Коучинг: Lesson study

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг: Lesson study

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептерінде Lesson study үдерісін жүргізу үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шымкент қаласы білім басқармасының

«№28 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Picture 1

Бекітемін

Мектеп директоры:

Қ.Ж.Құрманбекова

_________________________

« __12__»____01_______2019ж.

Коучинг үдерісінің тақырыбы:

Lesson study





Коуч: Алтынбекова Р.М.

Коучинг жоспары.


Күні:12.01.2019ж

Сағ: 11:30 Өтілетін орны: Кітапхана Коуч:Алтынбекова Рабиға Мергенбаевна

Коучинг тақырыбы:

Lesson study

Мақсаты:

Оқыту мен оқуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсынып,оны қалай жүргізуге болатынын көрсету.

Түйінді идея:

- Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.

-Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды.

- Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы.

Күтілетін нәтиже:

-Мұғалімдер оқыту мен оқуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study әдісін қалай қолдануға болатынын;

-Мектепте Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын және Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын;

-Мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алатынын;

-Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алатынын түсінеді.

Дерек көздері:

«Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» автор А.Әлімов, «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Бірінші (ілгері)деңгей , Үлестірме материалдар (үшінші апта),Интернет материалдары www.cpm.kz порталы.

Ресурстар:

«Танысу» ойсергегі, «Идеялар корзинасы»әдісі,Бейнежазба, «Lesson Study» презентация, «Шындық немесе жалған» әдісі (True or False) ,«Бес саусақ» әдісі, А-4,А-3 парақтары,маркерлер, стикер.

Сабақтың барысы:

Уақыт (90 минут)

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Сергіту сәті.

5 мин

Коучтің кіріспе сөзі:

-Сәлеметсіздер ме әріптестер?

-Семинарға қош келіпсіздер!

Семинар қатысушыларымен танысу және көтеріңкі көңіл- күй орнату үшін «Танысу» ойсергегін ұйымдастырады.

Мұғалімдерге ойынның шартын таныстырып , ойынды жүргізеді.

Сұрақтар:

1.Жағымды ахуал туғызудың осы бір әдіс-тәсілі сіздерге ұнады ма?

2.Қалай ойлайсыздар сіздердің сабақтарыңызға қолдануға бола ма?


Шеңбер құрып тұрып әр мұғалім өзін таныстырады. Мысалы 1-мұғалім : -Мен Айнұр ақылдымын келесі мұғалім : Айнұр ақылды , мен Сауле сымбаттымын, үшінші мұғалім: Айнұр ақылды ,Сауле сымбатты, мен Күлпан көңілдімін –дейді.Осылай жалғасып әр қатысушы өзінің алдындағы екі мұғалімнің атын қайталап айтып отыру арқылы танысып шығады.Нәтижеде қатысушылар бір-бірлерінің есімдерін естеріне жақсы сақтап қалады. Мұғалімдер өздері сабақтарында қолданып жүрген жағымды ахуал құру бойынша тәжірибе алмасады.

Топқа бөлу

2 мин

Шымкент-шырайлы қала! Мегаполис!

Сөз тіркесін кезектесіп айтып, «Шымкент»,«Шырайлы»,«Қала», «Мегаполис» деген 4 топқа бөлінеді.

Тақырыпты ашу

5 мин

Коуч төмендегі сұрақтарды қойып пікірталас туғызады:

1. Жаңа тақырыпты түсіндірген кезіңізде барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бола ма?
3. Мұғалімнің сабақ барысында  барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма?
4. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе?

Мұғалімдер топта талқылау арқылы келісе отырып, түйінді идеяларын айтады сұраққа жауап береді.

Тақырыпқа кіріспе


5 мин

«Идеялар корзинасы» стратегиясы.

Коучтың сұрағы:

  1. Lesson Study туралы не білесіз?

  2. Lesson Study туралы не білгіңіз келеді?

Шарты:

Барлық пікір құнды.Ешқандай пікірге қарсы пікір айтылмайды.Бірақ бір айтылған пікір қайталанбау керек.

Әр мұғалім 1-2 минут ойланады сонан соң жұппен және топпен талқылап ойларын айтады.Шарт бойынша ой қысқа және нұсқа тезис ретінде болу керек.Пікірлер түрлі-түсті парақтарға жазылып,жарияланып болған соң, корзинаға жапсырылады. Сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан мұғалімдер жұлдызшаларға ие болады

Негізгі бөлім

А)Таныстырылым




10 мин

1.Интербелсенді тақта арқылы «Lesson Study» тақырыбына слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

2.Қысқаша «SMART мақсатты» слайд арқылы таныстыра келе , «Lesson Study» үдерісін жүргізу барысында мұғалімдерге мақсатты нақты, өлшенген, қолжетімді, шындыққа сай, белгілі уақыт аралығымен шектелген етіп қою керек екені түсіндіріледі.

Мұғалімдер Lesson Study жайлы слайдты тамашалайды мұқият тыңдап, білімдерін толықтырады.


Қатысушылар SMART мақсат туралы түсініктеме алады, мақсатты нақты, өлшенген, қолжетімді, шындыққа сай, белгілі уақыт аралығымен шектелген етіп қоюды үйренеді.

Б)Тапсырма

20 мин.

(дайындыққа

5 минут, қорғау 3 минуттан,бағалау 3 минут)

Шымкент тобы: Lesson Study тобының отырысы. Lesson Study жүргізілуіне SMART мақсат қою.

Шырайлы тобы: Бірінші Lesson Study үдерісін жоспарлау,сабақ өтетін мұғалімді белгілеу және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау

Қала тобы: Lesson Study үдерісінен  кейінгі « оқушы үнін» алу,бақылау және бағалау парақшаларын дайындау.

Мегаполис тобы: Lesson Study үдерісінен  кейінгі талқылау.Үш топтың жұмысын қорытындылау,баға беру.


Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағалайды.

Сергіту сәті

3 мин

Бейнежазба .«Мотивация- Мақсатыңа жет!»


Мақсатқа жету үшін күш беретін сөздерден азық алады

Практикалық бөлім

30 мин

(Ықшам сабақ 15 минут,оқушыдан интервью алу 3 минут, талқылау

6 минут,

пікірталас

6 минут)

Жаппай жұмыс.

Бұл бөлімде қатысушылардың бәрі тартылады.Бір мұғалім өз қалауымен ықшам сабақ жүргізеді. Үш мұғалім бақылаушы, қалған қатысушылар оқушының рөлін атқарады.Сабақ соңында «Оқушы үні» тыңдалады яғни А,В,С оқушылардан интервью алынады. Соңында Lesson Study үдерісінен кейінгі талқылау жүгізіледі. Талқылау барысын басқа қатысушылар да тыңдайды.

Соңынан өз пікірлерін айтуға ,ұсыныс тастауға ,толықтыруға мүмкіндік алады.

Қорытынды.

5мин

«Шындық немесе жалған» әдісі. (True or False)

-Мұғалімдер оқыту мен оқуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study әдісін қолдануға болады;Ш

-Мектепте Lesson Studyді жүргізу кезінде әріптестер бір-біріне қолдау көрсетпейді;Ж

- Lesson Studyді жүргізу барысында әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;Ш

- Lesson Study барысында мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндігі болмайды; Ж

-Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіре алмайды;.Ж

-Lesson Study барысында жаңа әдіс-тәсілдерін сапасын арттыруға мүмкіндік алады;Ш

Мұғалімдер өздерінің пікірлерімен бөліседі. Сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан мұғалімдер жұлдызшаларға ие болады.


Кері байланыс

5 мин

«Плюс-Минус-Коментарий» кестесі арқылы кері байланыс алады.

Сұрақтар

таңба

1

Мен бүгін мағлұматты бере алдым ма?


2

Тақырыпты аша алдым ба?


3

Сізге коучинг барысы ұнады ма?


4

Өз жұмысыңызға қанағаттандыңыз ба?


5

Топпен жұмыс жасау ұнады ма?


6

Коучингте құнды мәселе болды ма?


7

Коучингтен тәжірибе ала алдыңыз ба


8

Коучингте өзіңізді жақсы сезіндіңіз ба?


Коментарий:




Сонымен, бүгінгі коучингте белсенділік танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет! «Lesson Study» тәсілін мектептеріңізде мүмкіншіліктеріңізге икемдеп пайдаланасыздар деп үміттенемін. Келесі семинарда көріскенше сау- саламат болыңыздар!




Қатысушылар берілген сұрақтарға + және – таңбаларын қою арқылы жауап беріп,соңынан коментарий жазады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі