Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Коучинг жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурлыбек Гулжаухар «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» А2 бөлімі
ПШО ЖМ филиалы Көкшетау қ. Мұғалім көшбасшылығы
А2 Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер енгізіліп отыр. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге өзіміздің әріптестерімізбен коучинг арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде пайдалануды үйренуге мүмкіндік береді.
Коучинг деген сөздің мағынасы дайындау,жаттықтыру деген мағына береді.Яғни біз өзіміздің әріптестерімізбен пікір алмасып,тәжірибемен бөлісіп,идеялармен алмасып,белсенді диалогтік қарым-қатынаста боламыз. Осының барлығын ескере отырып мен коучинг сабағымның тақырыбын «Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдістерін сабақта қолдану» деп алдым. Осы тақырыпты алу мақсатым әріптестерім «сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі ол бір-бірінің қателіктерін,сынын айту деп түсінеді екен». Сондықтан әріптестерімнің сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі туралы нақты мағұлматты ұғындыру,өз тәжірибесінде әдістерін тиімді қолдануға дағдыландыру.
Коучинг сабағымның мақсаты мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдістерін сабағында қолдануға ықпал ету және белсенділікке ынталандыру деп алдым. Жүргізетін коучинг сабағымның нәтижесінде сабақтың аяғында әрбір ұстаз сын тұрғысынан ойлаудың әдістерінің қыр-сырын ұғынып,маңызын,тиімділігін білу арқылы тәжірибеде қолдануға ұмтылады,ортада жайлы әрекеттестік орнайды,өз идеяларын зерделеп,әңгімелесу үшін мүмкіндіектер жасайды деп ойлаймын. Коучинг сабақты бастамас бұрын әріптестер арасында жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін “Оркестр”жаттығуын алуды жоспарладым. «Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем бір әнді ақырын айтады, жоғарылатқан сайын дауыс ырғағын жоғары шығарып айтады». Топқа бөлуді «Әндер» арқылы «Анажаным,Әке,Бала» 3 топқа бөлуді ойластырдым. Коучинг сабаққа қызығушылығы мен зейінін шоғырландыру мақ
Сабақтың басында әріптестердің үйрету модулі туралы білімдерін тәжірибелерімен бөлісу мақсатында, мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтау мақсатында «Ой түрткі сұрақ» әдісі арқылы анықтауды жоспарладым.
1 2
3 4
1 2
3 4
1 2
3 4
1 2
3 4
«Анажаным,Әке,Бала» деп бөліп, топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызың «Ой қозғау» әдісі арқылы мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту мақсатында «Боз орамал» бейне материалын өткізуді жоспарладым.
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі бойынша білімдерін толықтыру мақсатында модуль туралы таныстырылым көрсетуді жоспарладым. «Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы сыни түрде ойланып шығармашылық деңгейлерін одан әрі дамыту мақсатында суреттерді өткізуді ойладым. Бұл жерде 3-топқа әр түрлі суреттердің айырмашылықтарын анықтау беріледі.Осыдан кейін сыни түрде ойлауға үйрету модулінің бірі «Дананың кілттері» әдісімен таныстырып,сабақта қолдану жолдарын талдау жүргізуді жоспарға енгіздім. Әрбір жұмысты орындаудың алдында топтың ережесін құрастырып,белгілі уақытты белгілеуді ойластырдым. Әрбір жұмыстан кейін топтар арасында кері байланыс беріп отыруды ұсынамын.
Оқытудың жаңа әдістерін бағдарламада үйреніп,коучинг сабағымды жүргізуде өзімнің алған білімімді: тиімді кері байланыс алу,талдау,бағалауды әріптестерімен алмасып,сол алған білімімізді тәжірибеде қолдануды іске асыруға ұмтылдыру қажет деп ойладым. Жеті модулдің әдістерін,идеясын сабақта тиімді қолдануды мұғалімдерге үнемі қолдануды дағдыландыру қажет деп жоспарладым. Осы жұмыстарды жүргізу барысында мұғалімдердің бағдарлама туралы білімдерін көтеріп,кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал жасаймын деген ойдамын. Осы сабақты өткізу арқылы мен өзімнің терең ойланып,қадағлай білу,ұтымды кері байланыс ұсыну,өзекті мәселені анықтай білу,ізденімпаздық,шығармашылық сияқты қасиетім дамиды және сыни ойлау,бағыт беру дағдыларым артады деген ойдамын. Коучин сабақ жүргізу арқылы біздің бойымызда ұйымдастырушылық пен көшбасшылық дағдыларымыз дамытылады.
Негізі топтық жұмыстар жүргізу арқылы әріптестеріміз ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйреніп,одан әрі шығармашылықтарын дамытып,қандай да жағдай кезінде жауапкершілікті өзінің мойнына алуға,мәселелерді өз бетінше шешу жолдарын табуды,өз-өзін бағалай білуге дағдыланады деген ойдамын.
Коучинг сабақтың соңында кері байланыс алу мақсатында «Еттартқыш,қоқсалғыш,чемодан» әдісі арқылы жүргіземін. Осыдан шығатын түйінді коучинг арқылы мұғалімдер сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерінің маңызы туралы біліп,оны тәжірибеде тиімді қолдануға ұмтылады деп ойлаймын.
|
|||
Коучинг тақырыбы: |
Сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегияларын қолдану тиімділігі |
||
Жалпы мақсаты: |
Мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдістерін сабағында қолдануға ықпал ету, |
||
Күтілетін нәтиже: |
Мұғалімдер әдіс-тәсілдерді қолдануға ынталанып,өз тәжірибесінде іске асыруды ойластырады. |
||
Барысы |
Мұғалімдердің әрекеті |
Ресурстар |
|
1.Жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: “Оркестр”жаттығуы Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем әнді ақырын орындайды, жоғарылатқан сайын қатты дауыспен айтады. |
Мұғалімдер бірге әнді қайталап орындап отырады. |
Көңілді әуен |
|
2. Топқа бөлу: Әр түрлі әндер арқылы топқа бөлінеді.
|
Үлестірмелі қағаздарда жазылған әндер арқылы топқа бөлінеді.
|
Әуендер жазылған қима қағаздар |
|
3.«Ой қозғау» әдісі арқылы «Торай мен печенье» бейне материал көрсету |
-Торайдың іс-әрекетеі мен мұғалімнің іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар? (сұрағына ауызша жауап береді) |
«Торай мен печенье» бейне материал, интербелсенді тақта |
|
4. «Ой түрткі сұрақ» әдісі арқылы қажеттіліктерін анықтап алу. |
М 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 ұғалімдер сұраққа топпен жауап береді:Өз ойларын плакатқа түсіріп қорғайды. |
|
|
5.Сын тұрғысынан ойлау туралы слайд көрсету. |
Сын тұрғысынан ойлау туралы білімдерін ортаға салады. Блум таксономиясын талдау. |
Интербелсенді тақта |
|
6. «Миға шабуыл» әдісі салыстыру?
|
Суреттердің айырмашылығын табады.
|
Суреттер |
|
7.«Дананың кілттері» туралы таныстырылым |
Мұғалімдер танысады |
Интербелсенді тақта |
|
8.«Дананың кілттері» әдісін пайдалану арқылы «Құмырсқа» мәтінін тадау «Керісінше» «Егер де» «Тағы қалай» «Кемшіліктер» |
Топпен «Тістелген алма» мәтінін «Дананың кілттері» бойынша талдау жүргізеді. |
А4 қағаз,маркер |
|
9.Эссе жазу. Әр топқа сәбіз,жұмыртқа,ағаш,кофе сөздері таратылады. |
Осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып шағын мәтін құрастыру қажет |
Ақ қағаз |
|
10. Кері байланыс : «Еттартқыш,қоқсалғыш,чемодан» |
Мұғалімдер сабақта өздеріне алған әсерін стикерге жазып,жапсырады. |
|