Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг не үшін ұйымдастырылады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг ұйымдастырылудың мақсаты, міндеі, күтілетін нәтижесін анықтау. Пайдалы жақтары мен пайдасыз тұстарын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шебер- сабақ: «Мектепте коучинг не үшін ұйымдастырылады?»

Мақсаты: «Мұғалімдер жеке қажеттіліктерін дамыту мен талдау барысында коучингтің мүмкіндіктерін түсінеді»

Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер жеке қажеттіліктерін талдайды және оны дамытудың түрлерін анықтайды.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Тренинг өткізу. «Суретші» Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасақан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады.
Қызығушылықты ояту.

Бейне материал «Мона Лиза»

Талдау

- мұғалім ситуациядан қалай шықты деп ойлайсыздар?

-бейнеролик туралы не айтуға болады?

-қандай ой туындады?

Ой бөлісу: -Сіздер коучинг сценариін жасауда неден бастайсыз?

\ұлағатты адамдардың сөздерінен, нақыл дайекі сөзерден; суреттерден, мультфильм, көркем фильм үзінділерін аламыз.

  1. Мағынаны тану \ашу\.

Топпен жұмыс

1топ- «Ой себеті»

  • Берілген тақырыпты ашу үшін тапсырмаларды қалай таңдайсыз? Қандай әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдаланасыз?

2топ- «Кластер» әдісі

-Коучинг не үшін керек деп ойлайсыз?

3топ –постер жасау

-Мектепте коучингті жиі ұйымдастыру қаншалықты маңызды?

-Коучингті өткізуде кімнің құқығы бар?

4топ- «Эссе жазу»

-Коуч дегеніміз кім? Оның қандай дағдылары болуы керек? Ол дағдыларды қалай дамыту керек?

5топ- «Шеңберде жазылған хат»

-Сіз сыни ойлауды қалай дамытасыз?

6топ- «Түймедақ»

-Қандай белсендіжаттығуларды қолданасыз?

-Қандай мақсатпен және қай кезде қолданасыз?

Белсенді жаттығу: «Мен қазақпын»

  1. Рефлексия

Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.
Қорытынды кезең.«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2021
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12