Материалдар / Коучинг "Қалай оқу керектігін үйрету"

Коучинг "Қалай оқу керектігін үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1906
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

27.01.17ж. Избагамбетова А.Н.

Коучинг- сессия тақырыбы

Қалай оқу керектігін үйрету. Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру

Жалпы мақсат

Топтық жұмыс жасай отырып , қалай оқу керектігін өзіндік жұмыстарды орындату арқылы үйрету

Оқу нәтижесі

табыс критерийлері

Қалай оқу керектігін үйрену арқылы өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Материалды меңгеру барысында түсіну, бақылау және оқу қажеттілігін қадағалау дағдыларын реттеу

Түйінді идеялар

білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі, өз бетінше жұмыс істеу және даму ниеті, жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету т.б.

Коуч жазбасы

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Коучинг-сессия қатысушыларының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

1 минут


Жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Көңіл – күй сыйла!»

Топтағылар алақандарын бір-бірінің үстіне қояды, оң алақан үстінде тұрады.Топтың бірінші мүшесі келесі мүшесіне алақанына беру арқылы өз тілектерін айта отырып жақсы көңіл – күй сыйлайды.Әрі қарай жалғасады.

Интерактивті тақта, флипчарт қағаздары

Топқа бөлу

2 мин

   Өлең жолдарынан үзінді арқылы топтастыру.

Өлең жолдарын құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.


Миға шабуыл

3-тапсырма

7 минут

Бейнематериал: «Күртешені кию» және «Ох, и нелегко!» бейнеролигін көрсету.

-Біз балаға өз бетінше үйренуге барлық уақыт мүмкіндік береміз бе? Олар қалай үйренді? Біз қалай үйретеміз? Неліктен үлкен адамдар тез үйренбеді? Жас бала қалай тез үйренді? Ол үшін біз не істеуіміз керек?



Түрткі  сұрақ

1 минут




Мақсат қою.

«Түйін сөздер» әдісін қолданып, мәтіннің не туралы екенін алдын ала болжату.

Мақсат қояды.

«Түйін сөздер» арқылы

Мәтін не туралы екенін алдын ала болжайды.




«Нақтылайтын өңдеу» әдісімен ақпаратты есте сақтау үшін өңдеуге үйрету.

Мнемоника.

Бұл жерде не көмектесуі мүмкін? 1) есте сақтау үшін жазба жүргізу 2) Ақпаратты визуалдандыру үшін маркерленген тізімді пайдалана отырып, төрт жеке нұсқаулықтарға бөлу (ақпаратты нақты ұйымдастырудың маңызы). 3) Аса маңызды ақпарат үшін визуалды түрткілерді беру (визуалды символдарды пайдаланудың маңызы ) 4)Ақпараттағы қайталанатын сценарийлерді анықтау. Есте сақтауды жеңілдету үшін ұстап қалатын нәрселер бар ма? Бірінші екі нұсқаулық – Оң жақ Сол жақпен бір нәрсе істейді. Барлық үш әрекет Сол жаққа бағытталған. Сандар қатары әуелде артады және тақ сандар, ал азайған кезде олар жұп сандарға айналады да, бірмен аяқталады. Яғни былайша топтастыруға болады:

3579 8642 1

Есте сақтаудың КІЛТі ӨҢДЕУ болып табылады – миды білімді өңдеуге мәжбүрлеу – яғни, миды жаттықтыру

  • Оң қолыңызбен сол құлағыңызды ұстаңыз.

  • Оң аяғыңызды сол аяғыңызға салыңыз.

  • Сол жағыңыздағы көршіңізге қараңыз.

  • 357986421 сандарын айтыңыз.



Мағынаны тану.

Теориялық мәлімет беру

7 минут.

Топтарға метатану термині туралы, өзін-өзі реттеу, сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру туралы теориялық мәлімет мәтін түрінде бөліп беріледі.

Мәтінде «?» белгісі қойылған жерлерді топта бір-бірінен сұрап пікір алысады және коуч жауапты толықтырып отырады.

Қатысушылар топтарда «Инсерт»әдісі бойынша текстті маркировка жасап танысады.


Қатысушылар тапсырмаларын постер жасау арқылы қорғайды.

ҮShape1 лестірмелі материалдар, А3 форматты ватмандар


Презентациялық көрстілім

3 минут

Слайдтар: тарихи шолу, Флейвеллдің тұжырымдамасымен таныстыру.

Тұжырымдамаға бейнероликтегі баланың әрекетін сәйкестендіру.



Рефлексия

«Алақан».Қағазға қолдарыңызды айналдырып сызасыздар.Бас бармаққа - сіз үшін маңызды болған ақпарат

2 - бармаққа – сіз үшін қиын болған нәрсе( ұнамады)

3- бармаққа – мен үшін онша жеткіліксіз болды

4- бармаққа – менің көңіл күйім

5- бармаққа - менің ұсынысым



А4





















Коучингке керекті материалдар.



Өз зерттеулерінің нәтижесінде Флейвелл (1976) метатануды өлшеудің үш құрылымын (өлшемдерін) сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін анықтады:

білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі;

мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау;

тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оларды бақылау.

Бірінші өлшем жеке білімге қатысты; өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, мысалы,өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды. Флейвелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын балалардың басқа оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.

Флейвелдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған, ол оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді.

Сондай-ақ, үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды. Оқушылардың орындауы қажет тапсырманы анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен тапсырманы орындау жоспарын құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы түрдегі тиімділігі бағаланып, оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді. Оқушылардың таңдауы мүмкін тәсілдерінің біреуі – басқалардың білім аясы кеңірек болуы мүмкін деген жеке

көзқарасына байланысты олардан көмек сұрау.

Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен

оқудың арасында байланыс бар.


Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқу үдерісінің табысты болуын ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен метатанымдық білімге байланысты.















Сыныпта «оқуға үйрететін» білім ортасын құру .

Білім мен түсінікті оқушы қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан. Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің

(1) балалардың қалай оқитынын түсінуі;

(2) нені оқыту керектігін түсінуі;

(3) тізбектелген сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы;

(4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі .

Балалардың қалай білім алатынын ескеру( 1)

Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім- дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды

пайдаланады. Оқу үдерісінің басында оқушылардың қарастырылатын тақырып туралы шамалы білімі болады және осы (2 )бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылады. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырып, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады .

Мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт назарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді.

1- тезис: Жаңа тақырыпты оқыту адамның нені білетіні және түсінетінімен байланысты болады.

2- тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

3-тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

4- тезис: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.

5-тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың үйлесімділігі (3 )

Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды меңгеруді ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйренудің салыстырмалы түрде алғанда «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие.

. Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау ( 4)

Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін құрайтын қағидаттар

мен басты идеяны түсінеді. Бұл үшін оқыту тәсілдерін қолдану қажет, осының арқасында оқушылар оқу жоспарына енген пәндерінің «өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті болады.

Білімге бағдарланған оқу ортасында мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға ынталандырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасап,жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды,

керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.

6- тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.

7-тезис: Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.

Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқу үшін бағалауды

(қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқу үшін бағалау – оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, бір-біріне өзінің оқу мақсаттары туралы айтып беру сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Егер

бұл тиімді іске асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндік алады. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді.Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жылжиды. Бұл философия нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

8-тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.




























жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жетужоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету


































Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002):

  1. тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;

  2. оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,

  3. проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.


Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, пробле­маларды шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау берілді, бұл олардың өз таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты түсіндіруге мүмкіндік берді. Бақылау жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының өн бойында қолдануға болатын және метатану үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтауға көмектесті.












































Метатану және қалай оқу керектігін үйрену

Оқу үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатына жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс ұсыну арқылы оларға өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім мен дағдыларды меңгергенде, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналып, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды. Егер мұғалімдер оқу үдерісін оқушылар бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп құра алса, бұл тиімдірек оқуға мүмкіндік береді. Педагогикалық стратегия ретінде оқу үшін бағалау арқылы метатануды дамытуға болатындығы ғылыми дәлелденген және ол мектептер, жоғары оқу орындары, сонымен қатар ғылым салаларындағы көптеген жүйелерде қолданылады. Сондықтан тестілеу нәтижелерінде болсын, қалай оқу керектігін үйренуде болсын алға қойылған мақсаттарға жетудегі табыстылықты осы метатанудың ықпалы деп түсіндіруге болады.

Оқу қағидаттарын түсінуде оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл оқуды даралаудың (жекешелендірудің) ең басты идеясы болып табылады. Бір жағынан бұны метатанудың дараланған оқудың оқу үшін бағалау сияқты компоненттерін кеңінен қолданатындығымен түсіндіруге болады. Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеттері айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салаларын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жолашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларғабілім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте:

материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? мағанмұны есте сақтау қажет пе? бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?);

материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек);

материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?);

қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).

Соңғы тармақ ерекше маңызды. Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан

көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің функциясын өздері атқарады. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу мақсатында

оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге жұмсауға болатын уақыты көбейеді.

Білім алуда тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критерийі болып табылады. Кейбір оқу модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады.

Мұғалім оқу мақсаттары мен оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; тапсырманы орындау барысында оқушыны бағыттап отырады; тапсырманың орындалу мерзімі мен жұмыстың ұзақтығын басқарады, күтілетін нәтижелерді анықтап, оқушылардың оқу үдерісін бағыттап, кері байланыс ұсынады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады.

Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындап, оқудың мақсаты мен мазмұнын белгілейді, жұмыстың мерзімі мен орындалу ұзақтығын, сондай-ақ нәтижесі қандай болу керектігін анықтайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқаруынантәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға

қолдануға болады. Бірақ оқушылар есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады.

Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Сондықтан жаңа кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушылар тәсілдер, құндылықтар, дағдылар және білім кешенімен қаруланады, және де бір нәрсені үйрену қажет

болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы

жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай және уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