Материалдар / «Космодром алаңы өсімдік әлемінің флористикалық құрамы »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Космодром алаңы өсімдік әлемінің флористикалық құрамы »

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушылар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2018
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘӨЖ 521.5

*А. Ниязбек, **Н. Кендебаева

* Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

** Назарбаев зияткерлік мектебі, Қызылорда

«Космодром алаңы өсімдік әлемінің флористикалық құрамы »

Байқоңыр ғарыш жанында өсетін өсімдіктердің дағдарысқа ұшырауының тағы бір себебі, топырақтың минералданған қабат суларының ракеталық жанармай қалдықтарыымен ластануы болып табылады. Қабат суларындағы ерігіш тұздардың (хлоридтар, сульфаттар, карбонаттар) көптігі, топырақ пен өсімдіктерге қайтарылмас зиянын тигізіп, техногендік гологенез процесін күшейтеді. Ол топырақтың физико-химиялық қасиетінің өзгеріп, топырақтың ары қарай тұздануына алып келеді. [1-2]

Өсімдіктердің қалпына келу қабілетін (аумақтық типтері) аудандарға ажырату негізінде (ландшафтты-геохимиялық аудандарға бөлу) 6 аумаққа бөлінеді. Бақоңыр ғарыш орны алтыншы аумақта – шөлейт аумағында тұр. Бақоңыр ғарыш айлағы кіретін, жартылай шөлейтті және шөлейтті алтыншы аумақта негізінен ксерофиттер болады, ал ылғалдылық көбірек кезедсетін уақыттарда, өсу уақыты өте аз эфемерлер жиі кездеседі. Бірақ та өсімдіктердің ауыр жағдайда өсуіне байланысты олардың дамып жайқалып кетуі екі талай болады[3-4]. Өсімдіктердің жауапты реакциясы мен фитоценоздің мәні, олардың өсіп-өну ортасына байланысты. [5]

Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен шектеседі. Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км, немесе республика аумағының 8,3 % -ын құрайды.

Қызылорда облысының табиғи байлықтарының бір қайнар көзі-өсімдіктер әлемін жете зерттеп, алуан түрлі табиғи қорларын тиімді пайдаланып, оларды әрі қарай сақтап, көбейтіп, сирек кездесетін, жойылуға таянған түрлері мен бірлестіктерін қорғау үшін өсімдіктерді танып білудің орны ерекше.

Кейiнгi жылдары айтылып жүрген ғылыми әдебиеттердегi есептер бойынша Қызылорда облысы көлемiнде 756-819 аралығында мәдени және жабайы өсiмдiк түрлерi бар. Қазақстан Республикасынық өсiмдiк түрлерiн 5754 деп есептегенде облыстың өсiмдiк түрлерi оның 15-16 құрайды Олардың арасында мал азықтық өсiмдiктер 212 түрден 30,7, шипалы (дәрiлiк) өсiмдiктер 54 түрден (7,8), балдық өсiмдiктер 92 түрден (13,3) тұрады. Осы өсiмдiк түрлерiнен 1981 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына төмендегi түрлер кiргiзiлген: қоңыр жүзгiн, борщов қызғалдағы, қара жемiстi итжүзiм, леман күшаласы, кiшi наяда, бүршiктi альдрованда, спиралдi валлиснерия, дәрмене жусан. Сонымен қатар сұрғылт жапырақты тораңғыл тобы да құрып кету қаупiнде. Осы өсiмдiк түрлерiнiң жай-күйлерiн зерттеп және оқып бiлуде олардың тұқымдастарын, туыстарын және түрлерiн анықтаудың үлкен маңызы бар.

Шөл және шөлейт зонасы екіге бөлінеді- солтүстік және оңтүстік. Экожүйенің мамандары шөл және шөлейтті бес ендік зонаға бөледі- солтүстік далаға айналған жерлер, орта, оңтүстік, құрғақ тау етегі және өте құрғақ тау етегі. Шөлдер рельефтердің ерекшелігімен ажыратылады. Қазақстанда құмды шөлдер көп (Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Есік Атырау, Арал бойы Қарақұмы). Қазақстанда сазды шөлдер, құмды шөлдердің арасында немесе солармен қатар тұрады. Ең ірі сазды шөлдер – Үстірт пен Бетпақдала. Лессті сазды жерлер - Қаратаудың айнала кең алқабын алып жатыр. Сорлы шөлдер барлық шөлді аймақта ұсақ сулы орындарда кездеседі. Шөлді аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары- бұталы, құмды бұталы, эфимериодты-жартылай бұталы, бұталы-сексеулді, эфимериодтарға бай үлкен шөптермен және жартылай бұталықты және эфимериодты - псаммофитті- бұталардан тұрады. Шөлді және шөлейт аймақтардағы өсімдіктерді түрлік құрамына қарай бірнеше топқа біріктіруге болады: құмды шөл өсімдіктері, сазды шөлдер өсімдігі, тастақ шөл өсімдіктері, сортаң шөл өсмдігі. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария өзенінің аңғарларына тән. Ғылыми жобада қойылған мақсат міндеттерге сәйкес зерттеу жумыстары жүргізілді. Ең алдымен біз Байқоңыр ғарыш айлағы экологиялық жағдайымен таныстық. Зерттеудің келесі кезені осы аймақта өсетін осімдік әлемінің динамикасын карастыру болып келді. Зерттеу жұмыстарыжаз мезгілінде жургізілді. Байқоңыр ғарыш айлагы төнірегінде өсетін өсімдіктерінен біз бірнеше өсімдікке сипаттама жасадық, олардың ішінен шөл және шөлейт өсімдіктері, нақты айтқанда Қалталы ебелек, Қалталы ебелек, Тарбақ климакоптера, Кәдімгі жантақ,- Кәдімгі жантақ, Кәдімгі түйетабан, Шығыс зосимия, Үрмежеміс қияқөлеңі, Ермен жусан. Сонымен қатар біз аталған өсімдіктердің Қалталы ебелек, Тарбақ климакоптераның динамикасын қарастырдық.

Байқоныр ғарыш айлағынан 100 метр және 500 метр қашықтықта өсетін өсімдіктердің биоэкологиялық сипаттамасын жасадық. Ең бірінші өсімдіктің тамыр жүйесіне сипаттама жасалды. Байқоңыр ғарыш айлағы аймағындағы өсімдіктер мүшелерінің анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін сипаттау үшін зерттеу жұмыстары мынадай нүктелерде жүргізілді:

1. Байқоңыр ғарыш аймағындағы табиғи фитоценоздар (бірінші нүкте 100 м);

2. Байқоңыр ғарыш аймағындағы табиғи фитоценоздар (екінші нүкте 500 м);

Кесте 1

Байқоңыр ғарыш айлағынан түрлі қашықтықта өсетін өсімдіктердін биологиялық сипаттамасы

Өсімдік атауы

Тамыр ұзындығы

Жапырақ тақташасы ұзындығы

Қашықтық

Тарбақ Климакоптера Climacoptera brachiata (Pall.) Botsch

27см

5,5 см

100метр

Қалталы ебелек- Ceratocarpus urticulosus Bluk

38см

6 см

100метр

Кесте 2

Байқоңыр ғарыш айлағынан түрлі қашықтықта өсетін өсімдіктердін биологиялық сипаттамасы

Өсімдік атауы

Тамыр ұзындығы

Жапырақ тақташасы ұзындығы

Қашықтық

Тарбақ Климакоптера Climacoptera brachiata (Pall.) Botsch

36см

7см

500 метр

Қалталы ебелек- Ceratocarpus urticulosus Bluk

43см

8см

500 метр

Әрбір биоценоздың негізгі құрам бөлігі - өсімдік. Табиғи фитоценоздарда кездесетін өсімдіктердің қазіргі кездегі ішкі құрылымын зерттеу - өсімдіктердің табиғи және техногенді әсерлерден өзгерген қоршаған ортамен өзара әрекеттесу механизмін түсіндіреді. Өсімдіктер мүшелерінің анатомиялық құрылысын қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық жағдайында өсімдіктер төзімділігінің қосымша көрсеткіші ретінде пайдалануға болады. Топырақтың және өсімдіктің ракеталық жанармай қалдығымен ластануы жағдайында өсімдіктердің анатомиялық көрсеткіштерін фитоиндикацияға пайдалануға болады.

Пайдаланған әдебиет

  1. «Дала мен қала» газеті, Бейсенбі, 14-сәуір, 2011 №14

  2. «Егемен Қазақстан» газеті, 2009ж,Сенбі 17 қазан

  3. Жаңалықтар. Бүгін: Бейсенбі, сәуірдің 14, 2011ж., 07:29

  4. Ашықбаев Н. Есіркепов У. Өсімдік қорғау:Оқу құралы.-Астана:Фолиант,2010.-256б

  5. Әбілов Д. Өсімдік тіршілігінің кейбір сырлары.-Алматы:Мектеп,-1978.-50б

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!