Көркем сөйлеу арқылы балалардың мәдениетін қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем сөйлеу арқылы балалардың мәдениетін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне , тәрбиешілерге қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Shape3 Shape2 Shape4 Shape1 Балалардың көркем сөйлеу мәдинетін қалыптастыру»

   

       Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзекті алатын жері-ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз яғни болашақ ұрпақ тәрбиесінің айналысатын қазақ тіл мұғалімдері халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты балаларымызды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымыз ойдағыдай жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс-тіршілігін жақсы біледі. Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы оның тілінен көрінеді, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын құрал. Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиетін, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалықта, басқа да өзгерістер біздің сана сезімізге өз деңгейінде келіп жетіп жалғасын табады. Тіл-ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, атын атай білуге қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын баланың шын тіршілігі. Ойын балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі. Келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, дидактикалық құрлыс ойындары, қимылдық ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын баланың тілін дамуына ықплын тигізеді.
         Тіл м
әдениетінің дамуына жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсілі. Өйткені, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы-ғажайып ертегілер мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өнер көзі. Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа баулып ой қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.
         Ойыншы
қтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар туралы жұмбақтарды жасырып отырса балалардың сөздік қорын молайтады. Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту өз ойын еркін жеткізуін қоршаған ортамен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Қазақ халқының салт дәстүрі әдебиеті келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Балалар ертегі тыңдап бір-біріне жұмбақ жасырғанда жаңылтпаш айтқанда тыңдағанды ұнатады.
          Халы
қ ауыз әдебиетінде ерекше орны бар. Баланың ойының ұшқыр қиялының өткір зерек болып тілінің бай, ертегілердің тигізер әсері мол. Өз тәжрибемде оқыту іс-әректі үстінде әр түрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып, өзіне тартуда қиынға соқпайды. Ертегілерді әр түрлі суреттер арқылы түсіндіріп аламын, киіпкерлерге қысқаша мінездеме беремін. Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйрету, тәрбиемен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу түрін дамытуда сөз құрастырып сөйлеуіне создік қорының молайуына аса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүние танымын кеңейтіп ойын өрісін тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиетінің алатын орны ерекше. Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын көркем әдебиетпен таныстыру арқылы жүзеге асыруға болады. 
          Баланы
ң тілін дамытудың негізгі көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып өтетін болсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суретті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы қызық, қорқыныш сезім тудырмайтын, халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Мысалы «бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық», шығармаларын ұсынуға сондай ақ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ тиятыры арқылы  өткізуге болады. Ол үшін алдын ала дайындық кезегінде рольдерді бөліп беру, әр киіпердің дауыстарын келтіріп, еркін ойнауға машықтандыру керек. Рольдерге болініп  ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есінде жатталып қалады.
          Ендеше
ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жанжандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты сыпайы алғыр батыл, зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық. Өйткені қазақтың халық ауыз әдебиетімен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие өнегесі көргенді болмақ.   

Shape6 Shape8 Shape7 Shape5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.10.2018
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі