Жоспары
І.
Кіріспе
1. Жобалау әдісінің шығу
тарихы
ІІ. Негізгі
бөлім
2.1. Көркем еңбек сабағында
оқушылардың жобалау іс- әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
шығармашылығын дамыту
2.2. Көркем еңбек сабағында жобалау
әдісін қолдану
ІІІ.
Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер.
Президентіміз Қасым-Жомарт
Кемелұлы: «Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл оймен
ғана озатын кезең келді. Бұл өркениеттің озық тұстарын ұлттық
мүддемен үйлестіре білуді талап етеді», – деп білім мен ғылымның,
сандық технологиялардың маңызын атап өткен.
Сондықтан білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде
өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын
қалыптастырады. Білім беру мазмұнын жаңарту – сапалы білім, жарқын
болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі
және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен
ұштастыру болып табылады.
Жобалау – «proicere» деген
латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе
жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика
саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында
да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс
жобасы, зерттеу жобасы, оқыту
жобасы т.б. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін
талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі
әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған
білімнің интеграциясын пайдалануы керек. Демек, жоба әдісі
оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп,
тауып, шешуі, өзіндік
жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы. Жобалап оқыту
технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге
келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка
философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У.Х. Килпатри
ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде
өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды
әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана
алатындай болу керек. [4,
63-65].
Жобалау
әдісі практикаға бағытталған,
оқушының өз бетімен жасаған жұмысын топтың және коллективтің
жұмысымен ұштастыру мүмкіндігін береді, оқушылардың қажетті
ақпаратты өз бетінше іздеуіне түрткі болады, табылған ақпаратты
дұрыс ұйымдастырып, оны басқаларға таныстыру үшін шығармашылық
фантазияның дамуын талап етеді.
Жобалау
әдісі оқушыны жан-жақты
белсенді етеді; оның интеллектуальді
сферасын, типологиялық ерекшеліктерін
және мінез- құлқын; қызығушылығын,
еңбекқор-лығын,табандылық, коммуникативті іскерлігін, сезімін,
эмоциясын оятады. Сабақтан және мектептен тыс жұмыс
істегендіктен оқушы
мен мұғалім арасында, оқушылардың өздерінің арасында түрлі оқу
және тәрбие ортасы қалыптасады.
Жоба — бұл «бес П» жобасы
арқылы жүзеге асады.
-
Проблема.
-
Жобалау
(жоспарлау).
-
Ақпаратарды іздеу.
-
Өнім.
-
Презентация.
Мұғалім шығармашылық жобамен жұмыс істеу
барысында жалпы:
— оқушыларға
қажетті ақпаратты табуға
көмектеседі;
— ақпарат
көзі болып өзі табылады;
— барлық
үдерісті үйлестіреді;
— оқушыларды
көтермелейді;
— оқушылардың жобалармен тиімді жұмыс жасауы үшін
қайта байланысты ұдайы қолдап
отырады.
Сонымен, жобаның тиімділігі –
көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске,
іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру
арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми
ізденіске жетелеуде.
Жобалаудың жалпы құрылымы
:
1) алдымен жобаның тақырыбын,
типін таңдау;
2) зерттеудің
маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу,
зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат
іздеу, шығармашылық шешімдер
қабылдау;
4) зерттеулердің,
шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы,
бақылау;
5) алған ақпараттары бойынша
талқыға салу;
6) қорғау.
[3,
63-65].
Неге оқушы жоба әдісін үйрену керек? Жоба
әдісі бойынша оқушы өз бетімен жұмыс жасай алады. Оқушы жұмыс
жоспарын өз бетінше құрып, егер де қате жіберсе, қатесін өзі көріп,
жіберген қатесінен үйрене алады. Қазіргі уақытта көп тапсырмалар
қиын, оны жалғыз адам шеше алмайды, сондықтан белгілі бір
тапсырмалар үшін жоба командалары құрылады. Бұл командалар белгілі
бір уақыт ішінде белгілі бір тапсырманы шешу керек. Әркайсысы
өзінің пәні бойынша білімін және бейімділігін жұмыста көрсетеді.
Жоба жұмысы жүру үшін кім, не, кіммен, қай уақытта, қалай жасайтыны
келісілуі керек. Тек қане, егер де әркім жоба жоспарын ұстанса, сол
уақытта ғана проблема шешіледі. Мектеп жобаларындағы жұмыс оқушыны
шыңдайды, болашақ мамандықтарының талаптарын орындай алатындай
етеді.Сонымен қатар, оқушы жұмыс тапсырмаларын бөліп, ұйымдастыра
алуға үйренеді, сөйтіп кез келген жұмысты орындай алатындай
шеберлік қалыптасады. [2,
63-65].
Мен өз сабақтарымда жобалау әдісін
пайдаланамын. Өйткені біздің көркем еңбек сабағы тікелей заттың
нобайын, эскизін, жобасын, планын жасау арқылы жұмыс жасалады. Мен
өзімнің жобалау сабағыма гипсті пайдаландым. Оқушылармен жұмыс
барысында керек құралдар: гипс немесе
гипс сылақ силиконнан жасалған қалыптар, композицияны сұйылтуға
арналған сыйымдылық ыдыс, алтын акрил бояуы. Таспалар (тәжірибеге
сәйкес, жіңішке ленталар; ең танымал жылы реңдер қызыл,
жасыл)
Жасау
тәсілі:
1.
Қолөнерге арналған гипс ерітіндісін
дайындау
1 кесе су,
1 кесе гипсі - суға гипс қосып қыл қаламмен
арластырамыз.
Кесек
болматындай сұйық болу қажет.
2. Сұйық
гипсты қалыптарға құйыңыз
Гипс - бұл
өте тез құрғайтын материал, сондықтан біз қарқынмен жұмыс істейміз.
Ойыншыққа арналған гипс ерітіндісін жоғарғы жағына дейін құйып жылы
жере қоямыз.
3.
Форманыың ішіндегі құйылған гипс тез қатады. Мүсінді қалыптан алып
тастаймыз. Кепкеннен
кейін гипс дайындамалары оңай шығарылады. Аюдың дайындеклорацияс
даын болды. Сипстан жсалған ойыншықтары бояумас бұрын, 01 наждакпен
сыртын қырып өңдеу қажет.
4.
Бояу: Гипстен жасалған мүсінді әшекейлеу үшін жартылай
құрғақ щеткамен акрил бояуымен бояу қажет, мүсін сыртын керекті
түспен бояп шығыңыз, сіз ойыншықты сәл алтындата
аласыз.
5-қадам. Қорытынды:
Жануарларды кептірілген мүсіндерін қосалқы бөлшектерден бояп
кептірген соң лак пен бояған абзал.
Қорытындылай келе айтарым, жоба әдісі шынайы
практикалық нәтижеге бағытталған проблемалық, зерттеу, іздестіру
әдістерін қарастырады. Дүние жүзінің барлық елдерінде жобалар әдісі
кең қолданылады, себебі, ол бір проблеманы шешу барысында
оқушылардың алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндіктерін
береді. Жобалау әдісінің басты
идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше
және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін
дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды
дамыту.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Секербекқызы С.Р. Жобалау және кейс технологиясы.
«Ұстаз үні».2007ж.
-
Полат Е.С. Білім саласындағы жаңашыл
мұғалімдердің ақпараттық технологиялары. «Академия», 1999
ж.
3.Пахомава Н.Ю. Проектное обучение – что это?//
Методист. №1, 2004, 50-54сс.
4.Э.Тұрдалиева, Ақынова Ж.Жобалау технологиясын
қолдану әдістері //Қазақ тілі мен әдебиеті. №5, 2006,
36-40бб.