Материалдар / «Көшбасшы бола білген әріптесім ...» атты эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көшбасшы бола білген әріптесім ...» атты эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көшбасшы бола білген әріптесім ...» атты эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2019
649
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»

АҚ ФИЛИАЛЫ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПК БАИ»










Эссе


«Көшбасшы бола білген әріптесім ...»























Орындаған: Кажкенова С.К.





Көкшетау, 2018 ж.



«Көшбасшы бола білген әріптесім ...»


... «Оқытудан жалықпайтын, үйретуден бас тартпайтын – әріптесім! Мен сізді әрқашан мақтан етемін. Ұстаздың халін ұстаздан басқа кім біледі дейсің?…»

Менің ұстаздық жолым 1993 жылы қазіргі Ақмола облысы, бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Жаңалық орта мектебінде бастауыш сыныбының мұғалімі ретінде басталған болатын. Дегенмен осы мамандықты таңдауым дұрыс па әлде жоқ па деген ойлар көкейімде әрқашан күмән тудыратын. Бірақ осы күмәнді ойлардың түбегейлі жойылуына сол кездегі әріптесім, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Құрмашева Қаламқас Ғаббасқызы себеп болды. Өзге әріптестерімнің арасынан Қаламқас әріптесім маған ерекше көрінетін. Үйінде асыл ана, аяулы жар, оқушыларға қадірлі ұстаз, сонымен қатар әріптестерінің ортасында сыйлы жан. Өзінің бойындағы ізденімпаздылық, көшбасшылық қасиеттеріменен көкейімдегі ойлардың түбегелі өзгеруіне үлкен себебін тигізді. Мектепте әріптестерінің алды болып, мектеп үшін күйіп-жанып жүретін. Өз жұмысына аса үлкен жауапкершілікпен қарап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүруші еді. Қаламқас үнемі өз ойын ашық айта білетін. Біреуге пайдасы тимесе, зияны еш тимейтін. Үнемі бір қалыпты біркелкі көңіл күймен жүретін еді. Өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, көптеген мақтау қағаздарын алып, білім саласында абырой-атаққа қол жеткізген ұстаздардың бірі. Оқытумен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болып кеткен ұстаз деп білемін.

Негізінде мен көшбасшы ретінде тек ғұламаларды, ақындарды, ел басқаушыларды ғана көретінмін. Алайда уақыт өткен сайын өмірге деген көзқарасың да өзгереді екен. Біршама дүниелерді тереңінен түсіне бастайсың. Бұрынғыдан әлде қайда бөтен нәрселер таныс бола бастайды. Осы мектепке келіп, Қаламқас әріптесімді кездестіріп, көшбасшы кез келген адам бола алатындығын түсіндім. Көшбасшы – ол бойындағы қасиетімен басқа адамды рухтандыратын адам. Мұғалім мамандығы ең қиын және ең жақсы мамандық екендігі бәріне белгілі. Осы қызығы мен қиындығы бірге жүретін мамандық жолында мені өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерімен рухтандыра алған дәл осы әріптесім.

Жас маман ретінде тәжірибесі мол ұстаздардың сабақтарына жиі қатысатынмын. Сол кезде де осы адамның берген сабақтары маған ерекше әсер берді. Ол әрбір оқушының зейінін өзіне аударта алып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырып, түрлі әдіс-әдіс тәсілдерді қолдану арқылы сабағын жандандырып өткізетін. Тек қана оның сабақтары емес сонымен қатар ол өткізген мектепішілік іс-шаралар, ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары мен тәрбиелік жұмыстары ерекше жоғары деңгейде өтетін болып көрінетін. Сол себептен менің ұстаздық мамандығына деген қызығушылығым арта түсіп, әр өткізген іс-шараларымды, сабақтарымды дәл солай жоғары деңгейде өткізуге тырыстым.

Қаламқас маған тек мектептегі әріптес қана болып қоймай сонымен қатар жақын сырлас адам бола білді. Ол мектепте кездескен қиыншылықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, анам Бәтжамал бұл дүниеден ерте өткендіктен болар әртүрлі отбасылық жағдайларда да ақыл-кеңесін бере білді. Сондықтан да ол кісінің бүкіл болмысы, жан-дүниесі маған үлгі, өнеге.

Өмір деген ағын судай зымырап өтіп барады. Заман ағымына байланысты еңбек жолымызды басқа мектептерде жалғастыруға тура келді. Ұстаз жолында жиырма бес жыл еңбек етіп келсем де Қаламқас маған әлі де көшбасшылық қасиеттерімен есімде ерекше сақталған әріптесім болып қалды.

Ұстаз болып қызмет атқарған соң өз білімімді шыңдау мақсатымен жыл сайын түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысып жүремін. Осындай бір аудандық коференцияда Қаламқас әріптесімді кездестірдім. Өкінішке орай уақыт тығыздығына байланысты жеке сөйлесуге мүмкіндік болмады. Бірақ конференция соңында Қаламқас әріптесімнен маған арнаған өлең жолдары жазылған хат алдым. Сол өлең жолдарынан талай жылдар өтсе де оның маған әлі де көшбасшы екендігін түсіндім.

Сонда мен үшін көшбасшы деген кім? Мен үшін шын көшбасшы ең әуелі өзін-өзі сыйлауы керек, өзін сыйласа өзгелерді де сыйлай алады. Өзіндік пікірі болуы керек, және сол пікірін тыңдармандарына жеткізе алуы қажет. Әрекеті шыншыл болу керек. Түр-тұлғасы былай тұрсын сөзі мен ісіне жауапты болуы тиіс. Міне осындай қасиеттердің иесі нағыз көшбасшы болуға лайық. Ал мен осы қасиеттерді өз дәл осы әріптесімнің бойынан көрдім.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!