Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Көркем мінез жарасады қыз балаға
Материал туралы қысқаша түсінік
қыздарға арналған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
1417
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«КӨРКЕМ МІНЕЗ ЖАРАСАДЫ ҚЫЗ БАЛАҒА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОЙТАЛҚЫ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «Көркем мінез жарасады қыз балаға»МАҚСАТЫ: Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу.ӘДІСІ: пікірлесуКӨРНЕКІЛІГІ:слайдБАРЫСЫ: Тәрбиеші сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! «Көркем мінез жарасады қыз балаға» тақырыбындағы сабағымызға қош келдіңіздер! Елбасымыз «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ », деген болатын. КІРІСПЕ: «ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ, РУЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ » осы бір нақыл сөзде қаншама мағана бар десеңші. Ия, ертеде ата-бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әр бір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Халқымыз ертеден қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Ертеде аналарымыз отбасы ошақ қасында, балаларының тәрбиесіне, ерінің қабағына қарап, сол үйдің түтін тұтатып отырған. Сол аналарымыздың арқасында еліміз ел болып, тәуелсіздігіміз тұғырына қонып, бүгінгідей ұрпақтың яғни қазақ халқының жер бетінде өмір сүріп жатқандығы деп білеміз. Бұрындары әкенің қабағына қарап сөйлейтін қыз. Қазақта «әкенің сөзі-оқ» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, киімнің әсем-сәндісін, әшекей бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын болған: жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, тағы басқа өнерді қыздарына үйреткен.
Сұрақ – жауап 1.Сіздердің кездеріңіздегі қазақ қыздары қандай еді? Әжелеріміз өзінің жас кезіндегі кейпін қалай сипаттап берер екен. Ой –пікірлеріңізге үлкен рахмет айта отырып, кезекті әсем әнге берсек. І - бөлім « Баланы бастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң » (бейнеролик және сахналық көрініс ) Тәрбиеші сөзі: Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та, ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздарымызда көп. Ия, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал. Осы өлең шумақтарының әр жолын жаныңда ұстағаның жөн, егер жақсы адам атанғың келсе, қызым: - Ей, қыздар! Ұшып қонып, жат қылыққа желікпе, Өнегелі өскен жанға елікте. Мода қуып боянғаннан түк шықпас, Ми болмаса, не тұр дейсің көрікте. Арақ пенен темекіге жуыма, Желікпеңдер ішкіліктің буына. Жын ойнаққа үйір болсаң опық жеп, Алданарсың алаяқтың қуына. Үйір болма мейрамхана, кафеге Сау басыңды ұшыратар қатерге. Өмір бойы өкінішпен өтерсің Бір ұрынсаң түзелмейтін қатеге. Көше кезіп жүрмеңдерші қаңғырып, Естіледі қыз жүрген жер жаңғырып Отырысқа күндіз кетіп үйіңнен, Келіп жүрме қисалақтап таңға ұрып. Өзің келіп жігіттерге ұрынба, Елең етсең, атың шығар қырымға Әзіл айтқан мас жастарға қадірің Жауап қатпа, есің болса бұрылма. Еске алыңдар бұл өмірдің сабағын, Жетілдіріп ой-өрісін сананың. Дұрыс, теріс жағын ойлап білсін деп, Барлық қыздар сабағына саламын. Тәрбиеші сөзі: Болашақ ана атанатын қазіргі қазақ қыздары сәнді деп батысқа еліктеп барады. Кіндігінен төмен шалбар, қолдарында шылым, ашық-шашық көйлектер қазақ қызының ұстанатын стиліне айналған тәрізді. Кейінгі кезде ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер де ұмытылып барады. Бүгінде бойжеткендердің жарым-жартылай жалаңаш, кіндіктерін жарқыратып жүре беруі етіміз үйреніп кеткен құбылысқа айналып барады. Дегенмен, мұны сән деуге келе ме? Өйткені, сән қуған кейбір қыздар өздеріне сондай үйлесімсіз, сорақы көрініп тұрғанын да байқамайды. Қазіргі күндегі қыздарымыздың үлкеннің бетіне қарсы сөйлеуі, сырт көріністің жалаңаштануы рухани жалаңаштыққа әкелмесіне кім кепіл? Сахналық көрініс: « Қыз тәрбиелеуде өкінген, Ана .» ІІ– бөлім “ Бүгінгі қыз бала, ертеңгі болашақ ана ” Ашық алаң (шақырылған қонақтармен көрсетілген көріністер туралы пікірлерін ортаға салу. Сұрақ-жауап, сұхбат ) Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған қонақтар, ата-аналар, жаңа өзіміз тамашалаған көріністер туралы ой – пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар. Сұрақ қонақтарға: 1. Әр ата-ана қызының иман жүзді болғанын қалайды, бірақ қазіргі заманда иманды жүзді қыз бала тәрбиелеуде қиындықтар бар, соны қалай жеңуге болады? 2. Жасөспірімдер арасында жасанды түсік жасату өте көп. Жасанды түсік жасатудың алдын-алу үшін ата-анаға қыздарға қандай кеңестер берер едіңіз ? Түсік жасатудың адам денсаулығына тигізер кесірі қандай? 3. Сідер қазіргі таңда сіздер ауылымыздың үлгілі деген отбасыларының бірісіздер. Сұрақ: Өздеріңіздің қыз бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізден бөліссеңіздер? 4. Саулеш Сатыбалдықызы. Сіз «Әйелдер кеңесінің » төрайымысыз. Сіздің жұмыс барысыңызда аналар арасында қыз бала тәрбиесіне байланысты шағым немесе келеңсіз жайттар кездесті ма? Айтып берсеңіз. Ой –пікірлеріңізге үлкен рахмет , кезекті әсем әнге берсек. Ортада «Жан Анам» әнімен Темірболатұлы Нұрлыбекті қошеметпен қарсы алайық. Бүгінгі біздің кешімізге арнайы келген қонағымыз бар. Қыздарымыз ата-анасын тыңдамай қателіктерге ұрынып жатады, кейде өзінің жасаған қателіктерінен сабақ алып та жататындары бар. . Яғни өзінің жіберген қателіктерін кейінгі сіңілілеріміз қайталамаса екен, сол қателіктің алдын-алуға кішкене болса да қол ұшымды берсем деп келген жұмбақ кейіпкерімізге құлақ салайық. ІІІ бөлім « Анаға қарап қыз өсер » (ата-ана, сынып жетекші, оқушылармен тренинг) • Мақсаты: ата-ана мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. • Қажетті құралдар; нақыл сөздер, ақ парақ, маркер. • Тренинг барысы: психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады.) • -Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар. Қош келдіңіздер! Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін “қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ” адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға үлкен мүмкіндік береді. Ата – аналарға жадынама: 1.Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз. 2.Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет. 3.Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз. 4.Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз. 5.Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз. 6.Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз. *** *** *** *** *** *** *** *** *** *** *** 12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес • Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені. • Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық. Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз. Қорытынды : Елбасымыздың : «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген сөздері ананың есінде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Бүгінгі кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. дейміз.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)