіліп, мектепте әртүрлі қолөнер бұйымдары
көрмелері мен қайырымдылық жәрмеңкелері жиі өткізіліп тұрғаны
дұрыс.
Еңбек тәрбиесі арқылы тұрмыстық бұйымдар тігу, көркемдеу қол өнер
шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында
тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты
жүргіземіз.
Оқушылар әр түрлі дайын бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Оқушы бейінділігін дамыту барысында оқушының тұлғалық, шеберлік қасиетін де арттырамыз.
1. Еңбектену- пайда көзі деп таниды
2. Өзінің қайсыбір өнерге бейімділігін анықтайды
3. Заман талабына қарай бейімделеді
4. Өзі таңдайтын мамандықтар жайлы зерттейді
5. Қосымша табыс көздерін анықтайды
6. Ақшаны табу жолдары мен оны көбейту жайлы түсінік алады
7.Отбасына, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылады.
Көркем еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне,
өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып
қалыптастырамыз. Жаңа тақырыпты игерту үшін сыныптағы оқушыларды
бірнеше топтарға бөлу арқылы олардың қабілеттері мен дағдыларын
дамытуға қол жеткізе аламыз. Топтық жұмыс дегеніміз - келешек
өмірдегі ұжымда жұмыс жасауға үйрету негізі болып табылады. Ұжым
мүшелерінің ортақ жұмысты атқару қабілеттеріне қарай оладың
міндеттері де әртүрлі болып келеді. Сол сияқты оқушылар да сабақ
барысында берілген тапсырманы орындау үшін басқа топтармен
бәсекелестікке ұмтылады. Топ басшысы басқа әріптестеріне қабілетіне
қарай жұмысты бөліп береді. Бұл жақсы нәтижеге жетуге деген ұмтылыс
тудырады. Сонымен қатар, сабақ барысының өзгеріп отыруы,
тапсырмалар мен мәліметтердің ойын арқылы, тренинг түрнде берілуі
олардың қызығушылығын арттырады. Топтардағы деңгейі боынша әлсіз
және қабілетті оқушыларды анықтап, оқушының жеке мүмкіндігі мен
қабілетін ескеру арқылы жеке тұлғаға бағытталған тәсілдерге көбірек
мән берілген дұрыс. Сабақты игеру сапасын анықтап, әлсіз оқушымен
көбірек жұмыс жасап, ал аса қабілетті оқушыға өз бетінше жұмыс
тапсыруға болады. Оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру үшін оларды
үнемі нәтижелі еңбектенуге ынталандырып, бағыт-бағдар беріп отыру
міндетті. Топтастырып оқыту оқушылардың жеке қабілеттері мен
олардың психологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Баланың ерекше
қабілетін анықтау жыл бойы жүргізіліп отырған дұрыс. Кейде
оқушылардан өз қабілетін анықтайтын қысқаша тест алып отыру жақсы
көмектеседі.
Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта
тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу
үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің
шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне
енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір
шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің
бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен
ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім
беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін
қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне,
ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу,
ойын элементтерін пайдалану т. б.Көркем еңбек пәні география,
бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты.
Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай
ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының
өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас
ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын
анықтауға көмектеседі.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік
білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет
етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен
міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар
дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам
баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам
еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады.
Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет
қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке
басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде
реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде
жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа
бейімдей даярлауды ескерген жөн .Егер бала отбасында еңбек
тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға
түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі
мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып
отырады. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың
жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бағалау жүйесінің артықшылығы,
баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын
туғызады.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Көркем еңбек пәнінде оқушылардың бейінділігін дамыту, кәсіпке баулу дегеніміз - бұр өмірге бейімделу, кәсіпкерлікке баулу және іскер маман болу деген сөз.
Қорыта айтқанда, Көркем еңбек пәнінің мәні, баланың кәсіпкердік функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп деген ілімді негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.