КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТИЗМДЕР МЕН ҚАРАПАЙЫМ СӨЗДЕР
Мақалада көркем шығармалар тіліндегі диалектизмдер мен қарапайым сөздер туралы сөз болады. Диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданғандығы қарастырылады. Ойды бейнелеп көркем жеткізуде кейіпкер тіліндегі диалектизмдер мен қарапайым сөздердің атқарар рөлі ерекше екеніне көз жеткіземіз. Олардың әрқайсысы өз зерттеу нысаны бойынша түрлі аспектіде қарастырылады.
Тірек сөздер: Диалектизм, қарапайым сөздер, әдеби тіл, этнография, лексика, семантика, стиль.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер кейіпкер образын жасау ашу үшін, жергілікті халықтың ерекшелігін көрсету үшін қолданады. Қаламгерлер кейіпкерлердің аузына диалектизмдерді көркемдік мақсатта салады. Диалектілік ерекшеліктерді орнымен қолданбаса, әдеби тілді шұбарлайды.
Академик Ә. Қайдаров: «Тілде қанша сөз болса да, ол тек қоғам мүшелеріне қажеттілігінен ғана дүниеге келген, ал олардың бәрі бірдей ғасырлар бойы сақадай сай сайланып тұруы мүмкін емес. Дегенмен, бір заманда ғимараттың бейне бір кірпіші тәрізді өзіне тілден орын тапқан сөздердің сол ғимарат тұрғанда басы артық болмаса керек», – дейді [1, 12 б.].
Ғ. Қалиев пен Ш. Сарыбаев диалект деген терминге мынадай анықтама береді: «Жалпыхалықтық сипат алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекеленген аймақ, территорияны білдіреді» [2, 4 б.].
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық тілінен алып пайдаланады дедік. Сондықтан онда жалпыға ортақ біртұтас әдеби тілмен қатар белгілі бір территориялық аймақта ғана айтылатын жергілікті диалектілік ерекшеліктер де кездеседі. Диалектілер көркем шығармада белгілі үш себепке байланысты қолданылады:
-
Жазушы тілінің жұтаңдығынан әрі сөзді таңдап, талға, саралап қолданбай зәруліксіз қолдану;
-
Стильдік мақсатпен әдейі қолдану;
-
Әдеби тіл лексикасын молайту.
Диалектизмдердің қолданылуы туралы Д.Е. Розенталь былай дейді:
«Сфера использования диалектизмов – художественная литература, где они служат для реалистического изображения быта (создания «местного колорита»), речевой характеристики действующих лиц, а так же в качестве средства выразительности» [3, 76 б.]. Сондықтан орынды, белгілі бір мақсатқа сай жұмсалған диалектизмдерді шығармалардан біршама кездестірдік. Өз замандастарының тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттеген шағын әңгімелерде диалектизмдерді авторлық түсініктемеде (ремаркада) және көбінесе кейіпкер тілінде жұмсалған.
Мысалы:
– Орал – деді шешем, шоланда бір меске сүт пісіп тұр еді, алып
келші (О.Б., 294-б.).
Осы отырған жерінде тарпынды шығарайын ба? (О.Б., 256-б.)
Берілген мысалдардағы шоланда, тарпынды деген жергілікті тіл ерекшеліктері кейіпкер арқылы берілген. Сол арқылы автор жергілікті жердің тіл ерекшелігін сақтаған.
Шығарма кейіпкерлерін неғұрлым шынайы, нанымды көрсету жолында олардың сөзін өз оратсына сай берген. Белгілі ғалым М.Серғалиев «Сөз сарасы» атты еңбегінде көркем әдебиет тілін құрайтын екі компонент туралы, яғни авторлық баяндау тілі мен кейіпкер тіліне қойылатын талаптар туралы айтады. Ғалым авторлық баяндауда кз келген сөзді қолдана берудің реті жоқ екенін, әдеби тілдің мысалдары мен үлгілерін шығарманың авторлық бандау бөлімінен іздеуіміз керек дей келе авторлық баяндауға жоғары талап қояды [4, 198 б.].
Жергілікті тіл ерекшеліктері кейде авторлық баяндауда да кездеседі. Жергілікті сөздерді автордың өз баяндауында қолданудың негізгі мақсаты әдеби тілде баламасыз диалетизмдермен әдеби тілді байыту. Егер осындай мақсатта қажеттілкпен қолданылған болса, ол орынды қолданысқа жатады.
Тарлығының танауы жыбырлап күйтектік алғашқы кезегінен дәл -етеді (О.Б., 8- б.).
Кешкісін қойшының жәрдемелері төлдерді енелерінен бөліп, күргейлеп әкеп, төл қораға кіргізді (О.Б., 46-б.).
Сол адамның қомағай қарашығынды мүйізден айрылып пұшайман болар жасбұғы да тулап, тұтқында тұрған екен (О.Б., 63-б.).
Кербұғы сол діңгектің түбінде, дүбәрә алаңда қалды (О.Б., 18-б.).
Рас, бой-бой боп терлеп лақатын әзірлейді (О.Б., 68-б.).
Күйек (Алм., Жам.) күзде туған қозы: Қаумалау (Қ.Орда., Арал., Қаз) шөмелеу: Күргейлеу (Алм., Шел., Еңб.) қаумалау, қамажаулау: Пұшайман (Қарақ.) зәбір, қысым: Дүбәрә (Орал, Гап., Жылп., Қара.) ерте туған бұзау: Лақат (Ауғ., Ир.) алқа деген тіл ерекшеліктері автор арқылы берілген.
Сонымен қатар, қаламгер кейіпкерлерінің белгілі бір өңір тұрғыны екенін білдіру үшін, кейіпкер тілінің нанымды шығуы мақсатында жұмсаған.
Жергілікті тіл ерекшелігіне жататын азан, ақ сөңке, тәте сөздері кездесті: Азаннан кешке дейін осы қимылмен-ақ бітіріп тастайды (О.Б., 27-б.). Қол созым жерде ақ сөңке боп бықып жатқан арша анау...(О.Б., 40-б.) бұл сөйлемдердегі азан (оңтүстік өңірде) таңертеңгі уақыт, ақ сөңке орман ішіндегі қураған бұтақ, тал, бос ағаштар деген мағыналарында жұмсалған.
Жолға дайындалу керек. Білгендей-ақ тәтеме монша жағып қой деп едім (О.Б., 28-б.). Алтай өңірінде апа, шешеге қарата айтылатын тәте сияқты жергілікті тіл ерекшелігін кейіпкер тіліне әдейі салған.
Берілген сөйлемдерде жергілікті жердің фонетикалық ерекшеліктерінде көрсеткен. Фонетикалық ерекшеліктерге кейбір сөздердің не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылуы жатады. Солтүстік-батыста көбіне айтылатын біраз сөздер оңтүстік-шығыста жіңішке айтылады.
Осыған байланысты шығармаларда фонетикалық ерекшеліктерге байланысты жіңішке айтылатын сөйленістерді де байқадық.
Көркем шығармаларды талдауда кездескен сөйленістердің фонетикалық ерекшелігін төмендегідей топтастырдық:
Дауысты дыбыстардың алмасуы;
ә/е . Әлбәттә – әлбетте.
-
Әлбәттә, әлбәттә. Жүд-дә дұрыс! – деді сақал сауған шалдар бас шұлғып (О.Б., 67-б.).
Кейіпкер сөйленісіндегі жүдә күшейткіш үстеу мәнінде қолданылып, сөздің экспрессиялық қуатын арттырып, кейіпкердің жақсы сезім-күйде отырғандығын байқатты.
Жүдә (өте), әлбәттә деген оңтүстік сөйленістеріне өзбек тілдері арқылы енген.
Жазушы диалектілік ерекшеліктерді көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады.
Көркем мәтіндердегі жергілікті сипаттағы лексикалық ерекшеліктерді өз ішінен бірнеше топқа жіктеуге болады:
-
нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;
-
семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
-
этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары. Мұндай этнографиялық жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
-
фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймақа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Жергілікті еркшеліктер жалпы көпшілікке бірдей таныс болмайтындықтан, олардың көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі болып келді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнынан, суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты.
Жазушы шығармаларындағы диалектілік лексиканы төмендегідей тақырыптық топтарға бөлдік:
1. Үй құрылысына, шаруашылығына байланысты атаулар: 1. Қораның қоршауы. (Шымк., Арыс., Жамб., Мер.). Дуалға сүйеп қойған қаптың артын, ошақ жанындағы бүктетіліп жатқан алашаның астын, тіпті есік алдына шығып үюлі отынның маңын да сипалап қарап көрді (О.Б., 318-б.). Ырдуан. Пар өгіз жегетін жіңішке үлкен арба (Жезқ., Ағад.; Көкш.: Қ.ту, Еңб.). Жүре алмайтын қойдың бәрін салып алу үшін өгіз жегіп ырдуан жіберсін, – деді (О.Б., 79-б.).
2. Туыстық атауға байланысты: Әпше// әпке. Апа (Шымк., Сарыағ.). Ол бәрін құшақтап тұрып, ұзақ-ұзақ сүйді. Әсіресе шашы жалбыраған шынашақтай қара қызды құшақтағанда, ол келіп: «Әпше, әпше», – деп жылағанда мұның кәдімгідей көңілі босап, даусы шығып кетті (О.Б., 367-б.).
