Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы
Бүгінгі мектептегі «Технология.Көркем еңбек» пәндерінің түп нұсқасы «Еңбек» сабағы «Еңбекке баулу» сабағы еді. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде .
«Технология» сөзі - гректің «techne» (өнер, шеберлік, ептілік ) және «logos» (сөз оқу ғылым) сөздерінен шыққан. Демек, технология ғылымы –шеберлік ғылым. Қазіргі таңда технология дегенде адамға қоғамға қажетті бұйымдарды жасаудың әдістері деген мағынаны түсіндіреді. Ұялы байланыс, ғаламтор, компютерлер бастысы осы. Технология түсінігі «Дизайн» түсінігімен тығыз байланысты. Ағылшын тілінен аударғанда «сызба,жоспар» деген мағыналарды береді. Ал.қазіргі «Көркем еңбек» пәнінде бейнелеу өнері мен сызбаларды жоспарды біріктіре отырып, заттың немесе бұйымның жасалуын үйрету болып табылады.
Дизайн - бізді қоршаған ортадағы тартылымдылық қасиеттерді әдемілеу, көркемдеу болып табылады. Дизайннның графикалық дизайн, өндірістік дизайн,киім дизайны сияқты көптеген түрлері бар. «Технология.Көркем еңбек» ғылымының бүгінгі таңдағы балаға берері технологиялық бұйымдарды жасау және өндіру кезіндегі ерекшелігі.Өндіру кезінде еңбек,қаражат,материал,уақыт шығындары аз және еш қиындықсыз көп данада өндіру мүмкін болатын бұйымдар технологиялық болып есептелетіндігін үйретеді.
«Көркем еңбек. Технология» сабақтары балалардың шығармашылық жігерін ашуға шеберлік деңгейінің шыңдалуына, әр жұмыста жетістікке жету жолын үйренумен қатар жасауға болады екен ғой деп толықтырады.
Бұл сабақтардан шығармашылық жұмысқа кірісе отырып,бұрын қасиетсіз тастанды нәрселерден әдемілік пен әсемдікті сезінеді және өзі жасап көруге талпынады. Балалар оқу мен тәжірибені ұштастыра отырып, өз ойларын қорыта дамыта түседі. Балалар кез келген бұйымды жасаудан бұрын,оның құрылымы туралы техникалық жоба үлгісімен танысады. Бұндай құжатқа бұйымның сызбалары мен оның технологиялық картасы жатады.
«Технология. Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз,балалардың сабаққа ықыласы төмен. Сонда балада білім болмаса,бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе,ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады. Бұл үлкен ойландыратын жағдай.
Еңбексіз өскен бала,ескексіз жүзген қайық деп,дана бабаларымыз бекер айтпаса керек.
А.Рудаки атындағы №23 ЖББМ КММ-нің
технология пән мұғалімі Хамдамов Музаффар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы
Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы
Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы
Бүгінгі мектептегі «Технология.Көркем еңбек» пәндерінің түп нұсқасы «Еңбек» сабағы «Еңбекке баулу» сабағы еді. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде .
«Технология» сөзі - гректің «techne» (өнер, шеберлік, ептілік ) және «logos» (сөз оқу ғылым) сөздерінен шыққан. Демек, технология ғылымы –шеберлік ғылым. Қазіргі таңда технология дегенде адамға қоғамға қажетті бұйымдарды жасаудың әдістері деген мағынаны түсіндіреді. Ұялы байланыс, ғаламтор, компютерлер бастысы осы. Технология түсінігі «Дизайн» түсінігімен тығыз байланысты. Ағылшын тілінен аударғанда «сызба,жоспар» деген мағыналарды береді. Ал.қазіргі «Көркем еңбек» пәнінде бейнелеу өнері мен сызбаларды жоспарды біріктіре отырып, заттың немесе бұйымның жасалуын үйрету болып табылады.
Дизайн - бізді қоршаған ортадағы тартылымдылық қасиеттерді әдемілеу, көркемдеу болып табылады. Дизайннның графикалық дизайн, өндірістік дизайн,киім дизайны сияқты көптеген түрлері бар. «Технология.Көркем еңбек» ғылымының бүгінгі таңдағы балаға берері технологиялық бұйымдарды жасау және өндіру кезіндегі ерекшелігі.Өндіру кезінде еңбек,қаражат,материал,уақыт шығындары аз және еш қиындықсыз көп данада өндіру мүмкін болатын бұйымдар технологиялық болып есептелетіндігін үйретеді.
«Көркем еңбек. Технология» сабақтары балалардың шығармашылық жігерін ашуға шеберлік деңгейінің шыңдалуына, әр жұмыста жетістікке жету жолын үйренумен қатар жасауға болады екен ғой деп толықтырады.
Бұл сабақтардан шығармашылық жұмысқа кірісе отырып,бұрын қасиетсіз тастанды нәрселерден әдемілік пен әсемдікті сезінеді және өзі жасап көруге талпынады. Балалар оқу мен тәжірибені ұштастыра отырып, өз ойларын қорыта дамыта түседі. Балалар кез келген бұйымды жасаудан бұрын,оның құрылымы туралы техникалық жоба үлгісімен танысады. Бұндай құжатқа бұйымның сызбалары мен оның технологиялық картасы жатады.
«Технология. Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз,балалардың сабаққа ықыласы төмен. Сонда балада білім болмаса,бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе,ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады. Бұл үлкен ойландыратын жағдай.
Еңбексіз өскен бала,ескексіз жүзген қайық деп,дана бабаларымыз бекер айтпаса керек.
А.Рудаки атындағы №23 ЖББМ КММ-нің
технология пән мұғалімі Хамдамов Музаффар
шағым қалдыра аласыз













