×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ЕУРАЗИЯ МӘДЕНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ

Автор:Шуршитбай Майра
Бағыты: Мәдениеттану
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2018-11-14

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Мәдениеттану мамандығы, пәні бойынша білім алушыларға

Шуршитбай Майра

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ЕУРАЗИЯ МӘДЕНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ

Мақалада Еуразия кеңістігіндегі ежелгі және ортағасырлық көшпенділердің Еуразиялық мәдени қалыптасу тарихы мен әлемдік мәдениетке ықпалы, әртүрлі елдер мен халықтардың, өркениеттердің тағдырлары, әрбір халықтың, әрбір өркениеттің ерекшелігі мен өзгешелігі қарастырылады.
Түйін сөздер: Көшпенділер, Еуразия, мәдениет, өркениет.

ВЛИЯНИЕ КОЧЕВНИКОВ НА КУЛЬТУРНОЕ ДОСТОЯНИЕ ЕВРАЗИИ
Данная статья рассматривает вопросы о становлении древней и средневековой культуры кочевых племен на Евразийском пространстве и их влияние на мировую культуру разных стран и народов, судьбы различных цивилизации и особенность народов в целом.
Ключевые слова: Кочевники, Евразия, культура, цивилизация.

ON INFLUENCE OF NOMADIC PEOPLE TO THE CULTURE ON THE EURASIAN INTEGRATION
This article to learn about the details of the nomadic people and nomadic cultures and their impact on the Eurasian integration including the influence to various countries and peoples, civilizations in the ancient and medieval century.
Keywords: Nomadic people, Eurasia, culture, civilization.