3. Бау-бақша егісімен байланысты: Бәдірен. Қияр (Оңтүстік аймақта). Қазір сол шалдардың өзі жусан жерлерін айдатып тастап, орнына бәдірен дей ме, кәпөсте дей ме, қайдағы бірденелерді септі де тастады (О.Б., 316-б.). Кейіпкерлердің сөз саптасын көрсету үшін жергілікті тіл ерекшеліктерін стильдік мақсатта қолдану үрдісін аталмыш жазушылар повестерінде өз орнымен қолдана білген деп айта аламыз.
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық тілінен алып пайдаланатындықтан онда жалпыға ортақ біртұтас әдеби тілмен қатар диалектизмдер мен қарапайым сөздер сияқты сөйлеу тілінің элементтері кездесетіні белгілі. Оралхан өзі қолданған көпшілікке таныс емес сөздерге қосымша анықтама бере кетеді немесе контекст арқылы қандай мағынаны білдіретіні түсінікті болып отырады. Жазушы әрдайым стильдік жүк арқалаған сөзді таныстырып жұмсау мақсатын ұмыт қалдырмайды. Әспенсу, аңқиттау, әнейі, шербек, желемік, най, сұламалану, сымбыл, бірсін-бірсін, қапалаң-қапалаң т.б. сөздер мағыналық жақтан түсінікті жұмсалған.
О. Бөкей ерекшелігі диалектілік сипаттағы кәсіби сөздерді өнімді қолдануда көрінеді. Жазушының бау-бақша егісімен айналысатын оңтүстік аймақтағы тұрғындардың тілінде қолданатын әр түрлі атауларды (торлама, басыпалды, кемпірқауын, құлақ арық т.б.) орнымен пайдалануы – әдеби тіл лексикасын қажетті кәсіби сөздермен байыту, жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне көтеру.
Қазіргі қазақ тіл білімінде лексикалық әрі стильдік категорияның бірі – қарапайым сөздер. Қай тілдің болмасын лексикасындағы қарапайым сөздерді нақтылы ажыратып көрету үшін, алдымен сол тілдің сөйлеу тілі нормасы мен әдеби нормасының аралық шекарасының өзі айқын да нақтылы түрде көрінуі керек. Мұның өзі сол тілдің жазба мәдениетінің, ұлттық жазба әдеби нормасының қалыптасу, даму дәрежесіне тікелей байланысты.
Қазақ тіл білімінде лексиканың бұл тобы көп зерттелмегенімен, қарапайым сөздер турасында айтылған пікірлер бар: «Қазіргі қазақ тілі» курсында: «Сөйлеу тілінде қолданылатын, жазба әдебиетте қолданылмайтын, әдеби тіл нормасына сай келмейтін жай дөрекі сөздерді қарапайым сөздер дейміз», - деп берілсе, М.Балақаев: «Қарпайым сөз - жалпы халықтық сөйлеу тілінің кейбір әлеуметтік ерекшелігі бар тілдік нұсқалар. Олар әдеби тіл нормасына жатпайтын, көбінесе дөрекі, жасық, дөкір сөздер болып келеді, мысалы, «қатын алу» (үйлену), «кембағал» (кедей, жарлы), «шүйке бас» т.б.»[5],- дейді. Іңісі арғы ауылдан біреудің бүлдіршіндей жас қызын алып, ұлы жіңгір ой жасап жатқанда: «Өзі болған қыз төркінін танымас» деп, бізбен ақылдаспай қатын алып отыр ғой. Бармаймыз!» - деп үш рет ат сабылтып кісі жібергенде, аяқтарының басын қайқайтып жатып алған (О.Б., 243-б.).
Қарапайым сөздер деп, сөйлеу тілі элементі ретінде келіп жалпы халыққа түсінікті әрі әдеби нормаға жатпайтын, сөз мәдениеті төмен адамдада кездесетін, басым көпшілігі тұрпайы болып келетін экспрессивтік-эмоционалдық реңкі бар сөздерді, сөз тіркестеін, грамматикалық тұлғаларды атау қажет.
Қарапайым сөздердің күрделі табиғаты мен өзіндік ерекше қасиеті сөйлеу тілінің басқа элеметтерімен салыстырғанда көрінеді. Қарапайым сөздердің диалектизмдерден негізгі айырмасы – олар белгілі бір территорияда ғана емес, жалпы халыққа түсінікті болып келеді. О.Бөкей шығармаларында қарапайым сөздер көбінесе ұрсу, көңіл толмау мағынасында жұмсалады: Мысалы, қараң өшкір, кәззап, жайрағыр, көктей солғыр, мойының астыңнан кегір, қарасан келгір, тапырақтап, жыланба, жәпілдеген, албасты, бетпақ, салдақты, сұрқия, миғұла, сүмелек, оттама, қызталақ, ноқай, малғұн, шірік неме, қу кетік, иттің баласы т.б. Бұл сөздер жалпы оқырманға түсінікті болғанмен контексте дөрекі семантикасы бар сөздер.
Қарапайым сөздердің диалектизмдерден және бір ерекшелігі стильдік қолданысынан көрінеді. Көркем шығармаларда диалектизмдерді қолданғанда автор не персонаждың қай жақтың тұрғыны екенін ажырату үшін алады, немесе әдеби нормаға әбден сіңісіп орныққандықтан оны қолданбай тұрмайды. Сондықтан диалектизмдерді қолдану шала сауттылықты, мәдениетсіздікті немесе әдеби тіл нормасынан аулақ деген пікір келтіре қоймайды. Қарапайым сөздердің басым көпшілігі тұрпайы болғандықтан, автор қолданғанда персонаждың ой-өрісін, сауттылығын, мәдени дәрежесін, қысқасы, кейіпкер характерін ашып бере алады. Мысалы: Еркіннің ең соңғы естігені, ат айдап отырған Оспанның «әкеңнің ауызын, не оттап тұр» дегені болатын (О.Б., 104-б.) деген штрихамен-ақ О.Бөкей Оспан деген кейіпкерінің мәдениетсіздігі мен дөрекілігін, бүкіл характерін ашып отыр. Совет өкіметінің алғашқы құрылған жылдарында мамандардың жетіспеуінен уақытша болса да ауылнай сайланған шала сауатты әрі көңіліне жақпағандарды кінәсіз болса да еріксіз көндіруге тырысатын дөрекі мінезді Оспаннан мұнан артық күтуге де болмайтын еді.
Мұнан басқа тұрпайы мағынада қолданылатын сөйлеу тілі элементтерінің бірі – вульгаризмдер де жазушы шығармаларынан көрініс тапқан. Вульгаризмдер – тікелей эмоциялық мәні, яғни адамның ренжу, өкіну, ашуланғандағы кері (отрицательный) эмоцияны білдіретін тұрпайы мәні мейлінше басым болып келетін абстрактілі сөздер.
Мысалы: - Сәлем беруге жарамай аяғының басын қайқайтып жатып алды, енеңді ұрайынның! (О.Б., 50-б.)
-
Әй, әкеңнің аузы кегіңді, кем-кетігіңді санап алайын деген
екенсің, оң көзім сау, жалғызымен-ақ екі қолым қос дүниеде жағаңда кетер! (О.Б., 30-б.)
-
Атаңа нәлеттер-ай, тыйым салсам да тыңдамапты-ау ...
(О.Б., 60-б.)
-
Әй қарғадай қызда не әкеңнің құны бар. Сенсіз күнім қараң қалса да тайып тұр (О.Б., 25-б.).
-
Аспаннан былғары жауса, құлға оқшантайлық тимейтіннің кері
болды, қатын, - дейді Қожа кәдімгідей кейісті түрде. – Жалғыз қызымыздың сақау болуы санымызды талай соқтырар әлі. Еркек бала емес «әкеңнің аузын уйайын, мал бейшем тимегеніңді көйейін» деп, ат үстінде шіреніп тұрып алатын, қызың сақау деп, бетке асып айттырмай қоя ма деймін (О.Б., 246-б.).
-
Әкесінің аузын ұрайын! Байға тимесе-тимей-ақ қойсын (О.Б., 265-б.). Мұндай сөздердің бірен-сараңдары болмаса, басым көпшілігінің әдеби варианттары болмайды.
Сонымен, О. Бөкей шығармаларында кейіпкерлерінің бейнесін анағұрлым шындыққа жанастырып ашу үшін, кейіпкерлер тіліне баса көңіл бөлінген. Кейіпкерлердің мінезі, сөйлеу ерекшеліктері олардың ішкі жан-дүниесіне байланысты беріледі. Кейіпкерлер тіліндегі сөйлеу тілінің элменттерін шеберлікпен жұмсайды. Ойды бейнелеп көркем жеткізуде кейіпкер тіліндегі диалектизмдер мен қарапайым сөздердің атқарар рөлі ерекше екеніне көз жеткіздік.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы, 2004. – 560 б.
2. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. – Алматы, 1967. – 175 б.
3. Розенталь Д. Практическая стилистика русского языка. – М., 1977. – С. 315.
4. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. – Астана, 2006. – 369 б.
5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы, 1984. – 72 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз