Коронавирус
пандемиясы. Бүкіл әлемді карантиндік торға не үшін қамады?
Ең алдымен
"Коронавирус," "Пандемия"- деген не? Бәріміздің басымызда осындай
сан алуан сұрақтар жатыр. Ал міне, сол сұрақтарға жауап бере
кетейік.
Ең алғаш 2019
жылы, желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй
провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз
өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға
шалдыққаны анықталған кезден басталды.
Бұл пандемия
жәй ғана шығып қоймай, әлемдік адам шығынына алып келді. 31
наурыздағы деректерге сүйене отырып мәлімет айтсақ:
Ресми расталған
жағдайлар: 780 000+
Ресми өлім
саны: 37 500+
Індет жайылған
аймақ саны 190+
Ухань, Қытай
дәл қазіргі уақытта тіркелген жалғыз ошақтың орналасқан жері.
Осыдан кейін
Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады
— SARS-CoV-2. Оның генетикалық құрылымы ауыр жіті респираторлы
синдромды қоздыратын SARS-CoV вирусына 70% ұқсайтыны белгілі
болды.Осылайша олар карта құрып, жаңа вирустың генетикалық
құрылымын анықтады.
22 қаңтардан
бері Ухань қаласында карантин жарияланып, қоғамдық көліктер
тоқтатылып, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған; дәл осындай
карантин 24 қаңтардан бастап Уханьға
шекаралас Хуанган, Эчжоу, Чиби және Чжицзян
қалаларында жарияланған.
Дәл қазіргі
уақытта тек қытай емес, бүкіл ғалам осы дерттен зардап шегіп
отыр.Планетаны осынша дүрліктірген бұл қандай дерт? Тұмау дейін
десе, қарапайым тұмау емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл
сұраққа былай жауап берді:
Ғалымдар оған
жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns
(тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау.
Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің
қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын
тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса,
өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп,
бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және
MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі
болып отыр.
Әлемнің бәрін
карантиндік торға отырғызған бұл дерттің әлі емі (шипасы) тауылған
жоқ.Қазіргі кезде бұл жұмбақ вирусты анықтау мақсатында көп деген
сынақтар жүріп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл болатын
вакцина әлі жасалған жоқ.Осы деректерге қарағанда әр жыл сайын
болатын тұмаудан, бұл пандемия әлде қайда қатерлі. Сондықтан,
денсаулығымызды сақтау мақсаттында коронавируспен ауырған адамдарға
арнайы коронавирус жұқтырған ауруханаларға немесе үйде оқшаулану
керек. Сонымен, қатар бұл дертке шалдыққан адамдар суды мөлшерден
көп ішіп, жазылғанша тынығуға кеңес береді. Бұл дерттің таралуына
жол бермеу үшін қаттаң карантиндік режим жүргізді.Мектеп оқушылары
офлайн форматтан, онлайн түрге көшірілді. Ал қалаларда, көшелерде
маскасыз жүру мүмкін емес.Ал енді біз бұл дерттен қалай
құтылмақпыз?