КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен ғасырдың бас кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі сол мезгілде болды. Қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға болып Әлихан Бөкейханов тұрды. Бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар екені даусыз. ХХ ғасырдың 20- 30 жылдары Әлихан Бөкейханов үшін қиындығымен қатар ғылым мен әдебиетпен айналысуға бірден-бір үлкен мүмкіндігі бар кезең болды. Халқымыздың өз еркіндігі үшін Әлихан Бөкейхановқа қайраткер ретінде қалыптасуына екі рухани негіз болды. Бірінші негіз, еркіндік пен теңдікті бағалай білген орта болды. Әлиханның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, оның ішінде Абайдың ұлы мұралары ерекше әсер етті. Екінш
Материалдың қысқаша нұсқасы



КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ – Ә.БӨКЕЙХАНОВ

Қайдар Ернұр Қайдарұлы , ББ «Тарих» 4 курс

Жетекшісі: Биназарова Назым Нурлановна


Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы әрі дарынды ұлы.

Өткен ғасырдың бас кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі сол мезгілде болды. Қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға болып Әлихан Бөкейханов тұрды. Бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар екені даусыз.

ХХ ғасырдың 20- 30 жылдары Әлихан Бөкейханов үшін қиындығымен қатар ғылым мен әдебиетпен айналысуға бірден-бір үлкен мүмкіндігі бар кезең болды.

Халқымыздың өз еркіндігі үшін Әлихан Бөкейхановқа қайраткер ретінде қалыптасуына екі рухани негіз болды. Бірінші негіз, еркіндік пен теңдікті бағалай білген орта болды. Әлиханның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, оның ішінде Абайдың ұлы мұралары ерекше әсер етті. Екінші негіз, Европаның озық мәдениеті және дәстүрі еді.

Әлихан өзінің сан қырлы ғылыми және публицистік қызметін қоғамдық-саяси күресімен қатар атқаруға мәжбүр болды. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі кезінде ол ұлт зиялыларының Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсекұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды алдыңғы қатарлы өкілдерін өз төңірегіне топтастырып, бүгінгі күні «Алаш» деп атау алған белгілі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа толқынын бастады. Өзінің 1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары» жинағымен басылып шыққан «Қазақтар» («Қырғыздар») атты әйгілі тарихи-анықтамалық очеркінде Қыр баласы – ел ағасы өзі бастаған осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды: «Таяу келешекте қырда, бәлкім, екі саяси партия ұйымдастырылатын шығар... Олардың бірі ұлттық-діни аталуы ықтимал және қазақтардың өзге мұсылмандармен бірігуі оның идеалы болып табылады. Екінші батысшыл бағыты осы сөздің кең мағынасында айтқанда - қазақ даласының болашағын саналы түрде батыс мәдениетін жүзеге асыра отырып көреді». Осындай көрегендік тек Әлиханның қолынан келді.

Ә.Бөкейханның тек Алаш қозғалысына ғана емес сонымен қатар ұлттық журналистиканың негізін қалауға үлесін қосты.

Әлиханнның ғылыми-публицистикасы арқылы қазақтың қазіргі мәдениетін дамытып, қазақ ұлтын қалыптастыруға қосқан үлесі туралы белгілі драматург, жазушы әрі Алаш қозғалысы белсенділерінің бірі Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1924 жылы былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азаматтың тобы болды. Бұл топты баулыған Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды».

Ғалым-публицист туралы 1971 жылы Оксфорд энциклопедиясына шыққан мағлұматта «Әлихан Бөкейхан – революционер, сондай-ақ, халық ауыз әдебиетінің зерттеушісі, қазақ эпосы мен фольклорын зерттеген тұңғыш ғалым» деп жазылған. 

Белгілі тарихшы, алаштанушы ғалым, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі М.Қойгелдиев: «1909 жылы Петербордан Абайдың тұңғыш кітабын шығарған Бөкейханов болатын және «Қазақ» газетін шығару идеясы да Әлекеңдікі. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі орасан зор», – деп жоғары баға берген. Алаш мұрасын терең зерделеген белгілі тарихшы ғалым Әлиханның газетті шығару идеясының және оның тұрақты авторы болғандығын анық жазады.

Егер Бөкейханның «Қазақ» газетінде жариялаған публицистикалық мақалаларына зер салсақ, оның батыстың, Ресейдің, демократиялық дәстүріне жақын болғандығына көз жеткіземіз. Ғалым «Қазақ» газетінде жариялаған еңбектерін бүркеншік есіммен жариялап отырған. Еңбектерінің қай-қайсысын алсақ та еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі көрініп тұрды. Әлихан Нұрмұхамедұлы сол кезеңдегі қазақ қоғамының алдында тұрған күрделі мәселені мақала түрінде жазып көрсете білді.

Әлихан: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ», деп алаштың жоғын жоқтап, барын түгендеп, ұлтымыздың қамын жеп өткен жұрт шырақшысы. Азаттық жолындағы арпалыспен өткен күреске толы ғұмырында ол ұлтының ертеңі үшін бар күш-жігерін, білім-тәжірибесін жұмсаумен бірге, басын бәйгеге тігіп, жанын да қиды. Қазақтың өз жерін еркін жайлап, өз елінің төрінде отырып, ұл-қызын қазақша оқытып, билік пен төрелікті қазақ тілінде айтуы үшін аянып қалған жоқ. Қазақ тілінде газет шығарды, қазақша кітаптар бастырды, жүздеген мақалалар жазды. Өзгелердің озық ойларын қазаққа жеткізем, көркемдік танымын кеңейтем деп аударма да жасады.

Қазақтың маңдайына берген қайраткердің көшбасшылық қабілетімен де, қаламының қарымымен де қазақ халқының әдебиетінің дамуына қосқан үлесін ұмытпауымыз керек.




1.Шерубай Құрманбайұлы , Егемен Қазақстан  02.04.2016  Әлихан Бөкейхан және қазақтың жазба әдеби тілі

2. М.Қойгелдиев Тарихи тұлғалар. Әлихан Бөкейханов шығармалар. Алматы «Қазақстан» 1994 жыл

3.inform.kz

4. Сұлтан Хан Аққұұлы, "Жебе" газеті, 10 қазан 2013 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі