Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Коучинг «Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі» мұғалімдермен
Қысқа мерзімді коучинг жоспары
Күні:
Уақыты:
Коучинг тақырыбы:«Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі»
Мақсаты : Топтарда бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда жұмыс істеу
үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді топтық жұмыстың
арасындағы айырмашылықты анықтау.
Күтілетін нәтиже: Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатын, мұғалімдердің
шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін
игеруі.
Қатысушылар: ____________________ жинақты жалпы орта мектебінің мұғалімдері
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? |
Тәлім алушылардың іс-әрекеті |
Ресурстар |
15 мин |
Қызығушылықты ояту 1Мұғалімдерді ортаға шақыру, жұптастырып бір-бірімен етене таныстыру. 2.Санау арқылы 2 топқа бөлінеді. 3.Сұрақ беру: 7 модуль дегеніміз не?Ол не үшін қажет? |
1.Мұғалімдер өз жұптарымен әңгімелесіп,оны көпшілікке таныстырады. 2.Топқа бөлінеді. 3.Сұрақтарға жауап береді. |
Графопроектор Диапроектор Ноутбук |
60 мин
|
Мағынаны тану 1-тапсырма. 1. Бірлік,ынтымақтың пайдасы жайлы видеролик көрсету.5 мин. 2-тапсырма Топтық жұмыс туралы нұсқаулық. Мәтін парақшалары таратылады. Мәтін 4-ке бөлінген.Әр мұғалімге әр бөлімі оқуға беріледі.10 мин. 3-тапсырма Әр мұғалім өзіне тапсырылған тақырып төңірегінде сөйлейді. 15 мин. 4-тапсырма «Топтық жұмыс» тақырыбындағы слайд қойылады. «Қаздар сабағы» ролигі көрсетіледі. 10 мин. 6-тапсырма «Топтық жұмыстың маңыздылығы» тақырыбында постер жасату. 10 мин. 7-тапсырма.Топтан 1 мұғалімге постер қорғату /әр топқа 5 мин./ 10 мин. |
Пингвиндердің,құмырсқалардың ынтымақтастықтың арқасында жауынан қалай құтылғандығын көріп,ой түйеді. Мәтін парақшаларын оқиды. 1.Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? 2.Топтарда қалай жұмыс істеуге болады? 3.Топ мүшелерінің саны қанша болу қажет? 4.Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері. |
Үлестірмелі мәтін парақшалары МАН Плакат Маркер Диапроектор Слайд Бейнеролик |
15 мин |
Ой толғаныс 1.Топтарға бір-бірінің жауабына байланысты «Екі жұлдыз,бір тілек» өзара бағалауын жүргізу: Не ұнады? Не ұтымды болды? Менің ұсынысым! 5 мин 2.Рефлексия жаздыру: Не білдім? Не ұнады? Не қиын болды? 5 мин 5 мин. |
Кері байланыс жасайды Өзара бағалау жүргізеді. Рефлексия жазады |
Рефлексия парақтары Слайд |
Коуч
.
«Бекітемін» Келісемін:
Мектеп директоры: ДОІЖО:
__________атындағы жалпы орта мектебі
Коучинг тақырыбы: «Бірлескен топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі»
Коуч ________________
Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?
І «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Бірлескен оқудың мәні
Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
Әлеуметтік
•Тәжірибемен және идеялармен алмасу;
•Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
•Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу
Танымдық
•Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
•Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту
Эмоционалдық
•Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;
•Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
ІІ Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?
Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды
Топты ұйымдастыру ережелері
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Топта жұмыс істеу ережелері
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Топты құру
•Топтың құрамына кім кіреді?
•Сіздің жеке артықшылығыңыз неде?
•Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады?
•Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады?
Топтық жоспарлау
•Не істеу қажет?
•Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет?
•Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді?
•Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым- қатынас қалай жүзеге асырылатын болады?
Қызметті жүзеге асыру
•Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?
•Жобаны орындау барысында түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?
•Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі?
•Топтық ынтымақтастықтың болғандығының жеткілікті дәлелі бар ма?
Жоспарды жүзеге асыру
•Топ мүшелері бір-біріне қалай көмектеседі?
•Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз?
•Жұмыстың барысы қалай бақыланады?
Топ жұмысын бағалау
•Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?
•Сіздер бір-бірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?
•Топта жұмыстың қандай негізгі аспектілері ұтымды орындалды?
•Не орындалмады?
•Одан қандай сабақ алуға болады
ІІІ Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.
Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет.
Мұғалімдердің рөлі
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.
Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.
Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Шағын топтар
•4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді.
•Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді.
•Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін.
Жұптар
•Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды берлесе орындауда (мысалы, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде) және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді.
Үлкен топтар
•7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мәселені талқылау барысында көптеген көз-қарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.
•Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым-қатынас және сөз сөйлеу қиындайды.
ІV Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.
Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.
Фактілер бұл үдеріс кезең-кезеңмен өтетінін растап отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады
Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу;
• белсенді тыңдау;
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
• көмектесу және көмек сұрау;
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
• талқылаудың қорытындысын шығару;
• дәйекті айғақтар келтіру.
Проблемаларды шешу стратегиялары
Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:
• уақытты ұтымды жоспарлауға;
• инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
• топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;
• топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
• тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

