|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 11.3.C Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Мектеп: «№49 ЖОББМ» КММ Мұғалімнің аты – жөні: Назарбекова А. С Күні: Қатысқандар: 20 Сынып: 11 Қатыспағандар: 0 |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
11.2.2.7-көрсеткіштік теңдеулер жүйелерін шеше білу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешеді. Оқушылардың басым бөлігі: Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешуде түрлендірулер жасайды Кейбір оқушылар: Бірнеше тиімді тәсілдерді қолдана отырып, көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешеді |
|
Бағалау критерийі |
Оқушылар көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешеді. |
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсаттар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: өрнектерді тепе- тең түрлендіру, көрсеткіштік теңдеу, көрсеткіштік функция және оның қасиеттері, көрсеткіштік теңдеулер жүйесі, Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
|
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының 6 құндылығы негізінде оқушыларды тарих, тіл, мәдениетті дәріптеуге тәрбиелеу |
|
Пәнаралық байланыс |
Физика, қазақ тілі |
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Көрсеткіштік теңдеулер. |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері |
Ресурстар |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 мин 3 мин. 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен, тақырыптың оқу мақсатымен таныстыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Допты лақтыру» әдісі. Барлық сыныппен. Оқушылар шеңбер жасап тұрады, ортада мұғалім доппен кезкелген балаға өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Егер оқушы жауап беруге қиналса, уақыт жоғалтпай басқа оқушыға допты бағыттауына болады. Сұрақтар:
Маңызы: тірек – қимыл аппараттарымен жұмыс жасайды. Кездейсоқтық арқылы қарқынды түрде сұрақтарға жауап береді. Нәтижесі: шапшаң, әрі тез ойланады. Кері байланыс: мұғалім мен оқушы арасында. Балалар, сендердің әрқайсыларыңның қолдарыңда өз алма ағашының бұтақтары бар, сабақтың соңында бұл бұтақтарыңда неше алма жинай алар екенсіңдер? Үй жұмысын тексеру Тест 1. у=ах (а≠1, а>0) түрінде берілген функция ................. деп аталады. А) логарифмдік функция Б) квадрат функция С) иррационал функция В) Көрсеткіштік функция 2. Көрсеткіштік функцияның анықталу облысы..... А) нақты сандар жиыны Б) бүтін сандар жиыны С) оң бүтін сандар жиыны В) 0-ден өзге сандар 3. 2х =32 теңдеуін шешіңдер А) 5 Б) 4 С) 6 В) 3
4. А) 5 Б) 4 С) 3 В) 2
5. А) 1 Б) 2 С) 3 В) 4 Маңызы: оқушылар көрсеткіштік теңдеулер тақырыбы бойынша қайталау жұмыстарын жасайды. Тақтада көрсетілген жауаптармен жұбының жауабын салыстыра отырып жұлдызшалар жинайды. ҚБ. Жұптық бағалау. Қызыл, жасыл, сары алмалар Нәтижесі: өтілген сабақты пысықтайды. Кері байланыс: Мұғалім мен оқушы арасында. - Сендерге тесттің қай есебі
түсініксіз болды? |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин 5 мин 10 мин |
Жаңа тақырыпты меңгерту. Көрсеткіштік функциялардың өмірде қолданылуларын түсіндіру мақсатында радиоактивті заттардың ыдырауын табудағы қолданысы туралы видеоақпарат беріледі. ДЖИГСО тәсілі бойынша оқушылар Отан, Ана, Салт – Дәстүр, Тіл тақырыптарындағы мақал – мәтел таңдап алып 4 топқа бөлінеді. Оқушылар өз топтарында көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешудің тәсілін жетік меңгеріп, сол тәсілге берілген есепті шығарып (есептер DarinOnline платформасынан алынды) болған соң келесі топқа барып сарапшы болады. Қайта айналып келіп өз тобында басқа тәсілдерді қайталап, қорытындылайды.
І ІІІ топ: Алмастыру тәсілі
IV топ: Жаңа айнымалылар енгізу тәсілі
ІІ топ: Таңдау тәсілі
Нәтижесі: топпен біріге жұмыс жасау арқылы бірлік пен келісімге келеді ҚБ. Оқушыларды өз топтарындағы сарапшылар бағалайды, топтар бірін – бірі қызыл, жасыл, сары алмалар көрсету арқылы бағалайды Сергіту сәті:
«Атомдар мен молекулалар»
әдісі Жаңа тақырыпты бекіту. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Тапсырманың критерийлері алдын – ала беріледі және оқушы қарқынына қарай тапсырма түрін өзі таңдап алады. Барлық оқушылар
Дескриптор
Оқушылардың басым бөлігі
Дескриптор
Кейбір оқушылар
Дескриптор
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||




















