"Көшбасшысы Алаштың" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көшбасшысы Алаштың" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
материал елбасы туралы сыныптан тыс жұмыс. Сынып жетекшілерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көшбасшысы Алаштың

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік тарихына шолу жасау арқылы оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру. Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтей білуге, ұлттық патриотизмге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу. Елбасымызды қастерлеп , құрметтеуге тәрбиелеу. Еліміздің егемендігі жөнінде түсінік беру.

Көрнекілігі: Қ.Р – ның рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың портреті,қабырға газеттері, буклеттер, рефераттар, суреттер, кітап көрмесі.

                                                   Өту барысы:

1-жүргізуші:Құрметті Ұстаздар, ата – аналар, қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі өткізгелі отырған «Көшбасшысы алаштың» атты  тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі сабағымыз Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл! Тәуелсіз 20жыл ішінде Қазақстанда көптеген игі істер жасалып,көптеген жақсы нышындар бой көтерді.

                        Әнұран:

2 – жүргізуші: 1991 жыл 16 желтоқсан – біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтайтын күн. Бұл күн біздің – Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн.

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға тартқан тұмары.

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрған, жанбай қалған шырағы.

1- жүргізуші:Бұл күннің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Бұл біздің ең ұлы, ең үлкен қасиетті ұлттық мерекеміз.

Иә, осыдан 20 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүниеге келген күн еді.

Бірлігімен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн.

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың-

Жайнай берсін,жайнай берсін жарық күн.

2 – жүргізуші: Тәуелсіздігін жеңіп алған қазақ елі,қазақ халқы, Тәуелсіздік тарихы туралы толғанып көрейік.

Егемендік ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші.

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

1- жүргізуші: Қазақ халқы өз тарихында көптеген қиын да азапты белестерді басынан кешіп өтті. Мысалға алатын болсақ:

(1923) «Ақтабан шұбырынды» 

(1941-1945) «Екінші дүниежүзілік соғыс»

(1986 ж) «Желтоқсан оқиғасы» 

Тәуелсіздік алу Қазақстан үшін оңайға түскен жоқ. Оның айғағы – 1986 жылы 16 желтоқсан да болған жастар қозғалысы. Бұл қозғалыста өз еріктерімен қаншама қазақ жастары тәуелсіздігіміздің құрбаны болды.

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтың

Қайтпас қайсар,қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық

1-оқушы:Анар

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

2-оқушы: Мағауия

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтосанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

3-оқушы: Жадыра

Тәуелсіздік дей алмаймыз тез келді,

Бостандықты жетпіс жылда көз көрді.

Бостандықты бұғаулаған сом шынжыр,

Іріп шіріп бір ақ күнде өзгерді.

4-оқушы:Айзат

Жиырма жыл Тәуелсіздік алғалы

Артта қалды қиын кезең салмағы.

Ел байлығы жылдан жылға өсуде,

Қуатымыз қарқын алып самғады.

5-оқушы: Нұрбек

20 жылда елім жерім гүлденді,

Танымастай,таңғажайып түрге енді.

Сарыарқада жаңа Астана салынып,

Сәулетімен таң қалдырды келгенді 

       Хор: Атамекен.

1 – жүргізуші: Сол кезеңдерді желбегейдей желпіп тастап, түнерген түнді қақ жара шығыстан жарқырап атқан таңдай болып келген Тәуелсіздіктің дәмін тата, алға нық басудамыз. Ғасырлар бойы қазақ халқы орыс патшалығының қол астында бола тұрып еркіндікті,тәуелсіздікті, егемен ел, жеке мемлекет болуды, ана тілімізді және дінімізді аман сақтауды арман етті. Осы арманымыздың орындалуына үлкен үлес қосқан, бүкіл қазақ халқының басын біріктіре аман алып қалған еліміздің тәуелсіздігі үшін жанын аямаған батырлардың ерлігі халық арасында аңыз әңгімелерге айналған.

Егемендік алғаннан кейінгі 20  жылда Тәуелсіз Қазақстанымыз көптеген игі істерге қол жеткізді.

1-оқушы: Оразәлі

.«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылады ғой елдікке»- деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.

2-оқушы: Ақниет

1992 жылы 4 маусымда Қ.Р. Елтаңбасы мен Туымыз бекітілді.

Қ. Республикасының. Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы және суретші- Шакен Ниязбеков

Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

3-оқушы: Әйгерім

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

4-оқушы: Рулан

Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

5-оқушы:Айжамал

Қазақстан халқын ортақ тарихи тағдыр біріктірген, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұратттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілік сезіммен Конституция қабылданды.

6-оқушы:Анар

Әрбір мемлекеттің өзіндік атрибуткасы болады. Сол атрибуткалардың бірі- ұлттық валюта. Тәуелсіз елдің экономикасын тұрақтандыру, экономикалық өсу мен экономикалық- қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз ету ұлттық валюта-Теңгенің рөлі айтарлықтай.

1993 жылы 15 қарашада-мемлекеттік валюта-теңге енгізілді.

 7-оқушы:Айдана

1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

                   Жаса,жаса,Астанам

                   Өркен жая бастаған

                   Болашақтың есігін

                   Өз қолыңмен аш маған.

                   Тәуелділік кетіп еңсе жаншыған

                   Өркендесін жерім жұтап қансыған

                   Сақтайық біз байтақ Атамекенді

                   Бойымызда қалғанша бір тамшы қан  

  8-оқушы: Ақниет.Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

1-жүргізуші: Бүгінгі күні Қазақстанымыздың беделі өскен ел деп мақтанышпен айтуға болады. «Ел-Елбасына тірек, Елбасы-елге қалқан». Қазақстан бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарқынды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тағдырын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тұғыры. Тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н.Ә. Назарбаев осындай тұлға.

Қазақстан

1-оқушы Анар:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2-оқушы Жадыра

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой-данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті

3-оқушы: Нұрбек

Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алған.

Президентім бар менің елі түгел,

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

2-жүргізуші: «Менің президентім». Елбасының өмірбаяны. Таныстырушы Айдана

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы.

197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының  негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - "SOS  - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті.

Президенттің үш қызы бар.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұл, бір қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. 5-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі  комитеттің төрайымы. 

Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.

Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

1-жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

2-жүргізуші: Президент Н.Назарбаевтың көптен бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.  

  

1-жүргізуші: Көркем сөз . «Елбасы ерлігі» Нұрмаханова Жадыра

Азаттық, тәуелсіздік арман еді,

Жасырын бір күй еді жүректегі.

Арманды ақиқатқа жалған елім,

Халқымның орындалды тілектері.



Оңайлықпен келмейді егемендік,

Жемісі ол сан жылғы күрестердің.

Тарихқа түрен салып ерен ерлік,

Серпілді көңілдерде сірескен мұң.



Бүгінде азат елім, биік –мерей,

Зор мақсат, алар сау-алдымызда.

Мәртебем әрқашанда биіктегей,

Баянды бақыт қонып халқымызға.



Тойымыз көптен күткен тарқасын ба,

Еліміз асты қазір он сегізден.

Елбасы ерлігінің арқасында,

Әрдайым биік болмақ еңсеміз де.



Болар бала белгілі бесігінен,

Ер жігітке құт дарып, бақ қонады.

Нұрсұлтандай ұлының есімімен,

Дәл қазір барша халық мақтанады.



Мезгілдің артта қалып «өліарасы»,

Берекесі бүгінде келді үйімнің.

Білгенге Қазақстан төрағасы,

Еуропа төрінде белді ұйымның.



Бір ұлымын шын жүректен талаптанып,

Тілегін ақ жүрекке түйіп келген.

Қияға қыран құсша қанат қағып,

Әрдайым көрінейік биіктерден

2-жүргізуші:Құрметті оқушылар!Елбасының «Қазақстан 2030» жолдауында «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында»,- деген. Ел ертеңгі-жастар. Яғни сіздер. XXI ғасыр Қазақстан жастарына үлкен талап қояды. Жоғарғы оқу орнын бітіру өте жауапкершілік. Бірақ ең бастысы- әр адам өз ісінің шебері болуы керек.Нарық экономикасы жастарды білікті маман болуды талап етеді. Мемлекеттік тілді жақсы білу керек, сондай-ақ өзіңнің туған халқының тарихы мен мәдениетін, салт- дәстүрін біліп, құрмет тұтуың керек. Қазіргі жастар бірнеше шет тілін үйренуде.Әрбір жас адам бірнеше мамандық игеру керек. Қазіргі нарық заңы осындай. Ендеше Қазақстан болашағы сіздердің қолыңызда!

Би:  «Қаражорға»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік-ту көтерген жеңісім.

Өмір бойы өзім жейтін жемісім.

  Ата-бабам тірлігінде сусаған

  Құт-береке,бейбіт өмір-келісім,

 

2-жүргізуші:

   Сәулесі бар нұрыңда таңғы үміттің

   Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың

   Даңқың артсын егеменді елім менің

   Серігіне айналшы мәңгіліктің,-

1-жүргізуші:Балалар сендер саналы,білімді азамат болып өсуің үшін өздеріңнің бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Атамекенді,туған жерді сүю.
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.

Ән «Көк тудың желбірегені» орындалады. 

(Сахнада оқушылар шарларымен билеп,аспанға шарды лақтырып теңселіп билейді).

1-жүргізуші:

20жыл сері күн шалқығалы

Аспанымда қыран құс қалқығалы

Көк байрағын қазағым желбіретіп,

Күннен күнге жайнаған қазақ жері

2-жүргізуші:

Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер, жаса Қазақстаным!

Баянды болсын бақытың,халым,

Жасай бер, жаса Қазақстаным!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын ағайын!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет! Қош сау болыңыздар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі