Материалдар / Көшбасшылық – бір мақсатқа жетелейтін қасиет тақырыбындағы мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көшбасшылық – бір мақсатқа жетелейтін қасиет тақырыбындағы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп басқарудағы көшбасшылық қызметтің маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
790
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көшбасшылық – бір мақсатқа жетелейтін қасиет


Біздің ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан,  жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:  «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат  нағыз көшбасшы болуға лайық» деген болатын.

Сондықтан да Елбасымыз айтқандай әр көшбасшының бойынан патриоттық сезім, өз тілін құрметтейтін, еңбекшіл,  өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылатын адам нағыз көшбасшы бола алады.

Көшбасшылық  жеке  дамуға  ғана  бағытталмаған.  Оның  негізгі  міндеті әріптестеріне  жаңа  идеяларларды  сынақтан  өткізуге  және  өздеріне  басшы  рөлдерін  алуға ынталандыруға  көмектесуге  негізделеді.  Ынтымақтастық  мұғалім  көшбасшылығының «жүрегі»  болып  табылады,  өйткені  көшбасшылық  ұжым  болып  енгізілетін  өзгерістерге негізделеді.

         Мен басқарып отқан ұжымда 42 ұстаз еңбек етеді. Көпшілігі өз мамандығының шебері жаңалыққа ұмтылған ұстаздар. Олай дейтінім, ұйымдастырылған шебер-сыныпқа, коучингке бар ынта жігерлерімен қатысып, өздеріне көп мағлұмат алғандарын рефлексия кезінде жазып, айтып, қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беруді сұрайды. Бұл дегеніміз мұғалімдердің қызығушылығын, сабақтарына қолдануға қажеттілік тудырып тұр дегенді білдіреді. Алайда кейбір жоспарланған сабақтар мен коучингтер ұйымдастыруда біз мұғалімдердің бос уақытының аздығы, кабинеттердің жетіспеушілігі қиыншылық туғызады. Себебі біздің мектепте оқу процесі екі ауысымда  жүреді. Соған қарамастан кей мұғалімдер шын мәнінде қызығушылық танытып, уақыт тауып қатысып жатса, кей мұғалімдерден немқұрайлы қарайтын сәттер байқалады.  

Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі  әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Жалпы, «Көшбасшылық – бір мақсатқа жетелейтін қасиет» олай дейтінім әр көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар:

1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы басқаларды тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы, салмақты болуы тиіс.

2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жете білу керек.

3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады, дұрыс шешім қабылдайды. Өзін де, басқаны да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.

4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.

5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады, әр ісінде табандылық көрсетеді.

6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады, өзіне деген сенімділік күшті болады.

7. Психологиялық дайындық.  Әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.

8. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.

9. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.

10. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.

11. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.

12. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.

Көшбасшылық  адамның  басты,  бірақ  аса  күрделі  әлеуеттерінің  бірі  болып  табылады.  Өзгеріс  енгізу  үдерісін  басқару  оңай  емес  әрине,  өйткені  оның  барысында жұмыста әртүрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатады. Мұғалім ретінде, біз  өзімізге  әрекет  етуге,  басқаруға,  шешім  қабылдауға  жеткілікті  билік  пен  өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, мектебімізде көшбасшылықты қолдап ары қарай дамыту жолында көптеген жұмыстар атқарамыз. Алдымызға қойған мақсаттарға жету үшін көшбасшылар тыңбай еңбек етеміз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!