
№ 39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-зерттеуші
тарих пәні мұғалімі
Анарбаева Салтанат Тулегеновна
2024 – 2025 оқу жылы
Көшбасшылық
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік,
ұйымшылдық пен татулық қажет.
Н.Ә.Назарбаев.
ХХІ ғасыр – қаңтар бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Дамыған елдермен бірге қоғамымыз өте тез, жылдамдықпен дамып келеді. Осы тұста жаңа заманның жаңа талабына ілесу- ұлы ұстаздар үшін де үлкен сын. Бұл болашақ еліміздің тірегі болатын жас ұрпаққа білім, тағлым-тәрбие беретін әрбір ұстазға, әрбір мектепке жауапкершілігі мол міндет болып отыр. Осы міндетті орындау мақсатында білім саласында ауқымды өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Осы орайда бүгінгі ұстаздың алдында Елбасымыз айтқандай, «Біз бәріміз жаңарып, жас өспірім буынды жаңаша тәрбиелеуіміз керек» деген жаңару, өзгеру міндеті тұр. Мінекей, осындай ғасырда өмір сүріп, тәлім-тәрбие мен білім беріп отырған біздер, мұғалімдер үшін де жаңашылдықты туылғаннан бастап бойларына сіңіріп келе жатқан қазіргі буынның оқушылары үшін де бұл ғасырдың береріде, алары мол десем артық емес.Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастыру, әсіресе оқушылардың жеке тұлғалық дара қасиеттерін білім нәрімен сусындата отырып дамыту ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Болашаққа қол сермеу мектеп табалдырығынан басталатынын, білімді де білікті, озық ойлы ұстаздары көп мектептің жақсы істері мен жетістіктері көпболатынын, білім мен тәрбиені бойына сіңірген әр тұлға, өз ұясынан биікке талмай самғай алатынына сенген біздің еліміз де білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйегендігін байқадым.Еліміздің жарқын болашағы үшін қазіргі білім жүйесіне түбегейлі реформа жасаудың, сапалы білім жүйесін орнатудың оңай еместігін білемін. Ендігі жерде ұстаздар қауымының алдында дүстүрлі стильден арылып, оқушы бойындағы өз бетінше білім алу дағдысын дамытып, алған білімін қажетті жағдайда қолдана алуға үйрету, оқушылырдың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі туындап отыр.Білім беру нәтижесін жақсартудың бірден-бір жолы оқытуды жақсарту болып табылады. Сапалы оқытуды әр балаға жеткізбей тұрып, барлық оқушылар білімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мүмкін емес.Өз ойымды қорыта келе айтарым: «Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді»-деп дана халқымыз айтқандай, сол келісті ұрпақтың келешегі үшін бүгінгі ұстаздар алдында ХХІ ғасырда әлемдік жетістікке жету жолында оқу-тәрбие үдерісінде өткенге бас иетін, ертеңге қарап білек сыбанатын нағыз уақыт келді. ХХІ ғасырдың қатаң бәсекелесіне төтеп беретін білімді де жаңашыл, жаны таза, рухани тәрбиелі шәкірттерді тәрбиелеуде мен де, сіз де, ол да жұмыла бірге еңбек етейік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көшбасшылық
Көшбасшылық

№ 39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-зерттеуші
тарих пәні мұғалімі
Анарбаева Салтанат Тулегеновна
2024 – 2025 оқу жылы
Көшбасшылық
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік,
ұйымшылдық пен татулық қажет.
Н.Ә.Назарбаев.
ХХІ ғасыр – қаңтар бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Дамыған елдермен бірге қоғамымыз өте тез, жылдамдықпен дамып келеді. Осы тұста жаңа заманның жаңа талабына ілесу- ұлы ұстаздар үшін де үлкен сын. Бұл болашақ еліміздің тірегі болатын жас ұрпаққа білім, тағлым-тәрбие беретін әрбір ұстазға, әрбір мектепке жауапкершілігі мол міндет болып отыр. Осы міндетті орындау мақсатында білім саласында ауқымды өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Осы орайда бүгінгі ұстаздың алдында Елбасымыз айтқандай, «Біз бәріміз жаңарып, жас өспірім буынды жаңаша тәрбиелеуіміз керек» деген жаңару, өзгеру міндеті тұр. Мінекей, осындай ғасырда өмір сүріп, тәлім-тәрбие мен білім беріп отырған біздер, мұғалімдер үшін де жаңашылдықты туылғаннан бастап бойларына сіңіріп келе жатқан қазіргі буынның оқушылары үшін де бұл ғасырдың береріде, алары мол десем артық емес.Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күні жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастыру, әсіресе оқушылардың жеке тұлғалық дара қасиеттерін білім нәрімен сусындата отырып дамыту ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Болашаққа қол сермеу мектеп табалдырығынан басталатынын, білімді де білікті, озық ойлы ұстаздары көп мектептің жақсы істері мен жетістіктері көпболатынын, білім мен тәрбиені бойына сіңірген әр тұлға, өз ұясынан биікке талмай самғай алатынына сенген біздің еліміз де білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйегендігін байқадым.Еліміздің жарқын болашағы үшін қазіргі білім жүйесіне түбегейлі реформа жасаудың, сапалы білім жүйесін орнатудың оңай еместігін білемін. Ендігі жерде ұстаздар қауымының алдында дүстүрлі стильден арылып, оқушы бойындағы өз бетінше білім алу дағдысын дамытып, алған білімін қажетті жағдайда қолдана алуға үйрету, оқушылырдың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі туындап отыр.Білім беру нәтижесін жақсартудың бірден-бір жолы оқытуды жақсарту болып табылады. Сапалы оқытуды әр балаға жеткізбей тұрып, барлық оқушылар білімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мүмкін емес.Өз ойымды қорыта келе айтарым: «Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді»-деп дана халқымыз айтқандай, сол келісті ұрпақтың келешегі үшін бүгінгі ұстаздар алдында ХХІ ғасырда әлемдік жетістікке жету жолында оқу-тәрбие үдерісінде өткенге бас иетін, ертеңге қарап білек сыбанатын нағыз уақыт келді. ХХІ ғасырдың қатаң бәсекелесіне төтеп беретін білімді де жаңашыл, жаны таза, рухани тәрбиелі шәкірттерді тәрбиелеуде мен де, сіз де, ол да жұмыла бірге еңбек етейік.
шағым қалдыра аласыз













