«Көтеріңкі көңіл-күй-жанға
қуат береді»
сергіту
тренингі
Мақсаты: тренингке қатысушылардың
эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды
психологиялық ахуал қалыптастыру,
Қажетті
құралдар: қағаз, қалам, сиқырлы
қорап,
Өтілу
барысы:
-
«Бір-бірімізбен
амандасайық»
-
«Кел,
танысайық»
-
«Молекула»
жаттығуы
-
«Сеніп құлау»
жаттығуы
-
«Сурет салайық»
жаттығуы
-
«Сиқырлы
қобдиша
-
Қорытынды «Алма
ағашы»
1.«Бір-бірімізбен
амандасайық»
Мақсаты бір –біріне жақын болуға,
бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды
атмосфера қалыптастыру.
Інұсқа: оң және сол жақ
көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу
арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ
тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды
тигізу арқылы
2.
«Танысу»
Мақсаты: топқа өзінің есімін таныстыру
және тренингке белсенділігін арттыру.
Жүргізілу
барысы: Топ сағат тілімен кезекпен
кезек өзінің есіміне бойындағы ең жақсы, мақтаныш тұтатын қасиетін
айтып таныстыра бастайды. Мысалы: Қарапайым
Жангүлмін.
3- жаттығу
«Молекула»
Жаттығу
барысы
Қатысушылар атомдар секілді
қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар
молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан
ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула
құрайды.
4- жаттығу. «Сеніп құлау»
жаттығуы.
Мақсаты: Сенімділікті және
топтың тұтастығын арттыру.
Бір адам құлайды, қалған
адамдар оны тосып алады. Құлаған адам көзін жұмып еркін құлауы
қажет.
5- жаттығу. «Сурет салайық»
жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер
(парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға
қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз.
Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына
екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз.
Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып
салыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға
алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің
суреті нұсқауға сәл болса да
ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы:
егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол
семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын
соған аударып тыңдап отырған 
6 -жаттығу «Сиқырлы
қобдиша»
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер
құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға
жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап
алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға
сыйлайды.
Рефлексия: сонымен, қоршаған
орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет
көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
7 жаттығу.
Қорытынды: «Алма
ағашы»
Тренингке қатысушылар
тренингтен алған әсерлерін, жүргізушіге деген тілектерін алмаға
жазып, ағашқа іледі.