Материалдар / Көрнекілік құралдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көрнекілік құралдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Картотека мезгілдерге арналган
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
937
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Серуен №1


  1. Бақылау: Табиғатты өзгерістерді бақылау

(жел, салқын, жаңбыр,қар т.б.)

Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғарып айта білуге баулу. Олардың жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отыратынын білгізу.

  1. Қимылды ойындар: «Шеңберге дәл түсір»

«Тышқан мен мысық»

  1. Жеке жұмыс. Өздерінің білетін тақпақтарын жатқа айтқызу.

  2. Еңбек: Ойын алаңымызды жинастыру.

  3. Көркем сөз: Жыл мезгілдері туралы тақпақтар. Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңдері.

  4. Жоғарыдан төмен қарай өрмелеу




Серуен №2

Алғашқы қыстын белгілерін бақылау.

Мақсаты: Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

Тапсырма: бұлттың суретін салу.

Көркем сөз

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.

Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, секіруге жаттықтыру.


Балалардың дербес ойындары



Серуен №3


1.Бақылау: Салқын аязды күнде қарды бақылау.

Мақсаты: Қар салқын аязды күні жауса аяғыңды басқан жерің

сықырлап, күннің салқын екенін сездіреді.Балалар айтыңдаршы

қандай күндерде қардан мүсін жасауға болады? Балалар сұрақтарға

жауап беруге талпынады.

2. Қимылды ойындар:«Кімнің жалаушасы?»

«Эстафеталық ойындар»

3. Еңбек. Аққала жасауға қарды үйіп жинастыру, жинаған қар

үйіндісінен түрлі мүсіндер жасау.

4. Жеке жұмыс.2 – 3 баланы сапта жүруге,сапта жүгіруге үйрету

5. Көркем сөз. Қарағайда, қайың да,

Қызыққандай ойынға.

Ертең жарыс болады.

Шаңғыға дос дайында

(Т. Молдағалиев)

Жаңылтпаш: Аязды күнде мінбеген,

Аязы жерге тимеген.




Серуен №4

  1. Бақылау: Қардағы түрлі іздерге (үлкен, кіші) зейін аударып бақылату. Қарға түскен іздер түрлі екен балалар үлкен іздер үлкен адамдар жүріп кеткен жерлерден көруге болады, ал кішкене іздер сендердің іздерің.Балалар жан-жануарлар іздері адам іздерінен өзгеше болады түсінік беру.

  2. Қимылды ойын:«Жел мен қаршықтар»

Екеуден шанамен сырғанау.

  1. Жеке жұмыс: Қар үйінділерінен 1-2балаға мүсінді бейнелеп

беруге үйрету.

  1. Еңбек: Қуыршаққа сырғанақ жасау

  2. Көркем сөз: Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалады артта қыр алап,

Іздерінен қар ұшып.





Серуен №5


  1. Бақылау:Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: Құстарға қыста тамақтанудың қиындығын көрсету, олардың тоңып, бүрісіп отырғандарына көңіл аудартып, оларға деген аяушылық сезімдерін ояту. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

  1. Қимылды ойын: «Қаздар мен қасқыр»

«Шанамен жарыс»

  1. Еңбек: құстарға қомқорлық жасап жем шашу.

  2. Жеке жұмыс: Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса, қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар. жаттау

  1. Көркем сөз: Қандай құсты білесің? М.Зайтов.

Торғай отыр томпиып, Ұзақ отыр үңіліп,

Құйрықтары шолтиып. Қарға қарар түңіліп.

Сауысқаның сақ отыр, Байғыз зарлап жылайды,

Жапалағың тағы отыр. Екі көзі жұмылып.



Серуен №6

  1. Бақылау: Адамдардың қысқы еңбегін бақылау.

Мақсаты: Адамдардың қысқы еңбегінің өзгешеліктерін көруге баулу. Аула тазалаушы қарды тазалайды, адамдар үйлеріне от жағады, отын әкеледі, кеседі. Малдарына, құстарына азық береді. т.б.

  1. Жеке жұмыс: 2-3 балаға мақал жаттату.

Еңбек етсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

  1. Қимылды ойын: «Шанамен жарысу»

«Дәл түсір»

  1. Еңбек: қардан қамал жасау, қажет емес қарларды үйіп, ойын алаңын тазалау.

  2. Көркем сөз: Қ. Жұмағалиев. «Ақ қырау».

Ертеңгісін байқадым,

Жердің беті ақ қырау.

Дәл маржан деп айтамын,

Төгілуге шақ тұр-ау.



Серуен №7

  1. Бақылау: Қардың жауғанын бақылау.