Бүгінгі таңда елімізде көптеген мәдени мұраларымыз қайта жаңғыртылып, тарихымыз тағы да бір саралауды қажет етуде. Рухани мәдениетіміз бен материалдық мәдениетімізді қайтадан зерттей, дерделей келе Қазақстан жер орналасуына байланысты Еуразияның қақ ортасында екені бәрімізге анық. Сондықтан тарих анық көрсетіп отырғандай көп елдердің мәдени құндылықтарымен біздің мәдениетіміз тығыз байланыста екені мәлім. Осыған орай, көшпенділердің еуразия мәдениетіне ықпалын жеке зерттеу бүгінгі таңда өзекті қажеттіліктің бірі. Көшпенділердің Еуразия мәдениетіне ықпалы деген кезде біздің ойымызға бірден келетін ой көшпенділер кімдер? Жалпы адамзат тарихына көз жіберсек, “көшпенділер” деген атпен әйгіленген сақ-скиф тайпа бірлестіктеріне кіретін халықтар өмірі мен мәдениеті еске түседі. Көшпенді бабаларымыз кезінде бір шеті Қытай, екінші шеті Солтүстік мұзды мұхит бір жағы батыс Европаны басып өтіп, Мысырға дейін көшіп-қонып, әр дәуірде билік құрып, үстемдік еткен. Олардың сол кезеңдерде түрлі елдің мәдениетіне, өнеріне тигізген әсері ұшан-теңіз. Бүкіл әлем халықтарының өнерінде, әсіресе сәулет саласында тайға таңба басқандай көшпенділер ықпалының табы, стилі сезіледі. Көшпенділердің сол мәдени ықпалын қаншама жылдар бойы ұлы державалық саясат жасырып-жауып айтпай келді, тек соңғы кездерде ғана сең сөгілгендей болды. Тарихи шындықты қалай да бұрмалап, бүркемеленгенмен, бәрібір түнекті жарып шығып, өз орнын табады, солай болды да.
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығыболған негізгі қалалар. Отырар – Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көшпеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Сонымен қоса көшпенділердің мәдениетіне көптеп ықпал еткен ол Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы-адамзат тарихының дамуында біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Батыс пен Шығысты байланыстыратын құрылық аралық жол ретінде қызмет еткен бірегей тарихи ескерткіш. Біздің өлкеміз арқылы өтетін Қазақстан бөлігіндегі басты бағыттардың ішінде Оңтүстік бағыт-сауда орталықтарының шоғырлы бөлігі екені белгілі. Оның көп ғасырлық тарихы әлем мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан мұра болып табылады және адам баласының бірнеше мың жылдар бойы жасаған тарихи мұралары қазіргі мәдениетіміздің тұғыры ретінде келешек ұрпаққа сақталынуы қажет.
Еуразиялық кеңістік көшпенді елдердің ата қонысы болып қана қоймай, көптеген әлемдік мәдениет иелерінің көне бесігі.
Б.э.д I-ші мың жылдықтың ортасында Еуразия тайпаларының мәдени-шаруашылық бағытта дамуына көшпенділік негіз болады. Адамзатқа көптеген маңызы бар бұл өркениетің шығуын далалық революция деп айтуға болады. Көшпелі өркениет-бұл батыстық және шығыстық өркениеттен өзгеше, ерекше әлем.[1]
Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия түйіскен Жібек жолы өтетін қалаларда бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің бір-бірімен сіңісуімен бірін-бірі байытуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Соның барысында жер өңдеу, қала тұрғызу, сәулет өнері жоғары дамыған. Адамдар табиғат жағдайын ескере аңшылық, жер шаруашылығы, бау-бақша, қол өнер, мал шаруашылығымен айналысқан.
Осы көшпенділер өркениетінің өмір сүруіндегі классикалық дәуірін үш кезеңге бөлуге болады:
Ғұндар (б.э.д IIIғ-б.э Vғ) – Ұлы Даланың саяси картасы өзгеріп жатқан кезі және белгілі бір территориядағы (Қытай, Үнді, Еуропа) жаңа этномәдени қоғамдастықтың қалыптасуы кезіндегі халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Түркілер (б.э. VI-XII ғ) – Орталық Азияның, Жазықтардың, Оңтүстік Сібірдің түркіленуі.
Моңғолдар (б.э. XII-XIV ғ) – Шыңғысхан державасының өмір сүруі барысында жаңа этникалық және саяси картаның пайда болуы.[2]
Еуразия көшпенді халқының өмірлік іс-әрекеттері қарқынды өрлеуді сынап жатқанда, Моңғолия жазығында 24 ғұн руларынан құралған көшпелі Ғұн державасы алғашқы түркітілдес халық болды. Нойын-Ұлыдағы ғұн жерлеуінде табылған олжа олардың Қытаймен және Батыс аймақтарымен байланысын көрсетеді. Қытайлардың ғұндарға беріп отырған салықтарынан жібек маталар, тоқымалар, сәулет бұйымдары кездеседі. Л.Н. Гумилевтың ойынша б.э.д II мың. ғұндар бірлестігі төрт тармаққа ыдырайды: біріншісі сяньби тайпаларына бағынады, екіншісі қытай тайпаларына, үшіншісі Еуразияға шегінеді, ал төртіншісі Тарбағатайда, кейін Жетісу және Жоңғарияда бекінеді.[3] Кеңістікте болған көшпелілердің қоғамдық-саяси әрекеттеріне байланысты жаңа трансконтиненттік байланыс орнатылады. Жаңа мәдениет түрлері енеді. Көшпенділер барлық осы үдерістер барысында этникалық саяси және мәдени құрылым кеңістігіне қатысты.
