Көркем еңбек пәнінің маңызы
Адам баласының ақыл ойының дамыған заманында
«Еңбек» сабағы «Технология. Көркем еңбек» болып өзгеруде.Көркем
еңбек сабағының мақсаты: қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға
енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен
өнегелі тәрбие берудің тиімділігін
көрсету.
Көркем еңбек
сабағы балалардың шығармашылық жігерін ашуға
көмектеседі. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейін
жеткізудегі шыдамдылық төзімділік сияқты қасиеттерін
қалыптастырады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін
көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны
үйренуге талпынады. «Көркем еңбек. Технология» сабақтары балалардың
шығармашылық жігерін ашуға шеберлік деңгейінің шыңдалуына,әр
жұмыста жетістікке жету жолын үйренумен
қатар жасауға болады екен ғой деп толықтырады.
«Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және
күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Қазақтың ойшылы, ақын
Абай Құнанбаев «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек
керек, мал жұтайды,өнер жұтамайды», орыс жазушысы Лев Толстой
«Еңбектен басқа еш нәрсе адамның мерейін асырмайды»
деп жазды.
Адамзаттың Ұлы жаратылыстан дәл
бүгінге дейінгі кәсібі еңбек болып келеді. Демек,
адамды адам еткен – еңбек.Еңбек - адамның
тұрмыс-тіршілігінің және дамуының тірегі.
Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда
мұғалім ретінде байқайтынымыз,балалардың сабаққа
ықыласы төмен.Сонда балада білім болмаса,бір кәсіптік
бағытқа бағдар берілмесе,ондай бала ертең қоғамда
орнын қалай табады.Бұл үлкен ойландыратын жағдай.
Еңбексіз өскен бала,ескексіз жүзген қайық деп
дана бабаларымыз бекер айтпаса
керек.
Білім саласындағы кез келген пән қандай ортада
болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке
тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық.Көркем еңбек
пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына
ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни
бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып
табылады. Көркем еңбек сабақтарында оқушыларда өнер
сүйгіштік, талғампаздық, ұқыптылық, төзімділік, ізденімпаздық,
еңбекқорлық қасиеттері пайда болады. Сондай-ақ оқушылардың техника
мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет
элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.Баланың
бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты
қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру болып табылады.
Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық
үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып табылады.
Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол
қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім
беріледі.
Көркем еңбек – пәні география, бейнелеу
өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Технология
аттыжаңаинтегративтібілімсаласынмеңгеруоқушылардыңжалпыбілім мен
дағдынымеңгеруінемүмкіндікбереді, интеллектуалдық,
тұлғалық,этикалықдамуын,өзіндік,кәсіптікайқындалуын,қазіргі
әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз
етеді.Көркем еңбек пәні мұғалімі ретінде
оқушылармен ұлттық құндылықтарды ұлықтап, болмысымызды өзгелерге
насихаттау мақсатында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолында
жұмыс жасаймыз. Мұндағы басты мақсат бүгінгі ұрпақтың кешегі
ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық салт-сана, әдеп-ғұрып,
дәстүрдің тамаша үлгісін келешекке жеткізуіне дәнекерлік
жасау.Қолданбалы өнермен айналысу барысында оқушылар
қоршаған әлемнің таңғажайып көрінісі мен табиғат сұлулығын мата,
былғары, ағаш, киіз, жүн, қаңылтыр, тас, тері және тағы да
басқа материал беттеріне түсіру арқылы
үйренеді.
Тігу, қию, үлгі, нобай, сызбалар, эскиздер
дайындау барысында икемдері мен дағдыларын
қалыптастырады.Оқытылатын тақырыпты балалар толық түсінуі үшін
көркем еңбек пәнін оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың алдына
тақырыпқа байланысты орташа зат обьектілері болуы керек.
Мысалы: қолдан жасалған дайын бұйымдар мен оларды жасауға қажетті
материалдар, жіп, сазбалшық, ермексаз, жүн, мата түрлері, қағаз
түрлері, табиғи және жасанды терілер, фоамарин, пластик және табиғи
материалдар, сонымен қатар түйме, моншақ, сумоншақ, ілгек, атлас
таспалары сияқты қосымша материалдар да болуы керек. Балалар оларды
қолдарымен ұстап көріп, формасын анықтап, заттың формасы мен
көлемі, химиялық, физикалық, механикалық қасиеттері мен
ерекшеліктері туралы толық түсінік алады.
Ұлттық мемлекетіміздің ертеңі, болашағы
бүгінгі жас ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау
ерте замандағы ата-бабалар дәстүрі, әдеп-ғұрпы, мәдениетімен
сабақтастыра отырып, халықтың қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-
ұлағатты ұстаздардың бүгінгі абыройлы борышы десек артық айтпаған
болар едік. Осы орайда ұлы ойшыл Уильям Уордтың ой-толғауы еске
түседі. Ол: «Жай мұғалім – хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді,
керемет мұғалім – көрсетеді, ал ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген
еді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру арқылы өзінің мектеп қабырғасында
алған білімінөмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек.
Сол үшін де еңбекке баулудың негізі — «Өмірмен байланыс»
ұғымына құрылған деп ойлаймын.