Мақсаты: Қардың жерге түскендегі қалықтаған, дыбыссыз әсемдігін көруге , сезінуге баулу.

  1. Қимылды ойындар: «Қармен атысу»

«Аққала жасаймыз»

  1. Жеке жұмыс: 2-3 балаға қардан түрлі бейнелер жасауды үйрету. (аю, қоян, гүл, кесе.т.б.)

  2. Еңбек: Балабақша теліміндегі қарды жинау.

  1. Көркем сөз: Б.Жақып. «Сырғанақ»

Біз тебеміз сырғанақ,

Таудан төмен сырғанап.

Бір шанада екеуміз,

Құламайды екенбіз.

Балалардың дербес ойындары






Серуен №8

  1. Бақылау: Аязды күндерді бақылау.

Мақсаты: Терезедегі ою-өрнектерді көрсету арқылы аяздың қаттылығын айту. Қардың жүрген кезде сықырлауы да аязды күні қатты естілетінін аңғарту.

  1. Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттату.

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

  1. Еңбек: Балаларды қарды күрекпен жинауға, жоғарыға жаймен

үйіп, төмпешік жасау. Сырғанақ жасауға үйрету.

4. Қимылды ойын: «Шанамен жарыс» , «Арқан тартыс»

  1. Көркем сөз. Аппақ көше, бар дала,

Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

Балалардың дербес ойындары






Серуен №9

  1. Бақылау.Торғайларды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгілінде неліктен торғайлар бүрісіп тұрады? Олар тоңбас үшін не істеу керекпіз? сұрақтарына жауап беруге үйрету. Құстарға қамқорлық көрсетіп, қорғауға тәрбиелеу.

  1. Қимылды ойын «Торғайлар мен машина»

«Шеңберге түсу»

  1. Жеке жұмыс: 2-3 балаға торғай туралы тақпақ жаттату

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын неге қонбайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.

  1. Еңбек:Құстарғатамақ беру.

  2. Көркем сөз: Торғай-торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі томпайып,

«Шиқиқ» десіпотырады.




Серуен 10

  1. Бақылау: Қарды бақылату.

Мақсаты: Қарды қолға ұстап, салқын екендігін, неге ұқсайтындығын көрсету. Ақ ұлпа қардың жұмсақ, жеңіл, салқын екенін сезіндіру. Қарды қолға ұстаса алақан жылуына еріп суға айналатынын көзбен көрсету және жұмсақ қардан түрлі бейнелер жасалатынын айтып түсіндіру.

  1. Қимылды ойындар: «Қане қолымыз қайда»

«Кім тапқыр?» қардан түрлі бейнелер жасап жарысу.

  1. Еңбек: Қақпа жасаймыз.Қатты қарлардан қақпа және қорғандар жасау.

  2. Жеке жұмыс: Алақанда қар қалай тез еріп кететінін тәжірибе жасатып жеке-жеке көрсету.

  3. Көркем сөз: Лебі мұздай ызғарлы,

Алып келді қыс қарды.

Қысқа күндер ұзарды,

Ұзақ күндер қысқарды.

Қарашада қар көп болсын.

Желтоқсанда жел жоқ болсын.


Серуен №11

  1. Бақылау. Боранды желдің көтерілуін бақылау.

Мақсаты: Боран қандай жағдайда болады? Қысты күндердің сықырлаған аязы мен азынаған бораны болады. Қатты жел болғанда қар борап борандатып көтерілетінін түсіндіру.

  1. Қимылды ойындар: «Тауық қорадағы түлкі».

Шанамен таушықтан сырғанау.

  1. Еңбек: Қарды күрекшемен аршу.Қар тазалауға арналған арнайы техникалар болатынын түсіндіру.

  2. Жеке жұмыс: 1-2 балаға жыр бұлақ жаттату.

Қаңтар-қатулы болмасын.

Ақпан-ашулы болмасын.

  1. Көркем сөз: Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала.

Балалардың дербес ойындары



Серуен 12

  1. Бақылау. Қысқы ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Қыстағы ауа райы салқынды, боранды, аязды болатынын. Бүгінгі ауа-райын айтыңдаршы. Балалар қысқы күннің ерекшеліктерін айту.

  1. Қимылды ойындар: «Тондырамын».

Шанамен екі-екіден сырғанаймыз.

3. Жеке жұмыс: Қыстың үш айын үйрету, ерекшеліктерін түсіндіру.

4. Еңбек. Күрекпен қарды жинау, аула сыпырушы атаның еңбегін құрметеуге тәрбиелеу.

5. Тақпақ жаттау. Ертеңгісін байқадым,

Жердің беті ақ қырау.

Дәл маржан деп айтамын,

Төгілуге шақ тұр- ау.

Халық болжамдары: Мысық жылы жерді паналаса-аяз болады.


Балалардың дербес ойындары




Серуен №13

  1. Бақылау. Терезедегі аяз салған оюларды бақылау.

Мақсаты: Терезеге оюды аяз қыстың суығын білдіріп әдемі өрнектермен безендіреді,оюлар әр түрлі бейнелерге ұқсайды. Мысалы мына ою атқа ал мынау сырғаға ұқсап тұр. Сендер неге ұқсатып тұрғандарыңды айтыңдаршы.

  1. Қимылды ойындар:«Ақ серек, көк серек »

«Шана жарысы».

  1. Жеке жұмыс. Қарды нысанаға тигізіп лақтыру. (2,5-2метрден)

  2. Еңбек: Қардан оқтар жасау (лақтыру).

  3. Көркем сөз: Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.(Аяз)

Қыс болса құрып өрмегін,

Салады небір өрнегін. (Қырау)





Серуен №14

1. Бақылау. Топ алаңына келген құстарды бақылау.

Мақсаты: Құстардың қарға салған іздерін қарап, қарды тұмсықтарымен шұқылап жем іздегендерін тамашалау.

Жемсауыттан жем жегендерін бақылап үркітіп алмау.

2. Қимылды ойындар: «Көңілді үшеу»-шанаға екеуден отырып сүйреу, «Қайда тығылды?»

«Қуыспақ»

3. Жеке жұмыс. Ойын-жаттығу:Шаңғының қимылын салып жүру.

4. Еңбек.Жолды қардан тазалау, кішкене күрекшелермен жұмыстану.

5. Көркем сөз: Тал басында

Түндіксіз отау.

(құстың ұясы)

Жаңылтпаш: Тасқа қара қарға қонды,

Қара ала қарға талға қонды.


Серуен №15

1. Бақылау. Аулада ұшып жүрген құстарды бақылау.

Олардың тіршіліктерін байқау, қарға калай тамақтанады? Олар қайда тұрады өздеріне тамақты қайдан алады деп ойлайсыңдар? Балалар өз ойларын айтады.

2. Қимылды ойындар: «Көңілді үшеу»-шанаға екеуден отырып сүйреу,

«Қар лақтырысып ойнау»

3. Жеке жұмыс. Ойын-жаттығу: «Би қимылдарын үйрету, денелерін қозғалту музыка бойынша».

4. Еңбек.Өздерінің жүретін жолдарын қардан тазарту.

5. Жұмбақ жасыру.

Бір құс бар,үлпілдеген жүні жұмсақ,

Тұяғы бейне болат алмас пышақ

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.

(Үкі)

Балалардың дербес ойындары



Серуен 16

1.Бақылау. Аспанды бақылау.

Мақсаты: Аспанның түсіне ұқсайтын заттарды атату. Оның түсі

кейде өзгеріп тұратынын айту.Бұлтты және шуақты, ақ бұлт, қара

бұлт болса, қар жауатынын немесе қатты боран болатынын түсіндіру.

2. Қимылды ойындар: «Қарды кім алысқа лақтырады?»,

«Бұлттар болып үйіріл де жазыл» шеңберге тұрып ойнау

3. Жеке жұмыс. Ойын-жаттығу: «Лабиринт бойынша жүру,

саппен жүру».

4. Еңбек.Қарлы төмпешіктің үстіне қар лақтыру.

5. Көркем сөз: Жұмбақ жасыру.

Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп.

Жас та сыйған, кәрі сыйған,

Астына оның бәрі сыйған.

(Аспан)


Балалардың дербес ойындары

Серуен №17


1. Бақылау. Темір жол бекетін бақылау. Поездың жолдарын, темір жол деп атайды, өзінің тоқтайтын бекеттері бар және сағаттарға байланысты жүретінін балаларға түсіндіру.

Поездың өзінің бағдаршамы бар қызыл жанса, яғни поездар жақындады дегенді білдіреді..

2. Қимылды ойындар: «Көпірден өт»,

«Темір жолмен жүр»,

«Жолдың жиегімен жүгір»

3. Жеке жұмыс.Машинисттер туралы әгімелеу олардың өте жауапты жұмыс екенін түсіндіру.

4. Еңбек. Өз киімдерін ретімен мұқият киінуге, бауын байлауға жаттықтыру.

5. Көркем сөз.Жұмбақ. Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр.

(Бағдаршам)

Балалардың дербес ойындары




Серуен №18


  1. Бақылау.Суықторғайды бақылау.

Мақсаты: суықторғайдың тамақтануын бақылата отырып оның сыртқы түрінің қай құсқа ұқсайтынын білдіру.

  1. Қимылды ойындар: «Дәл түсір» ,

«Кім алысқа лақтырады?»

  1. Жеке жұмыс. Балаларға қыстап қалатын құстардың атауларын үйрету..

  2. Еңбек. Құстарға жем шашу.

  3. Көркем сөз. Торғай, торғай тоқтаған,

Торғайды торғай мақтаған.

Бір торғай ұшса боранда,

Бәрі жабылып жоқтаған.

Балалардың дербес ойындары


Серуен №19

1. Бақылау. Транспортты бақылау.

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін толықтыруды жалғастыру. Оларды тануға , айырып атауға үйрету. Соның ішінде автобусты бақылату және олардың әртүрлі болатынын көрсету. Жол жүру ережелерін де қайталату.

2. Қимылды ойындар: «Өз орныңды тап»,

«Жүргізуші мен жаяу адам»,

3. Жеке жұмыс. Екі-үш балаға автобустағы мәдениеттілікті үйрету.

4. Еңбек. Алаңды жинау. Тазалыққа дағдыландыру.

5. Көркем сөз: М Жаманбалинов. «Автобуста»

Демалыс күн. Автобуста көп халық,

Отырды олар базарда да топталып.

Жалғыз үйрек қорапшаға салғаны,

Мінді кенет шал есіктен алдағы.

Тұмшаланған құстың басын ашты да,

Қоя салды орындықтың астына.

« Азаматтар.Алға қарай барыңдар.

Азаматтар. Кәне, билет алыңдар» -

Деген сөзге үйрек сонда елеңдеп,

Га-га-лайды: «Мен билетсіз келем» - деп.


Серуен №20


1. Бақылау. Ағаштарды бақылау.

Мақсаты: Шыршаны басқа ағаштармен салыстыру

арқылы ағаштардың ауа райына байланысты өзгеруін бақылату кезінде олардың атауы, пайдасы туралы түсінік беру. Жапырағынан танытуға үйрету.

2. Қимылды ойындар: «Өз ағашыңды тап»,

«Қуыспақ».

3. Жеке жұмыс. Екі-үш балаға ағаштың пайдасы және оны күту туралы ақыл-кеңес беру.

4. Еңбек.Қар тауын жасауды бітіру.

5. Көркем сөз. Жылыстайды даламның

Ақ түнекті бораны.

Түйіп алып қабағын,

Басып қалды қораны.


Серуен №21

1. Бақылау. Құстарды бақылау.

Мақсаты: құстардың аттарын атап үйрету. Торғай мен сауысқанның айырмашылығын табуға және олар туралы айта білуге жаттықтыру.

2. Қимылды ойындар: «Қуыспақ»,

«Мысық пен құстар».

3. Жеке жұмыс. Үш-төрт балаға тақпақ жаттату.

Торғай ағаш қорғайды.

Шыр-шыр еткен торғайды, Таспен атып торғайды,

Қорғамасаң болмайды. Ұя бұзған оңбайды.

Кіп-кішкене торғайлар, Құс өкпелеп кетеді,

Ағаштарды қорғайды. Бақшамызға қонбайды.

4. Еңбек.Құстарға жем беру.

5. Көркем сөз. Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

Шиық-шиық десіп отырады.




Серуен №22



1. Бақылау. Қарды бақылау.

Мақсаты: қар жерге желді күні және ашық күні қалай түсетінін байқауға үйрету. Тәжірибе жасау арқылы қардың суға айналуын көрсетуде танымдық қабілеттерін дамыту.

2. Қимылды ойындар: «Қуыспақ» ,

«Ақ серек, көк серек»

3. Жеке жұмыс. 3-5 балаға қардан мүсіндер жасап үйрету.

4. Еңбек.Қардан тау жасау.

5. Жұмбақ жасыру.Отқа жанбас,

Суға батпас. (мұз)

Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты атам шөгеріп,

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. (тау)

Балалардың дербес ойындары




Серуен №23

1. Бақылау.Аязды бақылау.

Мақсаты: терезедегі ою-өрнектер көрсету және жүргендегі қардың сықырлауын естірту арқылы аязды күнді аңғаруға болатынын түсіндіру.

2. Қимылды ойындар: «Қасқыр қақпан» ,

«Түлкі мен қаздар»,

«Ұстап ал»

3. Жеке жұмыс. Қолдары әр түрлі бағытта, үлкен және

кіші адыммен жүру.

4. Еңбек. Тал сынықтарын жинау.

5. Жұмбақ жасыру. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

Балалардың дербес ойындары



Серуен №24

  1. Бақылау.Суықторғайды бақылау.

Мақсаты: суықторғайдың тамақтануын бақылата отырып оның сыртқы түрінің қай құсқа ұқсайтынын білдіру.

  1. Қимылды ойындар: «Дәл түсір» ,

«Кім алысқа лақтырады?»

  1. Жеке жұмыс. Балаларға қыстап қалатын құстардың атауларын үйрету..

  2. Еңбек. Құстарға жем шашу.

  3. Көркем сөз. Торғай, торғай тоқтаған,

Торғайды торғай мақтаған.

Бір торғай ұшса боранда,

Бәрі жабылып жоқтаған.


Балалардың дербес ойындары





Серуен №25


1. Бақылау. Ауа райын бақылау.

Мақсаты:ауа райы туралы өз ойларын айтуға үйрету, кешегі күнгі ауа райымен салыстырып өзгешелігін айырып атауға жұмыстану.

2. Қимылды ойындар: «Қуыспақ»

«Шанамен жарысу»

3. Жеке жұмыс. 4-5 балаға таяқшамен өлшеу арқылы ашық жердегі және ағаш түбіндегі қар қалыңдығының айырмашылығын табуға үйрету..

4. Еңбек. Телімді қардан тазалау.

5. Көркем сөз. Жұмбақ. Қанттай аппақ,

Мамықтай жұмсақ (Қар)

Жоқ қолы, не аяғы

Терезеге қонады

Әсем ою аяды

Көркем сурет салады

( Аяз)



Серуен №26


1. Бақылау. Қарды бақылау.

Мақсаты: қардың жауғанын бақылату арқылы оның жерге дыбыссыз, баппен қалқып әдемі түсетінін сезінуге және көруге үйрету.

2. Қимылды ойындар: «Қояндар мен қасқыр»,

«Қармен атысу», «Ізден-ізге»

3. Жеке жұмыс: балаларға қардан түрлі бейнелер жасап үйрету.

4. Еңбек. Жолдарды қардан тазарту.

5. Көркем сөз. Жұмбақ. Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар)


Балалардың дербес ойындары



Серуен №27

1. Бақылау. Бұрқасын күнгі ауа райын терезеден бақылау.

Мақсаты: жаңбыр тамшыларынң терезеге, жерге түскендегі дыбысын естуге, өзіндік әсемдігін көруге және сезінуге үйрету. Жаңбырдың пайдасы туралы түсінік беру.

2. Қимылды ойындар: «Өз орныңды тап»,

«Бұл қай мезгіл?»

«Қуыспақ»

3. Жеке жұмыс. Мұздан сырғанап өту.

4. Еңбек. Кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқару.

5. Көркем сөз. Аппақ, аппақ ақшақар,

Жапты біздің көшені.

Ақ жамылды бақшалар,

Біздер еккен кешегі.

Шанамен ойнау



Серуен №28


1. Бақылау. Ағаштарды бақылау.

Мақсаты: Шыршаны басқа ағаштарменсалыстыру

арқылы ағаштардың ауа райына байланысты өзгеруін бақылату кезінде олардың атауы, пайдасы туралы түсінік беру.

2. Қимылды ойындар: «Қызыл мұрын аяз»,

«Қуыспақ».

3. Жеке жұмыс.Екі-үш балаға ағаштың пайдасы және оны күту туралы ақыл-кеңес беру.

4. Еңбек.Қар тауын жасауды бітіру.

5. Көркем сөз. Жылыстайды даламның

Ақ түнекті бораны.

Түйіп алып қабағын,

Басып қалды қораны.

Шанамен ойнау






Серуен №29


  1. Бақылау. Аяздың қаттылығын бақылау.

Мақсаты:Күндегі ауамен салыстыру. Жүргендегі қардың сықырлаған дыбысы аяздың күштілігін білдіретінін түсіндіру.

  1. Ойындар: «Түлкі мен қаздар».

«Дәл түсір».

  1. Жеке жұмыс. Қардан жасалған оқтарды шеңберге дәл түсіріп жаттықтыру 5-6 балаға.

  2. Еңбек. Қардан үлкен төртбұрыштар ойып алу арқылы қамал жасау.

  3. Жұмбақ жасыру. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

Тақпақ жаттау. Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Аппақ боп үстіміз

Ақ қырау жабысты.


Серуен 30


  1. Бақылау. Көгершін мен торғайдың жем жегенін, олар қандай? кіші, үлкен.

  2. Ойындар: «Балапанды тап».

«Қыс ханшайымы»

  1. Жеке жұмыс. Таушықтан сырғанаймыз.

  2. Еңбек. Қардан гараж жасаймыз (машинамызға).

  3. Тақпақ жаттау. Торғай-торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап

Бөтегесін томпайып

Шиқ-шиқ етіп отырат.

Шанамен сырғанап ойнау










Серуен №31

1. Бақылау. Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұздың тек қыста суықта болатынын білгізу.

Мұз жылтыр, әйнек тәрізді. Жылы жерде қар сияқты ериді.Мұжда сырғанап ойнауға болады.

2. Қимылды ойындар: «Қуыспақ» ,

«Кім мерген?»

«Жасырынбақ»

3. Жеке жұмыс. 4-5 баламен құстардың суретін салуға үйрену.

4. Еңбек.Телімді жинастыру.

5. Жұмбақ жасыру. Әрбір таңды көк орманда атырған,

Өмір бойы өзін-өзі шақырған. (көкек)

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)





Серуен №32


  1. Бақылау. Шыршаның үстіндегі қарды қызықтау.

Мақсаты: Шырша қыста түсін өзгертпейді, қыстың сәні екенін білгізу. Жаңа жылда Аяз атаны қарсылағанда шыршаны әдемі безендіріп ортаға қоямыз.

  1. Қимылды ойындар: «Қасқыр мен қойлар».

«Ақшақарды іздейік»

  1. Жеке жұмыс. Шанамен сырғанау.

  2. Еңбек. Беседканы қардан тазалау.

  3. Жұмбақ жасыру. Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны сейсепке орады.(Қар)


Балалардың дербес ойындары.






Серуен №33


Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.

Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.

Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну. Көркем сөз: Тазалашы мұз болған,

Есік алды тайғанақ жата берсін.

Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,

Шыға беріп жалтақтай,

Ұшып түсті қалпақтай.

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»

Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.

Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сиақты ұсақ болғанымен,

жер бетін жауып үлгереді. (қар)



Серуен №34

Қырауды бақылау.

Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.

Көркем сөз.

Тазартып бар кір шаңнан,

Қысөнерінбастады.

Терезегеқыраудан,

Суретсалыптастады.

Қимылдыойын: «Суыққойлар»

Мақсаты:қимылдыжаттығулардыжасаудыүйрету, тапқырлықтанытабілу.

Еңбек: бірбірінекедергіжасамай, жұмысістеугеүйрету.

Жеке жұмыс:тәжірибежасау: мұзбу су (заттыңбіртүрденбасқатүргеайналуы)

Жорамал:Ағашқақыраутүссе, аязболады.

Тұманболса, күнжылынады.

Егердетүндеқыраутүссе, күндізқаржаумайды.

Жұмбақ:

Қанатсияқтыақ,

Ұлпабопжердежатады.



Серуен №35

Мұз сүңгісін бақылау.

Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.

Тапсырма: «Сүмелекмұз» тақырыбынасурет салу.

Сұрақтар:

Сүмелекмұзжөнінде не айтуғаболады?

Олқандай? Сәбізсияқты


Сүмелекмұзқайжерде, қалайпайдаболады?

Күнгейжақтама, әлдетерістікжақтама?

Оларқайданпайдаболады?

Осыданқандайқортындыжасауғаболады?

Көркемсөз:

Көлбетіндежатырайдын – мұзойнақ,

Қыстыңөзіжасағандайбіздіойнап,

Шаңғытеуіпжарысамызжелменен,

Күндеосындақызықтаймызбізойнап. М.Әлімбаев

Қимылдыойын: «Үйсізқалғанқоян»

Мақсаты:ойынныңтәртібінсақтайотырып, секіріпалғажүгіру.



Серуен №36

Желді бақылау.

Мақсаты: желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.

Сұрақтар:

1. Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен т.б. жорамалдарынан анықтап білуге болады.

2. Қыстажелқандайболады?

Көркемсөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.

Қимылды ойын: «Әткеншек»

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек: алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.Мақсаты: суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру.

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.

Жорамал: қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса – күн желді болады.






Серуен №37


Алаңдағы ағаштарды бақылау

Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру.

Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз» тақырыбына сурет салу.

Ағаштарды сыртқы түсінен, түрінен, бұтақтарынан қалай орналасуынан танып, айыруға үйрету.

Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.

Сұрақтар:

1. Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?

2. Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?

3. Ағаштарбірбіріненеменұқсас?

4. Ордың айырмашылығы қандай?

Дидактикалық ойын: «Сөзбен суреттеп айт» ағаштың түрін таны.

Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»

Мақсаты: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.

Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.

Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау: екі аяқпен кезек-кезек оңға, солға.

Балалардың дербес ойындары.


Серуен №38

Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.

Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру.

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Сұрақтар:

1. Бұл машинаның аты қалай?

2. Ол не істейді?

3. Олқардықалайжинайды?

4. Балаларсендерадамеңбегінжеңілдететінтағықандаймашиналардыбілесіңдер?

Көркемсөз:

Кәне, кімніңбойыұзын,

Паровозы олпоездың.

Қатар-қатартұратың

Поездыбізқұрайық.

Қимылдыойын: «Аңшы мен қоян»

Мақсаты:нысаңағазаттылақтырыптигізу, жугіру,өрмелепжоғарышығабілу.

Еңбек:гүлзарға,ыдысқатүрлі-түстімұздықатырыпқою.

Мақсаты:балалардыңэстетикалықтанымдарынарттыру.Айналаныәсеметіпкөріктендіру.

Жеке жұмыс:шанғы тебе білугеүйрету.Шанғыжолыменсырғанайотырыпжүру.

Жорамал:Қысқарлыболса-Жазжаңбырлыболады.

Балалардың дербес ойындары.




Серуен №39

Саябаққа саяхат.

Мақсаты: қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап, толықтыра түсу.Балалардың сөз құрамында:қыс,қар, мұз, аяз,қар қырш-қырш еттеді,жалтырайды,жылтылдайды басқа қысқа

байланысты сөздер қолдану.Балаларды табиғаттың қамқоршысы,жанашыры етіп тәрбиелеу.

Тапсырма: «Қыс тентек» атты тақырыпта шағын әнгііме қүрастыру,қыстың жағымды,жағымсыз құбылыстары туралы.

Көркм сөз:

Ақ қар жауды,

Енді аппақ жер өңі

Қардаң таулар

Көлеңкесін көреді.

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Мақсаты: тез жүгіруге,жүгірген баланы тез ұстап алуға жатықтыру.

Жеке жұмыс:жүгіріп келіп қарды алысқа лақтыруға жатықтыру. Кім бәрінен алысқа лақтырса-сол жеңімпаз.

Жұмбақтар:Мәтел:

Қанаты жоқ ұшады, Қыстағы қар,жаздағы жаңбыр-

Аяғы жоқ желеді, жерге жауған нұр.

Аузыжоқұлиды.

(боран)


Серуен №40


Қыстың негізгі белгілерін бақылау.

Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

Көркем сөз:

Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын? (ЖақанСмаков)

Қимылдыойын: «Аяз»

Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.

Балалардың дербес ойындары.






Серуен №41

Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

1. Салқын ба, жылы ма?

2. Күн желді ме, жоқ па?

3. Балалар қалай киінген?

4. Ауа райының жайы қалай анықталады?

5. Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?

6. Қар жауып тұр ма?

7. Жуырда қар жауып, өттіме ме?

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған

ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

Тапсырма: бұлттың суретін салу.

Көркем сөз

Даладақандайтамаша,

Ақмамыққаоранған.

Ақдастарханжапқандай,

Көзтоймайдықарасаң.

Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, еңбектеп жүгіруге, секіруге жаттықтыру.


Серуен №42

Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

Мақсаты: өткен күндердегідей ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу. Күзде олар қандай болғанын еске түсіру. Қандай өзгеріс бар? Бір ағашты анықтап, суретін салып, оны күнтізбеге сақтау. Балалар бала бақшада тәрбиешінің көмегімен ауа райының жағдайын күнтізбеге белгілеу.

Тапсырма: «Ашықаспан» тақырыптасурет салу. Қағазтүстерініңбояуынтүстеп, бірбояудыңүстінеекіншібояудыжағаотырып, түсінкелтіругеүйрету.

Көркемсөз:

Бүрсеңқағыпжапырақтар,

Көшекезіпкөшіпжатыр.

Тынышқалғанатыраптар,

Аппаққарғатосыпжатыр.

Қимылдыойындар: «Үйі жоқ қоян».

Мақсаты: шеңберде тез жүгіруге жаттықтыру, ептілікке үйрету.

Еңбек: қатқан мұз жолын тазалап, су құйып ретке келтіру.

Мақсаты: алаңшада тазалық, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп, қызықтау...

Жеке жұмыс: «Кім алысқа лақтырады?». Қар түйіршіктерін алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Жорамалдар:1. Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.

2. Қыстақар мол болса – жаздажаңбыр мол болады.



Серуен №43


Бақылау: Ауа – райы туралы әңгімелесу. Қар қандай? Неге?

Мақсаты: Табиғатта болып жатқан құбылыстар ауа-райына да әсер етеді, егер қар жауып тұрғанда күн жылы болса қар аяққа ауыр салмақ түсіреді,егер аязды күнде жауған қар ұлпаланып желге ұшып кетердей болады.

  1. Қимылды ойындар: «Кім тез жетеді?»

«Біз көңілді балалар»

  1. Жеке жұмыс: «Қақпадан өтіп шық» шаңғы таяғынан жасалған қақпа.Денелерін икемдеп жеке-жеке қақпадан өтуге үйрету.

  2. Еңбек: Топ алаңын қардан тазалау, таяқшаларды жинастыру.

5 Көркем сөз: Жарыспақшы көп шана,

Жаңа шана, көп шана.

Сен бір жүйрік, ақ шана,

Саған жетер жоқ шана .

(Қ. Мырза Әлі)

Балалардың дербес ойындары.



Серуен №44

Қала көшелерін бақылау

Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.

Сұрақтар:

Көшедегі үйлер қандай?

Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?

Көркем сөз:

Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.

Қимылды ойын: «Жанады ,жанбайды» ойыны.

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.

Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.

Жұмбақтар:

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді

(Бағдаршам)






Серуен №45


Аула сыпырушы еңбегімен танысу

Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбег, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тапсырма «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Көркем сөз

Қолынамкиіп қолғапт,

Ауланы ағай сыпырды.

Тазалап қарды мұздарды,

Бәрімізге ол жол ашты.

Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу.

Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдап, еңбекке баулу.

Қимылды ойын: «Сауыққойлар» (қысқы спорт ойындары.)

Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Жаңылтпаштар:

Қаңтар айы болды, күн суытты

Қалың қар жауды, боран соқты.

Жапалақтап ақ жауды




Серуен №46


Желді бақылау.

Мақсаты: желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.

Сұрақтар:

1. Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен т.б. жорамалдарынан анықтап білуге болады.

2. Қыстажелқандайболады?

Көркемсөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.

Қимылды ойын: «Әткеншек»

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек: алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.Мақсаты: суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру.

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.

Жорамал: қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса – күн желді болады.




Серуен №47

Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.

Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.

Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну. Көркем сөз: Тазалашы мұз болған,

Есік алды тайғанақ жата берсін.

Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,

Шыға беріп жалтақтай,

Ұшып түсті қалпақтай.

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»

Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.

Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сиақты ұсақ болғанымен,

жер бетін жауып үлгереді. (қар)



Серуен №48


Қырауды бақылау.

Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.

Көркем сөз.

Тазартып бар кір шаңнан,

Қысөнерінбастады.

Терезегеқыраудан,

Суретсалыптастады.

Қимылдыойын: «Суыққойлар»

Мақсаты:қимылдыжаттығулардыжасаудыүйрету, тапқырлықтанытабілу.

Еңбек: бірбірінекедергіжасамай, жұмысістеугеүйрету.

Жеке жұмыс:тәжірибежасау: мұзбу су (заттыңбіртүрденбасқатүргеайналуы)

Жорамал:Ағашқақыраутүссе, аязболады.

Тұманболса, күнжылынады.

Егердетүндеқыраутүссе, күндізқаржаумайды.

Жұмбақ:

Қанатсияқтыақ,

Ұлпабопжердежатады.




Серуен №49


Мұзсүңгісінбақылау.

Мақсаты: балаларғамұздыңқасиетітуралы мол түсінік беру. Байқағыштыққасиеттіқалыптастырып, іскебағаберіп, қортындыжасайбілугеүйрету.

Тапсырма: «Сүмелекмұз» тақырыбынасурет салу.

Сұрақтар:

Сүмелекмұзжөнінде не айтуғаболады?

Олқандай? Сәбізсияқты


Сүмелекмұзқайжерде, қалайпайдаболады?

Күнгейжақтама, әлдетерістікжақтама?

Оларқайданпайдаболады?

Осыданқандайқортындыжасауғаболады?

Көркемсөз:

Көлбетіндежатырайдын мұзойнақ,

Қыстыңөзіжасағандайбіздіойнап,

Шаңғытеуіпжарысамызжелменен,

Күндеосындақызықтаймызбізойнап. М.Әлімбаев

Қимылдыойын: «Үйсізқалғанқоян»

Мақсаты:ойынныңтәртібінсақтайотырып, секіріпалғажүгіру.





Серуен №50



Қайың ағашын бақылау. (Қиялдау)

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға суреттер таратылады.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі.

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.


Ағаш







Shape1


Жаңа 2014 жыл құтты болсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Келер жылқы жылы құтты, берекелі жыл болсын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

«Көбелек» тобы.

Shape2


Жаңа 2014 жыл құтты болсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Келер жылқы жылы құтты, берекелі жыл болсын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!



«АҚҚУ» тобы.


Shape3

Жақындаған жаңа жыл!

Жарасты болсын жаңа бір!

Табиғат, ауа-райы да ,

Достар,жұмыс,жайыда, Үй-ішін де саулық боп , Қарсы алайық тағы да! ,


Балапан тобы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!