Б.э. VI ғ ортасында Ұлы Дала жазығында түркітілдес халық – түркілер бекінген және ру басын Ашын билеген. Ұйғыр, жужандармен ойдағыдай жеіңсінен кейін түркі көсемі Бумын 551ж өзін қаған жариялаған. Келесі жеңістері түркілердің иелігін барлық Орталық Азияға, Маньчжуриядан Керчь бұғазына дейін, Енисейдің басынан Амударияның басына дейін кеңейткен. Бұл түркі тайпаларының Батысқа, Вольгаға қарай салмақты қоныс аударуына соқтырды. Бұл түркілердің салт-дәстүрі мен мәдениетінің ізі күллі Еуразия құрлығында жатқанын көрсетеді. [4]
VI ғ. 80 ж басында Бірінші Түрік қағанаты тарихта алғашқы рет іс-жүзінде бүкіл Еуразия даласын бір мемлекетке біріктірген. Сонымен қатар Ұлы Жібек Жолының негізгі нүктесі болған ежелгі отырықшы өркениет Соғды мен Бұхара қалалары түркілердің қолында болған. Қалалар – сауда, қолөнер және мәдениет орталығы болып келген. Түріктердің автохондық отаны Орталық Азия. Осы кең байтақ географиялық Орталықта өзінің дамуы бойынша әр-түрлі сатыда тұрған тайпалар, халықтар жасап, өмірдің эволюциялық даму заңдылығы бойынша өзара келіспеушіліктер болғанымен, оларды бейбітшілік жолмен шешіп отыруларының арқасында түріктердің этникалық құрамы өзгеріп отырған. Түріктер жер бетінде жоғары дамыған халықтардың бірі екенін тарихта талай рет дәлелденген.
Моңғолдар барысында өркениетті кеңістік болашақ Ресейдің этникалық қалыптасу сатысы басталады. Алғашында Оңтүстік Сібір және Дала қосылып өзіндік Шыңғысхан зонасы қалыптасып, оның қимылына ерген. Діни-мәдени тұрғыда бұнда ислам, буддизм, шаманизм діндерінің шүбарлануы сезіледі. Ақырындап орыс-татар бірігіп тіршілік етуі басталады. Орыстар Далаға енеді, ал татарлар Русь жеріне отырықтанып біріккен эканомикалық, белгілі бір деңгейде мәдени кеңістік ресімделе бастайды. [5]
Қорыта келгенде Азия даласында болған мәдени процесстер отырықшы зоналарға қарағанда, дүниежүзілік тарихқа маңызы кем болмады. Барлық ірі аймақтар Еуропа, Индия, Қытай,Алтын Орда көбінде көшпенділер барысында біріктірілген біріңғай геомәдени және макроэкономикалық кеңістікке айналды. Көшпенділер Еуразиялық мәдени құндылықтардың, әлеуметтік институттарды қалыптастыруда және көптеген халықтар мен үкіметтердің даму қарқыны мен бағыттарына әсер етті. Халықаралық коммуникациялар мен мәдени ақпараттық орталықтардың пайда болуына қатысты. Маңызды нәтижелердің бірі көшпелілер мен отырықшы қоғамдардың жуықтасулары ежелгі азиялық мәдениеттердің – түркілердің исламды қоректендіруі. Осындай қилы саяси өзара әрекеттерден ортағасырлық мемлекеттердің орталықтары, трансеуразиялық байланыс айналасы арқасында Батыс пен Шығыс өркениетінің өзара көпқырлы сауда мен мәдениеті жүзеге асқан. Ежелгі Еуразия кеңістігіндегі көшпенділер дүниежүзілік мәдениетке ықпалы зор болды.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Г.Г. Пиков. О "кочевой цивилизации" и "кочевой империи". (http://dalaruh.kz/articles/view/144).
Г.Г. Пиков. О "кочевой цивилизации" и "кочевой империи".(http://dalaruh.kz/articles/view/144).
. Становление Великого шелкового пути в системе трансцивилизационного взаимодействия народов Евразии. ().
Кляшторный, Савинов. Степные империи Евразии. 1994, 10 с.
Г.Г. Пиков. О "кочевой цивилизации" и "кочевой империи".(http://dalaruh.kz/articles/view/144).
. Становление Великого шелкового пути в системе трансцивилизационного взаимодействия народов Евразии. (

REFERENCES
1.G.G. Pikov. O kochevoj civilizacii i kochevoj imperii. (in Russ).
2.G.G. Pikov. O kochevoj civilizacii i kochevoj imperii. (in Russ).
3.L.A. Mamleeva. Stanovlenie Velikogo shelkovogo puti v sisteme transcivilizacionnogo vzaimodejstvija narodov Evrazii. (in Russ).
4.Kljashtornyj, Savinov. Stepnye imperii Evrazii. 1994, 10 (in Russ).
5.G.G. Pikov. O kochevoj civilizacii i kochevoj imperii ( (in Russ).
6.L.A. Mamleeva. Stanovlenie Velikogo shelkovogo puti v sisteme transcivilizacionnogo vzaimodejstvija narodov Evrazii. ( (in Russ).





50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: