Коучинг "Оқуда және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" (рефлексивтік есеп) Әдістемелік бірлестік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Оқуда және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" (рефлексивтік есеп) Әдістемелік бірлестік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқуда және оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданбай, бүгінгі күн талабына сәйкестендірмей білім сапасын көтеру, білімнің әлемдік деңгейіне жету мүмкін емес. Осы себептен оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді білу, үйрену, күнделікті іс-әрекеттерде қолдану бізге қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бейсенбаева Нұржанат Есенқызының аудандық коучинг сабағы туралы рефлексивтік есебі

Өткізген: Асыржанов

Оқуда және оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданбай, бүгінгі күн талабына сәйкестендірмей білім сапасын көтеру, білімнің әлемдік деңгейіне жету мүмкін емес. Осы себептен оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді білу, үйрену, күнделікті іс-әрекеттерде қолдану бізге қажет. Коучинг сабағына пән мамандары, бастауыш сыныптарының мұғалімдері қатысты. Қатысқан мұғалімдердің арасында тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандар, деңгейлік оқу бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдер болды. Осы тақырып мен үшін өзінің жаңашылдығымен, білім беру үдерісінің сапалық жаңа деңгейіне көтерілу мүмкіндігімен қызықты. Сапалы білім беру үшін, оқушылардың білімділігі мен біліктілігін арттыру мақсатында оқытудың және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін білу, басқаларға үйрету – мен үшін де, басқа мұғалімдер үшін де маңызды. Мұғалімдердің көпшілігі мұндай біліктілікті арттыру курстарын өтпеген, сондықтан жаңа әдіс-тәсілдерді үйренгілері келеді.

Жаңа технологияларды меңгере отырып, білім кеңістігіне шығу- бүгінгі күннің талабы. Коучинг сабағымның тақырыбы: Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби шеберлікті арттыру. Мақсаты: жаңа әдістерді таныстыра отырып,оқу үрдісіне енгізудің тиімділігін әріптестеріме түсіндіру арқылы өз тәжірибесіне қолдана білуіне мүмкіндіктер жасау болатын .Мұғалімдердің бірлескен оқуына,өздігінен білім алуына жағдай жасадым. Оқушыларды қалай қызықтыра аламын,қандай тәсілдерді пайдаланамын деген мақсаттар қойды, оны шешудің жолында ізденді, әрі үйренді

Алдымен мұғалімдермен танысу мақсатында шеңберге тұрып «Қар үйіндісі» ойынын жүргіздім. Бұл ойын арқылы жадыны жаттықтыруға болатынын түсіндіріп өттім. Содан соң көңіл-күйді анықтау үшін әртүрлі күлегештер тараттым. Әріптестер күлегештерден тиістісін белгілеп қойды. «Не артық?» ойыны арқылы топтарға бөліндік. Сабақ тақырыбын болжау ретінде «Бірлескен жұмыс» атты бейнежазбаны ұсындым. Әріптестер сабақтың топтық жұмысқа қатыстысын айтты. Мен бағдарламаның мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша айтып өттім.Жеті модуль туралы түсінік бердім. «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулін презентация арқылы түсіндірдім.Содан кейін топтарға тапсырма берілді:

І топ Мұғалім не үшін өзгеру керек?

ІІ топ Оқу мен оқытудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?

ІІІ топ Өзгеріс енгізу үшін не істеу керек?

Мұғалімдер пікірлерін айтты, әр топтан бір әріптестен шығып қорғады. Интерактивті тақтадан әріптестеріме оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді түсіндірдім. Қалай оқу керектігін үйреттім. Топқа бөлудің түрлері, жұппен жұмыс, диалогтық оқытуға көбірек мысалдармен тоқталдым.Оның ішінде өзін- өзі реттеу, метатану туралы мәлімет берілді.Мұғалімдер өз бетінше жұмыс істеуді үйренді.Топтар өз көзқарастарын жақсы дәлелдей білді.Мұғалімдер жұптық, топтық жұмыс оқушылардың өз ойын дәлелдеуіне үйрететінін түсінді.Ақпарат жинауына көмектеседі деген қорытындыға келді.Өз сыныптарында қолданатындарын айтты. Бұл тапсырмалар әріптестеріме ұнады. Топта орындалған жұмыс түрлеріне өте жақсы,тамаша сияқты формативті бағалау жүргізіп отырдым. Осы арқылы суммативті және формативті бағалау түрлеріне қорытынды жасады.Сонымен бірге топта көшбасшы бола білген әріптестерімді формативті бағаладым. Одан кейін «Көңілді кірпі» сергіту сәтін бейнежазба арқылы өткіздім. «Мағынасын тап» ойыны жұптардың логикалық ойлауын арттыру мақсатында жүргізілді. «Мені білгің келе ме?» ойыны топта отырған екі мұғалімнің арасында диалог ретінде орындалды. Ашық сұрақтар(Кім? Қашан? Қалай? Не үшін? ) арқылы өз әріптесі туралы ақпарат жинақтады. Жинаған ақпараттарын топпен бөлісті. Мұғалімдер жұппен орындалатын жұмыстың тиімділігін түсінді.Топтық жұмыста «Мюнстенберг» әдісін пайдалана отырып, барлық оқушыларды қамтуға болатынын түсінді. «Ыстық орындық» пен «Автор орындығы» әдістерінің айырмашылығын білді.Осы жасалған жұмыстар бойынша мұғалімдермен кері байланыс орнаттым. Коучинг бойынша өткізілген іс-әрекеттер туралы ой түйінін жасады.Екі жұлдыз бір тілекпен бағалады. Жалпы бұл бағдарлама әріптестеріме ұнады.Бағдарламаның ұсынып отырған әдістерінің өзі ,әрбір ұстаздың өз көзқарасы ,шешімі, ұстанымы болуы керек.

Жақсы өткен тұстары: Топтық жұмыс пен өзін – өзі бағалау сәтті шықты. Әріптестер бұл коучинг кезінде белсенділік көрсетті.Өздері оқушылар сияқты ізденіп ,бірлескен оқуды ұйымдастыра білді. Жұмыстарын қорғаған кезде үйренген әдістерін пайдаланды.

Сәтсіз өткен тұстары: Топтық жұмыс кезінде уақыттың шектеулі болғаны, мұғалімдердің сабаққа асыққандары кедергі болды.

Коучинг барысында ұстаздарға бүгінгі таңдағы жаңа әдістер мен тәсілдер ұсынылды. Мұғалімдер топтық жұмыс туралы түсінік алды, топтарға қалай бөлінуге болатынын білді;диалог ұғымы берілді, диалогтың мұғалім мен оқушының, оқушылардың өзара диалог құруы туралы білді; көшбасшылық өмірде және оқыту кезінде қандай рөл атқаратындығы туралы мәлімет алды. Осы тәсіл бойынша жұмыс жасап, жақын танысты.

Коучинг кезінде әріптестеріме үйрету арқылы кейбір тұстарды өзім нақтыладым.Іздену арқылы өзіме де, өзгеге де ақпарат жинадым.

Коучинг сабағының нәтижесінде әріптестерім топтық жұмысты ұйымдастыра білді.Суммативті және формативті бағалауды үйренді.Диалог құруды орындады. Ашық сұрақтар мен жабық сұрақтар беруді меңгерді.Ой қозғау мен ой түйінін жасауды жетілдірді.Аз сөйлеп көп тыңдауды түсінді. Өз ойларын постер арқылы көрсетуді үйренді.

Мен үшін ең маңыздысы- әріптестерімнің оқытудағы әдістерінің өзгеруі. Болашақта осы бағдарламаны , өз әріптестеріммен нәтижелі жалғастыра отырып , тек өзім үйреніп қоймай, өзгеге де үйрете беремін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1074
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі