Материалдар / Коучинг 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық 5.1-үлестірме материал. «Ауызша және жазбаша кері байланыс» 5.2-үлестірме материал. «Мұғалімдерге кері байланыс беру ережесі» 5.3-үлестірме материал. «Тиімді кері байланыс ұсыну» Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы мен кері байланыс жүргізудің жолдарын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг

Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы

Күні:


Тақырып

Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы

Сілтеме

Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

5.1-үлестірме материал. «Ауызша және жазбаша кері байланыс»

5.2-үлестірме материал. «Мұғалімдерге кері байланыс беру ережесі»

5.3-үлестірме материал. «Тиімді кері байланыс ұсыну»

Жалпы мақсаты

Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы мен кері байланыс жүргізудің жолдарын көрсету.

Күтілетін нәтиже

Сабақтың әр кезінде тиімді кері байланыс бере отырып, білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасай алады.

Түйінді идея

Керіс байланыс- оқытудың тиімді құралы

Ресурстар:

АКТ, флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, таныстырылым слайдтары.

Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері



Уақыты



Коучтің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Психология-лық тренинг

5 минут

«Күн шуағы»

 тренингін ұсынады.

Тәуелсіздікке тілек

Қатысушылар күн шуағын таңдай отырып, өз тілектерін айтады

Топқа бөлу

3 минут

Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлінуді ұсынады

Қатысушылар таңдаған түстері бойынша 2 топқа бөлінеді

Тақырыпқа ену


7 минут

Қатысушылар назарына бейнеүзінді ұсына отырып, келесі сұрақтар қойылады:

1) Сабақта қандай қалыптастырушы бағалау тәсілін байқадыңыз?

2) Мұғалім сабақта оқушыларға қандай кері байланыс ұсынды?

3) Мұғалімнің сабақ барысында пайдаланған әдіс-тәсілдері оқушыларды қалай ынталандырды?



Бейнероликтегі мұғалімнің әрекетін бақылай отырып, берілген сұрақтарға жауап береді


Топтық жұмыс

15 минут

Қатысушыларға «Кері байланыс» туралы

әр топқа мәтінмен жұмыс ұсынады

Әр топ берілген мәтін бойынша постер қорғайды

1-топ. Кері байланысты беру ережесі

2-топ. Кері байлан-

ысты алу ережесі

Бағалау

5 минут

Қалыптастырушы бағалауды жүргізудегі тобыңыздың сенімділігін 1-ден бастап 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалаңыз.




1-ден бастап 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалайды




Жеке жұмыс



10 минут

Қатысушыларға жеке-жеке тапсырма ұсыну





Кері байланыс:

SMS арқылы

Қатысушыларға таңдау жасай отырып берілген тапсырмаларды орындайды

SMS арқылы өз әсерлерімен бөліседі

Бағалау

5 минут

«Қол шапалақтау» арқылы бағалау

Қатысушылар бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс

«Чемодан, себет, хат»

5 минут

Қатысушыларға стикер таратылады

Коучинг туралы ой-пірлері мен бөліседі, ұсыныстарын жазады.















Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу




  • Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады. 



  • Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.



  • 1-сыныпта жиынтық бағалау екінші жартыжылдықта өткізіледі. 



  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде тоқсан басында білім алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады. 



  • Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. 



  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді. 



  • Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады. 













Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі   білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

  •     Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Қарағанды қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 27 маусым мен  22 шілде аралығында  қазақ тілі пәні бойынша  педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті.

  •   Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап,  жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.  Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда  оқушылардың бойында тілдік құзіреттіліктерді   қалыптастыру бойынша қолданылатын белсенді оқыту стратегияларымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық.    Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.

  •   Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», «Әдебиеттік үйірме», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі», т.б.

  • Курстан өте көп жаңалық, білім алдық.  Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген тренеріміз Смайл Айкен Исатайызына  айтар алғысымыз мол! «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді. Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізді қайта түсінідіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді.  Курс аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті.

  • Қорыта келе, мен мақаламды  ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай  жаңа білім беру  -  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!









Аңдатпа

Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген Кембридждің сыңдарлы оқыту теориясына негізделген Бағдарлама бойынша  өз білімімді жетілдіріп, білгенімді тәжірибеде іске асыруға келгенде толғандырған бір мәселе алдымда тұрды, ол бастауыш кластарда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды сабақтарда тиімді қолдану.Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Бұл тапсырмалар дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау жасайтын болуы тиіс деген қағиданы басшылыққа алып, сол тапсырмаларды құрастыруға кірістім. Осы ізденістің нәтижесінде құрастырылған тапсырмалар, қысқа мерзімді жоспарлар оқушыларға білім беру барысында өз септігін тигізеді деген оймен ұсынып отырмын.

Алғысөз

Бүгінгі күні білім әлеуметтік және экономикалық  прогреске жеткізетін маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылуы керек. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш –  білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты  жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі –  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесі бойынша сараптау .

І тарау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

  • оқушылардың білім сапасын арттырады;

  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Бүгінгі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде  оқушы білімі – қалыптастырушы және жиынтық бағалау негізінде  бағалануда. Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты– оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін. Сабақ барысында  қалыптастырушы бағалаудың  формальді, формальді емес  әдістерін тиімді әрі жүйелі  қолдану қажет. Формальді бағалау әдісі  нақты оқу мақсатына  негізделіп жүргізіледі. Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе жазбаша түрде «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрі бойынша қорытындыланады. Формальді емес қалыптастырушы бағалау әдісі белгілі бір талаптарға сай ауызша немесе жазбаша жүргізіледі. Бұл қалыптастырушы бағалауда оқушы білімінің нәтижесі «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрлері бойынша емес , ауызша мадақтау немесе  белгілі бір шартты қимыл арқылы қорытындыланады

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу –  жиынтық бағалаудың  нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы.

 

Оқу біліктілігіне негізгі мінездемелер:

  1. Түсініп оқу:

түсініп оқу дегеніміз – оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну;

мәтіндегі тура және тура емес мағынада берілген сөздердің мағынасын түсіну;

мәтіннің ішіндегі сөздер байланысын түсіну;

мәтіннің жеке бөлімдерінің пәндік жоспар мазмұнын түсіне білу (абзатц, бөлімдері, эпизодтары);

мәтіннің мазмұнын тереңдеу түсіне білу (жазушы бұл шығарма арқылы нені, қандай ойды білдіргісі келді).

  1. Оқудың жылдамдығы:

оқу техникасының нақты компоненті- оқу тәсілі. Оқудың буындап оқу,  тұтас сөздерді оқу, бірнеше сөздерді қатар оқу түрлері бар. Оқушыны буындап оқудан жылдам  тұтас сөздерді оқуға үйрету керек және оқуда сөздерді оқу жылдамдығын күшейтуге тырысу керек.

  1. Мәнерлеп оқу: мәнерлеп оқуда оқушы екпінге интонацияға көңіл аударып, кейіпкердің, автордың сөздерін дұрыс мәнерлеп оқып беруі тиіс.

 Мұғалім тексеру барысында мынаға көңіл бөлген жөн:

1.Оқушылардың тексті оқуда жылдамдығын тексеруде барлық оқыған сөздер, бір әріптен тұратын сөздер де есептеледі.

  1. Оқушылардың тексті оқуда дұрыс оқуын тексеруде мыналар қате деп есептеледі:

егерде әріпті ауыстырып оқыса;

оқуда әріпті тастап кету;

оқығанда өздігінен әріп қосса;

оқығанда әріптерді, буындарды, сөздерді қайталай берсе;

–  оқығанда   сөздегі екпінді  дұрыс қоймаса; интонацияға көңіл бөлмесе.

мәнерлеп оқуға көңіл бөліну керек.

 

 «Әдебиеттік оқуды» бағалау критерийлері:

Тоқсанның аяғында оқушылардың оқу біліктілігі  мынадай критерийлер бойынша бағаланады: түсініп оқу, жылдам оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу.

«5» – егерде осы аталған төрт критерийлер орындалса;

«4»- егерде аталған критерийлердің  біреуі орындалмаса;

«3»- егерде  аталған критерийлерден  екеуі орындалмаса;

«2» – егерде аталған критерийлерден үшеуі орындалмаса.

Өлеңді жатқа айтуды бағалау критерийлері:

«5» – мәнерлеп жатқа айтып берсе;

«4» – жатқа айтуда өз қателерін өзі түзетіп жатқа айтса;

«3» – мәнерлеп оқымаса, өлеңді  жатқа оқығанда қателер жіберсе;

«2»- жалпы  өлеңді жатқа білмесе немесе толық жатқа айталмаса.

Өлеңді мәнерлеп оқуды бағалау критерийлері:

Өлеңді мәнерлеп оқуда мына талаптарға ұстаным жасау керек:

  1. Логикалық екпінді дұрыс қою;

  2. Пауза қоя білу;

  3. Дұрыс жылдам оқуды сақтау;

  4. Интонацияға көңіл бөлу;

  5. Қатесіз оқу.

«5» – аталған барлық талаптар сақталса;

«4» – аталған талаптардың 1-2- і орындалмаса;

«3» – аталған үш талап бойынша қате жіберілсе;

«2» – аталған талаптардан -3-4, немесе одан да көп жіберілсе.

Мәтінді рөлге бөліп оқуды бағалау критерийлері:

Мәтінді рөлге бөліп оқығанда мынадай талаптар қойылады:

уақытында өз сөздерін оқи білу;

дұрыс интонация қоя білу;

қатесіз оқу;

мәнерлеп оқу.

«5» – барлық аталған талаптар орындалса;

«4» – аталған талаптардан бір қате жіберілсе;

«3» – аталған талаптардан екі қате жіберілсе;

«2» – аталған талаптардан үш және одан да көп қате жіберілсе.

Мазмұндауды бағалау критерийлері:

«5» – оқыған мәтіннің мазмұнын толық айтып берсе, сұрақтарға жауабын мәтіннен таба алса, мәтіндегі ең негізгі ойды айтып берсе;

«4» – мазмұндауда 1-2 қате жіберсе, бірақ өз қатесін түсініп өзі түзетсе;

«3»- мұғалімнің   көмегімен мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып мазмұнын айтса; өз бетімен мазмұнын айтып бере алмаса, бірақ мазмұнын түсінсе;

«2» – жалпы оқыған мәтінді түсініп мазмұнын айта алмаса.

ІІ тарау. Оқыту мен тәрбиелеу егіз ұғым екенін ескере отырып, ұлы жазушыҚадыр Мырзалиев былай деген«Баланың тентектігін қойдырам деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме»

яғни бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы айта кететін болсақ кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін.Олар түрткі сұрақтар, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы пікірталас кезінде көп туындайды. Сабақ кезінде оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында бір-бірімен сұхбат жүргізеді. Яғни талқыға салады. Ойдан ой туындайды, идеяларын бөліседі, онысын дәлелдеуге тырысады, бір-бірімен келіспейтін кездері де болып жатады, яғни өздерінің бойына сенімділік ұялап, сабаққа деген ынтасы артып, өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді. Оқушыларға ойын кеңейтетін, яғни ойын дамытатын тапсырмалар беріп отырсақ, онда олардың ойлау деңгейлерін көтеріп, сөйлеу дағдыларын арттырамыз деген ойдамын. Сабақ соңындағы кері байланыстың өзін де диалогқа жатқызуға боладыСабақ кезінде көбінесе мұғалімнің сұрақ қойғанынан гөрі оқушының оқушыға сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Мұндай сәтте жауап дұрыс болмай қалған жағдайда басқа жауап беретін оқушы бар ма деп мұғалімнің қайта бағыттауына болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді. Яғни оқушылар арсында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артады, білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды, жояды.

 

Осы теориялық құндылықтарды басшылыққа ала отырып , сабақ жоспарыма критериалды бағалауды оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып мүмкіндігінше қолоданамын. Осы аралық уақытта оқушыларым ынтымақтастық аясында топпен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға, топ басшылары бағалау парақшасымен жұмыс жасауға, топтар бірін –бірі бағалауға қалыптасып қалды.

 

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері.

Мақсаты: Ел рәміздері туралы оқушыларға ұғым бере отырып, оқушының ой-өрісін  өзін-өзі реттеу арқылы жетілдіру, патриоттық сезімін ояту,шығармашылыққа жетелеу.

Жұмыс нәтижесі: Ел рәміздері туралы тереңірек мағлұматтар алады,алған мәліметтерін өмірде пайдалана алады.Тақырыптың мазмұнын  түсіну арқылы шығармашылығы қалыптасады.

Сілтеме: Әдебиеттік оқу және хрестоматиясы. Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова.Б.Қабатай.

Негізгі идеясы: Еліміздің рәміздері  туралы толық  ақпарат алуы

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:Диалогтік оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу:АКТ-ны қолдану;кубизм стратегиясы,ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;Оқуды және оқыту үшін бағалау;Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

Ресурстар: постер, түсті қағаз, маркерлер,дидактикалық материалдар, компьютер,смайликтер, стикерлер,формат А-3

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу,мақсат қою.

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

  1. Үйге тапсырма

  2. Бағалау

Үйге тапсырма: ел рәміздерін жаттау, мәлімет жинақтау.

 

 

 

Ойлауды Блум бойынша

жіктеу

 

 

Мақсат

 

 

Тапсырма түрі.Түрткілер

 

 

 

Нәтиже

 

Бағалау

 

 

 

Критерийлер

дескриптор

ұпай

Білу

Психологиялық ахуал.

Топқа бөлу: «Сурет бойынша»

Өткен тақырыпты тексеру.Қызығушылығын ояту

 Астана туралы эссені автор орындығында отырып оқып шығады.

 Өткен тақырыптар бойынша білімін көрсетеді

Білім көлемін

зерделеу

Жауап толық

3


Жауап толық емес

2

Жауап берген жоқ

1

Түсіну

Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу

 Оқулық бойынша мәтінді топқа бөліп оқу түртіп алу, Инсерт ойынын қолдану

Ел рәміздерң туралы толық мағлұмат алды

Тақырыптың негізгі идеясын табу

Мәтінді меңгерді

 

2

 

 

Қателіктері болды

1

Меңгере алмады

1

Қолдану

Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындау

Топтық жұмыс

1-топ ҚР мемлекеттік гимні

2-топҚР мемлекеттік туы

3-топ ҚР мемлекеттік елтаңбасы

Алған білімін тәжірибеде қолдана алды

Іс тәжірибесі

дағдысын қалыптастыру

Тапсырманы толық ашты

 



Жартылай ашты

 

1

Аша алған жоқ

 

1

Талдау

Аудио тыңдау арқылы,гимн,елтаңба,туды ажырату

  Көк тудың желбірегені, гимн,Жаса қазағым.

Тыңдау арқылы ажырата білді

Тапсырманы дұрыс орындау

Тапсырманы дұрыс орындады

 

 

 

 

 

 

2

Тапсырманы дұрыс түсінбеді

 

 

 

1

 

Түсінбеді

 

1

Жинақтау

Алған білімдерін реттеу

 

 

Кубизм арқылы жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қою

Алған білімдерін реттігімен

көрсете алады

Тапсырманы орындау деңгейі

Тапсырманы дұрыс орындады

2

Дұрыс орындай алмады

 

1

Орындаған жоқ

1

Бағалау

Дүниетанымын кеңейту

«Смайликтер»

Стикерлермен

Ойланып, шешім қабылдайды

Логикалық ойы

Ойларын жеткізе алды.

2

Қателіктері болды

1

ойлары жеткізе алмады

1

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала. Еліміздің картасы

Мақсаты: Астана туралы,еліміздің картасы туралы  оқушыларга ұғым бере отырып, оқушының ой-өрісін  өзін-өзі реттеу арқылы жетілдіру, шығармашылыққа жетелеу

Жұмыс нәтижесі: Елордасы Астана туралы тереңірек мағлұматтар алады,алған мәліметтерін өмірде пайдалана алады.Тақырыптың мазмұнын  түсіну арқылы шығармашылығы қалыптасады.

Сілтеме: Әдебиеттік оқу және хрестоматиясы. Т.Әбдікәрімова,С.Рахметова.Б.Қабатай.

Негізгі идеясы: Астана туралы толық  ақпарат алуы

Қолданылған әдістері мен тәсілдері:Диалогтік оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу:АКТ-ны қолдану;ой шақыру стратегиясы,ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;Оқуды және оқыту үшін бағалау;Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

Ресурстар: постер, түсті қағаз, маркерлер,дидактикалық материалдар, компьютер,смайликтер, стикерлер,формат А-3

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу,мақсат қою.

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

  1. Үйге тапсырма

  2. Бағалау

Үйге тапсырма: Астана-бас қала.Еліміздің картасы.мәтіндерді оқу,бір шумақ өлең жазып келу немесе шағын әссе жазу.

 

Ойлау

ды Блум бойынша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі түрткілер

Нәтиже

Бағалау

Критерий

лер

Дескрип

тор

Ұпай

Жиынтық баға

Білу

Психологиялық ахуал. «Әр елдің сәлемдесуі»

Топқа бөлу: «Сен қай түсті таңдадың?»

 

Өткен сабақтың білімін анықтау

«Ой шақыру»

арқылы сұрақтар қою

«Ой шақыру» арқылы тақырыптың түсінуін анықтау

Өткен материалдан негізгі ойды  анықтай білді

Сұрақтарға дұрыс жауап берді

2

 

 

 


Сұрақтарды түсінбеді

 

1

 

 

 

Сұрақтарға жауап бермеді

 

1

 

 

 

 

 

Түсіну

Астана туралы мәтіннің мазмұнын ашу,меңгерту

Топпен жұмыс:мәтінді бөліктерге бөліп талдау;

 

Әр топқа Астананың суретін таратып беремін

Топпен жұмыс жасауда мәтінді оқушылар меңгереді

Негізгі идеяны түсінген

Тапсыр

маны толық орында

ды

 

2

 

 

 


Қателіктері болды

 

1

 

Мүлде түсінбеді

 

2

Қолдану

Тақырыпқа сай алған білімін тапсырма орындау бекіту

Топпен жұмыс:

1-топ:Алматы

2-топ:Астана

3-топ:Мен картамын

 

Бейне жазбаның көмегімен сергіту: «Туған өлкем» музыкалық әуен

Алған білімін тәжірибеде қолдана алады.

Іс тәжірибе дағдысын қалыптастыру

Тапсыр

маны толық түсінді

 

 

2

 

 

 

 


Өз ойын толық жеткізе алмады

 

 

 

1

Түсінген жоқ

 

1

Талдау

Слайдтағы Астана бейнесі мен ойларындағы Астана бейнесін салыстыру

Салыстыра отырып пікірталасқа түсу

Астананың көрікті жерлері туралы слайдпен таныстырамын Венн диаграммасы

Салыстыра  отырып ортақ  шешімге келеді.

Ойын жеткізу деңгейі

Өзара диалогқа түсе алды

 

 

1

 

 


Диалогқа түсе алмады

 

2

 

 

 

Диалогқа түспеді

1

Жинақ

тау

Сырлы сезім.(мәсе

ленің ең негізгі түйінін табу)

Топпен жұмыс жасау арқылы Астана туралы өлең шумақтарын құрастыру

Өз ойларын жеткізе  алады

жағдаяттан шығу жолын табады.

Толық шықты

 

 

2

 


Жағдаяттан шығуда шатасты

 

 

 

 

1

Жағдаяттан шыға алмады

 

 

 

1

Бағалау

Танымдық қабілетін кеңейту

Болашақтағы Астанам атты эссе жазу.

Ойланад,ізденеді.

Логикалық ойлауы

Ойы жүйелі

 

2

 

 


Ойын толық жеткізе алмады

 

1

 

Ойы жүйесіз

 

1

 

Сабақта   критериалды бағалау кестесі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды

 

Жоғары ұпай-5; Орта ұпай-3; Төмен ұпай-1

Оқушының аты -жөні

Мәтіннің мазмұнын айтуы

(Толық айту-5 ұпай; іркіліп айту-3 ұпай; жартылай айтуы-1 ұпай)

 

Топпен жұмыста

(Көңілге жағымды-5 ұпай; ой қосуы орташат-3; ынтасы төмен-1 ұпай)

Ойын еркін жеткізе алуы

(еркін сөйлеуі-5; еркін сөйлей алмауы-3; мүлде араласпай отыруы-1 ұпай)

Өзін-өзі ұстауы

(Өзіне сенімді-5 ұпай; қобалжуы-3 ұпай; ұялу, қысылудың болуы-1 ұпай)

Қо

ры

тынды

1






2






3






4






5






 

Сабақта   критериалды бағалау кестесі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды

 

Жоғары ұпай-5; Орта ұпай-3; Төмен ұпай-1

Оқушының аты -жөні

Өлеңді толық айтуы

(Толық айту-5 ұпай; іркіліп айту-3 ұпай; жартылай айтуы-1 ұпай)

 

Мәнерлеп айтуы

(Көңілге жағымды-5 ұпай; мәнерлеуге тырысуы-3; Мәнері төмен-1 ұпай)

Орфоэпиялық норманың сақталуы

(Орфоэпияның сақталуы-5; бір-екі қатенің болуы-3; қателер санының үштен көп болуы-1 ұпай)

Өзін-өзі ұстауы

(Өзіне сенімді-5 ұпай; қобалжуы-3 ұпай; ұялу, қысылудың болуы-1 ұпай)

Қорытынды

1






2






3






4






5






 

 

  • Осы айтылған жұмыстарды ой елегінен өткізе отырып қортындылайтын болсақ,бастауыш кластарда критериалды бағалау бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі сапалық өзгерістерге жету жолдарында бұл әдістің артықшылықтары мынада деп ойлаймын:

  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

  • Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .

  • Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

  • Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

  • Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;

  • Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

  • Білім берудің сапасы артады.

 

  • Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген  ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала  алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық











І деңгейлі физика пәні мұғалімі

Оқытуда қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыру негізі — командалық жұмыста

Мектепте деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің «Өзгеріс» шығармашылық тобы, қауымдастығы жұмыс жасайды , олар мектептегі мұғалімдердің іс — қимыл практикасына жаңаша серпін беруде алдыңғы орында көрініп жүр. Себебі, облыс,аудан деңгейіндегі семинарларда , ашық сабақтар мен тренинг ,шығармашылық есеп берулерде деңгейлі сертификатталған мұғалімдер Бәкірова М, Әбуова Г,Дінбаева А,Исабекова Ү,Орманова А ,Масантаева К, Жомартова Б және Жүсіпбековалардың бірлескен жұмыстары біршама нәтиже беріп отыр . « Командалық жұмыс — ортақ ұстаным тұрғысынан бірлесіп жұмыс істеу қабілеті . Қарапайым адамдарға күтпеген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жанар май » — деп Генри Форд айтқандай , қай кезде де әріптестер бір — біріне сенімі артып , құлшына бірлескен іс — әрекеттері арқасында өткізген сабақтарының нәтижесінде ,оқушылардың белсенділігі мен оқудағы ынталылығы артатыны анық. Мұғалімдер деңгейлік курстарда оқушыларды оқытудың жаңа тәсілдері мен технологияларын , сыни ойлау мен дамыту әдістерін меңгереді,бағалау жүйесіндегі жаңашылдықтармен танысады,өздерінің іс тәжірибелік қызметін талдауға машықтанады ,оқытуды жақсарту үшін зерттеулер жүргізеді.Сол мүмкіндіктерін ,бұл ретте командада жұмыс істеу және кәсіби коғамдастық мүмкіндіктерін қолдану , заманауи оқу жабдықтарын пайдалану дағдыларына баса назар аударуда пайдаланады жәнк оқу нәтижелері бойынша педагогтар жоспарлау , оқыту және оқу сапасын бағалау барысында алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын игереді. Мұғалімдер өздеріне бекітілген тәлім алушылармен тәжірибе алмаса отырып, соңғы бір екі жылда әріптестік сабаққа ену, сабақты зерттеу барысында қалыптастырушы бағалауды мектеп мұғалімдері өз сабақтарында жаппай қолданып, оның сапаға әсерін сезініп отыр. Мектептің жылдық жоспарлы тақырыбы «Қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу арқылы оқушылардың сәтті оқуын қалыптастыру» болса,білім берудің жаңа мазмұнын тиімді енгізу шарттарының бірі дер кезінде педагогикалық қолдау көрсету үшін, әрбір оқушының оқудағы жетістіктері туралы ақпарат беретін оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін барапар бағалай алатын бағалау жүйесінің болуы болып табылады.Осы бағытта мектепте ұстаздар дескрипторлар қою, критерий арқылы бағалау , өзін — өзі бағалау мен сыныптасын бағалауды оқу үдерісінде үздіксіз қолданып отыр. Себебі, оқушылардың жеке жетістіктерін көптеген оқушылардың тиісті деңгейімен ,нәтижесімен салыстыруға бағытталған дәстүрлі бағалау жүйесі бұл талапқа сәйкес келмейді.Ендеше оқушылардың оқудағы жетістіктеріне сәйкес сын тұрғысынан бағалауды өз тәжірибелеріне мұғалімдер енгізді.Бастауыш сынып мұғалімдері Исабекова Ү, Орманова А, Тәжімбетова С,Бекпейсова М ,физика пәні мұғалімі Дінбаева А және Омарова А, тарих пәні мұғалімдері Молдахметов М ,Масантаева К,Жүсіпбекова М, географ Жомартова Б ,орыс тілі пәні мұғалімі Әбуова Г , ағылшын тілі пәні мұғалімі Досанова Г және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбекова Г өз сабақтарында қалыптастырушы бағалауды оқушы оқытудың қандай сатысында тұрғанын, оның нәтижесі жоғарылау үшін не істеу керектігін,тоқсан бойы оқыту мен оқуда оны қалай істеу керектігін белгілеу мақсатында сабақтарында тиімді қолданып отыр.Тәжірибемізге сүйенсек, қалыптастырушы бағалау ,оқушылардың, әсіресе 1 — сыныпта әрбір сабақта баға қоймау, нашар бағалаудан қорқатын балада беймаза күй кешпеуге ,оқудағы мақсаттарға қол жеткізуде деңгейінің өсуі үшін үнемі жұмыс жасауына, оқушының өзіне сенімін арттыруға, сонымен бірге мұғалімнің өзіне сабақ

жоспарлауды түзетуіне мүмкіндік беретіні байқалды.Бағалау үшін талаптарға сәйкес бағалау бойынша шешімдер қабылдау негіздері ,қағида секілді критерийлер қолданылады.Критерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларда оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал осы дескрипторға сәйкес бағалау — бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.Осылайша бағалау , оқушыда белсенділік тудырып, оқуға деген ынта- ықыласын арттырады.Негізі пәндерде бағалау «Блум» бойынша жүргізіледі.Пайдалану барысында Исабекова Ү сабағында бағалау ерекшелігі негізінде оқыту мақсаттарын үнемі балалармен бөлісуде деп мән берсе , Бекпейсова М бағалауды оқыту мен үйрету мақсатында , Г.Әбуова балаларға олар орыс тілінен ұмтылатын стандарттарды білу мен анықтап тануда тиімді көрсе ,физик Дінбаева А балаларды өзін – өзі бағалауға қатысуға тартады деп таныса, Омарова А әр оқушыда жақсарта алатын сенімділікті бекітеді деп түсінеді.Исабекова Ү «смайликтермен » оқушылардың бір- бірінің мақсатқа жетудегі деңгейін нақты бағалай алатынын , Г. Әбуова сол арқылы олар өз білімін жетілдіруге талпынып, үлгеру мен үлгермегенін өзі сезеді деп тамаша қорытындылайды.Бағалау оқытуға жағдай жасайды.Соның нәтижесінде мектебімізде «қалыптастырушы бағалау» дың сабақта тиімділігін арттыруда біршама жетістіктер бар. Орманова А оның тиімділігін «кубик» бағалауды ар балаға партаға орналастырып , өздері оқу мақсатына қарай қай бетін қарататынына оқушыда дағды қалыптастырған .Дегенмен ұстаздар қалыптастырушы бағалауды да тиімді қолданбаса, оның маңызы болмайтынын өз тәжірибелерінен өткізуде.Сондықтан да бағалаудың – мұғалімдер сабағын жоспарлауда қаншалықты қадамы дұрыс және одан әрі алынған деректерді жинақтап, талдап,сабақты ары жоспарлап,түзетуге мүмкіндік беретін оқушылар нәтижесінің көрсеткіші екенін ұмытпау шарт.Бұл бағалау оқыту сапасын жақсарту мүмкіндігін анықтауға бағытталған.Мақсаты: оқыту жағымды болуға бағытталған үдерісте мұғалімнің , оқушы мен ата — ана арасындағы байланысты нығайтады.Алынған нәтиже одан әрі қойылатын жаңа мақсаттарға жол сілтейді.Сондықтан оқушыларға қойылатын әрбір бағаның мақсаттары ,оны қою рәсімі сияқты түсінікті болуы керек.Бір критерий арқылы оқушы жетістікке жете алмаса,екіншіде жетуі мүмкін.Ол бойынша оқушы нәтижесін біле отырып, білмегенін білуге ұмтылады.Оқушылар да критерийлерді әзірлеуге қатыса алады.Критерий арқылы бағалауда дұрыс құрастырылған дескрипторлар оқушының жетістікке жетуіне ,ары қарай оны жетілдіруге көмектеседі.Дескрипторлардың дұрыс болуы үшін оқушылардың қажеттіліктерін анықтау қажет.Мен өз тәжірибемнен бөліссем, қажеттілікті анықтау үшін әр сабақта кері байланыс пайдалануды периодты жүргізуге тырысамын. Онда «Жаңадан не білдің ?Мұғалімге ұсынысың бар ма ?»деген сұрақтарға жауап алып отырамын.Кері байланыста оқушылар өз табысын айтып,бағалауға мүмкіндік алады.Сол оқушы жазған кері байланыстың қалыптастырушы бағалау мен сабақ жоспарлауда әсері мол. «Оқушыларым не үйренді? Қаншалықты ? Қиналды ма ?» деген сұрақтар қойып, рефлексия жасаймын.Әріптестерді үнемі сабаққа шақырамын.Сұрақтар азайту үшін міндетті алгоритм құрамын.Қалыптастырушы бағалау,кері байланыс — оқытудың ажырамас бөлігі.Қалыптастырушы бағалау үдерісі тиімді болуы үшін , оқытушы екі міндетті белгілеу қажет:оқыту барысында оқушы нені алуы тиімді және оған бағалаудың қандай түрі мүмкіндік береді.Нақты мақсатқа лайықты бағалау таңдалу керек.Олар оқу жоспарында ұсынылатын:өзара бағалау, өзін — өзі бағалау,қадағалау, құрбылар пікірі, сұрақ пен жауап түрлері болуы мүмкін.Топта бірін- бірі толықтырып, зерттеп, талқылап, бірлесіп шешіп оқушы не істей алатынын ,кім қандай кезде көмек беретінін біледі.Өзін -өзі бағалау тәсілінің бірі кілттермен жұмыс болып табылады.Мысалы: «Қысым»тақырыбына 1. «Қысым»тақырыбын айқындап оқыңыз 2.Мәтіннің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтаңыз.3.Мәтіннің негізгі формуласын ашып, ондағы қысымның тәуелді шамаларын атап, белгілерді сипаттаңыз.4 .Қажетті мәліметті жазып алыңыз. 5.Өмірмен байланысты мысал келтіріп, маңызын айтуыңызға болады. 6. Өзіңіз отырған орындыққа түсіріп отырған қысымыңызды есептеңіз.Осы мақсатта дескриптор ұсынамыз.Жұмысты аяқтаған соң оқушы кілттермен жұмыс істеп өзінің жұмысын бағалайды.

Оқыту мақсаты Критериі Дескрипторлар Қол жеткізді- 2ұпай Ұмтылады – 1ұпай Қорытынды ұпай

Тақырыпты түсіну.Басты

және екінші кезекті

ақпаратты түсіну;оқыған

мәтіннен қысымды

біліп,оның тәуелді

шамаларын біліп,саралау. Оқу Түсіну Талдау «Қысым»тақырыбын оқиды,айқындайды 9 -12 – «5» 6 -8-«4» 4-5-«3» 3- «2» Мәтіннің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтайды Мәтіннің негізгі формуласын біліп, ондағы қысымның тәуелді шамаларын атап, белгілерді сипаттайды.

Формуланы тану, ондағы

шамалар байланысын

байқау, сондай ақ баяндау

өмірмен байланыстыра

суреттеу, есеп шығару Қолдану Есеп шығару Қажетті мәліметті жазып алады,тиімдісін ажыратады Өмірмен байланысты мысал келтіреді Өзі отырған орындыққа түсіріп отырған қысымын есептей алады.

Оқушылардың құрбыларының бағалауы толымды оқыту тәсілі болып табылады.Өзара бағалау арқылы олар басқа жұмыстардың күшті және әлсіз жақтарын көрсетуге үйренеді және өздерінің ілгерілеуін талдайды. Мысалы : Қысым тақырыбына тәжірибе бейнесін көріп, сол мәселеге репортаж жазу тапсырмасы беріледі.Топтарда жұмыс жасап,сыныптастар репортажын тыңдап,мына сұрақтар төңірегінде жауап беріп, ауызша түсінік береді.

1.Толық ақпарат алынды ма?

2.Репортаж сол тәжірибеге тартылды ма?

3.Хабарлама анық жетті ме ?

4.Нақты тәжірибе нені сипаттаған мәселе ашылды ма?

5.Арасындағы байланыс сақталды ма? Оқушылар осы бойынша түсініктерге ілесіп, өздерінің репортажын түзетеді.Жұппен жұмыс жасап ,кеткен жерлерін талдап жеткізеді.

«Екі жұлдыз және бір тілек» қалыптастырушы бағалау техникасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын,шығарма, мәтін түсінігі,эссені бағалау,есеп шығару кезінде қолданылуы мүмкін. Мұғалім сыныптас парталасының жұмысын тексеруді ұсынады.Оқушы бір бірінің жұмысына түсінік берген кезде ,олар жұмыстарды бағаламайды,екі жағымды сәтті айқындайды, «екі жұлдыз» және бір сәт жөндеуге лайық тілек айтады немесе жазады.Мүмкіндігінше бағалауда танымдық аспектіге мән беріледі. Мысалы: «Айзада қысымның күш пен ауданға тәуелділігін дұрыс жазған. Өлшем бірлігі Паскальды дұрыс жеткізді .Сол үшін бір жұлдызым» , « Қысымға өмірден мысал келтіргенде , шамалы қиналды.Сондықтан ұсынысымыз өмірмен байланысына мән берілсе» деп келеді. Себебі, оқушылар жазған кезде де мына дескрипторларға сүйенеді.«Адам өміріндегі қысымның маңызы» тақырыбында топтық шығармашылық жұмыс:

Оқыту мақсаты Критериі Дескрипторлар Қол жеткізді- 2 Ұмтылады – 1 Қорытынды

Жеке пікірі негізінде

түрлі жанрда мәтін

жазу хат тақырыпқа сай мәтін жазу 9 -12 – «5» 6 -8- «4» 4-5- «3» Мәтінде тақырыпты толық ашу Мәтін баяндауға сәйкестігі Мәтінге суретті сипаттау енгізу

Композициялық тұтастық (кіріспе,нег.,қорытынды) 3- «2» Тілдің жеткізуінде:нақты мысалмен дәлелдеу

Мұғалім бағалау мақсатына негізделіп , түрлі техникаларды таңдай білуі тиіс.Алған нәтижеге сүйеніп, ол өзінің жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Барлық жағдайда дескрипторлар мен бағалау шәкілдері оқушылар назарына алдын ала ұсынылады.Дегенмен, барлық сабақтарда қалыптастырушы бағалау тиімділігі сәтті оқуға ықпал ете бермейтіні анық.Сол үшін әріптестер міндетті түрде жиналып, сабақтарымызға қатысып, өзара пікір алмасып, бір бірімізге «мына бағалау оқушының жақсы оқуы мен тапсырманы орындауына әсерсіз болды» — деген пікірлерге құлақ асып, білім алушының материалды игеруі мен қатесін түзетуге мүмкіндік беретіндей «өзекті» оқыту үшін бағалауды ұсынамыз.Себебі, білім алушылар олардың көмегімен өздерінің кейінгі қадамдарын жобалай алады.Бір сөзбен қалыптастырушы бағалау оқуды жақсартуға қызмет жасайтын бағалау түрі.Бағалау тиімділігін арттыру мақсатында әріптестермен пікірлесе отырып, қазіргі таңда «………..сүттің қаймағы» бола білдіңіз , « 1» ………….. орында , « 2» ………….. орында , « 3» ………….. орында » , « Қысқа ……….әрі нұсқа………… жол» , «Өз траекториям ………………аялдамадан тұрады» т.б қалыптастырушы бағалау стратегияларын пайдаланып, оқушылардың физикадан өзіндік оқуына белсенділігі артқаны және сабақ сапасына әсері жоғары болып, бар оқушы үй тапсырмасына дайындықпен келетіні байқалды. Оқушылар кері байланыс алғанда жоғарыдағы бағалау стратегияларының «ұнайтынын» жазды.Сондықтан өз оқуын жақсартуға ықпал етер бағалаудың тиімділігін нақтылауда білім алушылармен де санасып отырамын.Бұ л жайлы Блэк пен Уильям өз анықтамаларында « кез келген мұғалім , оқушы немесе әріптес қалыптастырушы бағалаудың делдалы бола алады» — деп көрсеткен.Сондықтан әрқашан да «алыстағы ағайыннан ,жақындағы көршің артық» , «Жаныңда жүр жақсы адам» ұстанымын ұстап, әріптестерім мен оқушыларымның қолдауын жоғары санаймын.Олар әрқашан да мектептегі білім сапасын көтеруіме ықпал етудегі алғашқы себепкерлерім.Сондықтан да олармен бірлесіп жұмыс жасау маған әрқашан қызық және нәтижеге апарар нақты жолдың алғашқысы деп білем.Сіздер қалай ойлайсыздар , Әріптестер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!