Материалдар / Көшпелі өркениет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көшпелі өркениет

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшпелі өркениет жайылымдық малшылықты жетілдіру негізінде қалыптасты. Көшпелі өмір салтының мынадай белгілері бар: 1) мал бағу шаруашылықтың басым түрі; 2) жыл бойы малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылық-тың экстенсивті тәсілі, 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп қону, 4) қазіргі капиталистік рончолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы. Көшпелілерде қауымдық тұтастық болып, оларда туысқандық, рулық байланыстар ең құнды болып есептелінеді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау. Ата қоныстың әр географиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзендер, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жатқан молалардан т.б. тұрады.Көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2021
3032
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәдениеттану

Рахатова Аяжан 29 топ

Тақырыбы: Көшпелі өркениет құндылықтары




Бақылау сұрақтары:


1.Көшпелі өркениеттің ерекшелігі.


Көшпелі өркениет жайылымдық малшылықты жетілдіру негізінде қалыптасты. Көшпелі өмір салтының мынадай белгілері бар: 1) мал бағу шаруашылықтың басым түрі; 2) жыл бойы малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылық-тың экстенсивті тәсілі, 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп қону, 4) қазіргі капиталистік рончолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы. Көшпелілерде қауымдық тұтастық болып, оларда туысқандық, рулық байланыстар ең құнды болып есептелінеді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау. Ата қоныстың әр географиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзендер, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жатқан молалардан т.б. тұрады.Көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды.Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Ондай мәдениет үлгілеріне киіз үй, ер-тұрман, ат әбзелдері, теріден, ағаштан жасалған бесік, басқа да тұрмыстық заттары жатады.


2.Көшпелілер дүниетанымы?

Көшпелілер дүниетанымында Тәңірлік дүниетаным елеулі орын алады. Тәңірі – көк аспан, шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің ең құдіретті жаратылысы көктегі Күн болатын. Сол себепті көшпелілер Күнді Тәңірінің көзіне балап, киіз үйлерінің есігін күнге қаратып тігіп, шығып келе жатқан күнге ақ шашып тәу ететін болған.


3.Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының рөлі?


Көшпелілерде мал шаруашылығының жайылымдық түрі шаруашылықтың басты түрі саналды. Олар жер жағдайына қарай маусым бойынша көшіп қонып отырды. Қалыптасқан дәстүр бойынша маусымдық жайылымдарды рулар бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын түсіну, оның ішкі заңдылықтарын терең білу, болжамдық көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарына жатады.


4.Көшпелілердің әлеуметтік тектік типтері?


Көшпелі қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Көшпелілерде далалық ауызша тарихнама бойынша 20 – 30 атаға дейін көз жазбай, атадан балаға тарататын шежірешілдік дәстүрдің орны ерекше болған. Жеті атаға деген қыз алыспайтын болған.


Айтылған ой-тұжырымдардың біреуін таңдап, мазмұнына сипаттама беріңдер

Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шөл мен шөлейіттерді үйлесімді игере алды.

Көшпелілерге шөл мен шөлейт далаларда егіншілікпен шұғылданудың тиімсіз екендігі белгілі болды. Табиғатта құрғақшылық күшейіп, жауын-шашын азайды. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Далалықтар көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты.Адамдар жылқыны азық және мініс көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді әрі қыста тебіндеп жайылады, шөпті қар астынан тұяғымен аршып алады. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйе өсірудің маңызы зорболды. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Түйе жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Солтүстік аймақта сиыр, ал оңтүстікте қой көп өсірілді.


Күрделі терминдермен жұмыс:

Көшпелілер өркениеті – түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты.

Көшпелі мал шаруашылығы – бұл өндірістік экономиканың ерекше түрі, онда басым кәсіп жылжымалы мал шаруашылығы болып табылады, ал халықтың көп бөлігі жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қонып отырады.

Тәңірлік дін – түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни нанымы. Табынудың басты объектісі - Тәңір. Тәңірі (көне түркі тілінде – мықты, ер, құдіретті) – көне түркілердің діни наным-сенімдеріндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі есебіндегі аспанмен теңестірілген басты Құдай бейнесі.

Шаманизм –діннің ерте формасы, оның негізінде шаманның (бақсының) транс күйіндегі рухтармен қарым-қатынасына деген сенім жатыр.


Көшпелі өркениет құндылықтары.


Материалдық мәдениет құндылықтары

Рухани мәдениет құндылықтары

киіз үй, көшпелілердің зираттарын зерттеу жұмыстары кезінде табылған қару-жарақтар, ат әбзелдері, темір жебелер, қанжар, семсер, кісе белдік, т.б сәндік бұйымдар; аң стилі; тұрмыс заттары: ағаш кереует (тосағаш), құндылықтар мен киімдерді сақтауға арналған сандықтар, сырылған көрпелер, үлкен дөңгелек үстел, бесік; керамика ыдыс-аяқтар, олар күйдірілген пештер Отырар, Ақтөбе, Тараздағы қазба жұмыстары кезінде табылған.




руна жазуы, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, діни наным-сенімдері: Тәңіршілдік, тұмарлар жасау ісі, отқа табынушылық, ата-баба аруағына табыну, жерлеу салты.



Қосымша тапсырма тест жұмысы

1.Мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығын қалай атайды?



А)егіншілер Ә)көшпелілер Б)жауынгерлер В)зерттеушілер



2. Көшпелілер өмірін кімдер зерттеген?



А)ақын-жазушылар Ә)тарихшы,зерттеуші, ғалымдар Б)жауынгерлер В)көсем, патшалар



3.Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген скиф –сақ тайпаларын мадақтап жазған тарихшы кім?



А)Шоқан Уәлиханов Ә)Ктесий Б)Анақарыс(Анахарсис) В)Геродот



4.Қытайда, Еуропада көшпелілер, скиф –сақ тайпалары туралы қандай түсінік қалыптасты?



А) қанатты халықтар Ә)көрші халықтар Б)малшы адамдар



В) «көшпелілер –жабайы, мәдениеттің қас жауы», тағы



5.Сақтардан көршілері неге қауіптеніп отырды?



А)Сақтар көшіп-қонып тіршілік ететін адамдар болғандықтан



Ә)Сақтар соғыс өнеріне жетік, жауынгер халық, батыр, ержүрек халық болғандықтан



Б) Сақтар, көшпенлілер туралы кері көзқарас қалыптастырғандықтан



В)Сақтар далалы, шөл, жартылай шөлейт, құрғақ далалар, таулы, жаңбыры аз жерде тұрғандықтан



6.Кеңестік идеология неге көшпенділер туралы кері көзқарас қалыптастырды?



А) Халықтың тарихын, дәстүрін, мәдениетін жою мақсаты болды.



Ә) Көшпелілер өмірін зерттеу үшін



Б) Скиф –сақ тайпаларын мадақтап жазу мақсаты болды.



В) Көшпелілер, скиф –сақ тайпалары туралы жақсы түсінік қалыптастыру мақсаты болды



7.Қазақстанның табиғи-климаттық аймақтары қандай?



А) далалы, шөл, шөлейт, ылғалды далалар, таулы, жаңбыры мол



Ә) далалы, шөл, шөлейт, ылғалды далалар, таулы, жаңбыры көп



Б) далалы, шөл, жартылай шөлейт, құрғақ далалар, таулы, жаңбыры аз



В) далалы, шөл, шөлейт, құрғақ далалар, таулы, жаңбыры мол



8.Сақтар мемлекетінде кімдердің орны жоғары болды?



А)жауынгер, қолбасшы, батыр, патша, көсем, әскер, абыз, ру мүшелері



Ә)тарихшы, зерттеуші, ғалым



Б)шеберлер, қолөнершілер



В) егіншілер, малшылар, қолөнершілер және т.б.



9.Сақ жауынгерлері қолына не ұстаған?



А)ыдыс-аяқ



Ә)темір қару-жарақ, сауыт-сайман.



Б) бұйым, зат



В)кітап, қағаз



10.Сақ патшайымы Тұмар кімнің ұрпағы?



А) Ишпақайдың Ә)Кирдің Б)Герадоттың В) Спаргаптың



11.Тұмардың анасы туралы не білеміз?



А)дүниеге келген Ә)қаза табады Б)тәрбиелейді В) қайтыс болады.



12.Томирис бала кезінен қолына ұстап өскен?



А) әшекей, алқа Ә)семсер Б) құмыра В) жәдігерлер



13.Кирдің арманы қандай болған?



А) қабылдамау Ә)қолөнермен айналысу Б)елді жаулап алу В) егінші болу



14.Парсылар дариядан өту үшін не салады?



А) қазба Ә) қорған Б) жол В)көпір



15.Ежелгі көшпелілер қандай болған?



А) тұтқын Ә) нәзік Б)жабайы В) шебер



16.Украина археологтары қандай бұйымдарды тапқан?



А)аяқ киім Ә) «пектораль»алқасы Б)кітап В)бас киім







17.«Золотая могила» қорғанынан табылған әшекей бейнелер қандай тақырыпқа құрылған?



А)табиғат Ә)аң-құс Б)ғарыш В)орман-тоғай



18.Табылған әшекей, бұйымдар неден жасалған?



А)саз балшықтан Ә)саф алтыннан, күмістен Б)темірден В)қоладан



19.Сақтар кейінгі ұрпаққа қалдырған «Алтын адам» қайдан табылған?



А)Есік қорғанынан Ә)Жетісу жерінен Б)Алтайдан В)Сарыарқа даласынан



20.Қорғаннан табылған алтын адамнынң киіміне қарап, оның кім екенін білуге болады?



А)патша сарайы мүшесі немесе бір тайпа елдің көсемі



Ә)зерттеуші, тарихшы, ғалым



Б)жазушы, ақын



В) басшысы, билушісі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!