Шағын кешенді Қарасаз
бастауыш мектебіндегі оқушылардың ата-
аналарымен болған коучинг
сабақтың үлгілік жоспары:
Күні: 14.02.2018
жыл.
Коучинг сабағының
тақырыбы: «Бала біздің
болашағымыз»
Сабақтың
мақсаты:
Ата-аналар арасында бала
тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру.
Ата-аналардың міндеттерін
ұстануды қалыптастыру.
Жаңартылған білім мазмұнының
ерекшеліктерін білу және саралау.
Коучинг сабағының
міндеттері:
Ата-аналардың бала
тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс
жүргізуге ықпал ету.
Әдіс-тәсілдері: тренинг, ой толғау, бейне
ролик, жұппен жұмыс, мағынаны ажырату, постер
қорғау.
Ресурстар:
Флипчарт қағаздары, маркерлер,
стикерлер, бейнежазба, слайд.
«Коучинг» ұғымы біздің
қоғамға енді ғана ене бастаған жаңа ұғым. Ағылшынша «coaching» -
оқыту, жаттықтыру мағынасын береді.
Мұғалімнің
сөзі:
Құрметті ата-аналар
бүгінгі «Бала біздің
болашағымыз» тақырыбындағы коучинг сабаққа
қош келдіңіздер.
Бала тәрбиесі отбасынан
басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші,
бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. «Мектеп- кеме, білім-теңіз»
десек, бала бар жақсылық пен игілікті, тәрбие мен білімді мектептен
алады. Яғни, тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді
біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт
береді.
Мына бір қанатты сөз өте
орынды айтылған:
Ата-ананың
ақылы-
Қазулы қара жолмен
тең.
Сіз ұлыңызды не қызыңызды тек
қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп
тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің
басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер өсіп келеді.Осыны
естен шығармайық!
Тренинг шаттық
шеңбері
(Ата-аналар балаларымен
дөңгеленіп тұрып,шаңыраққа уықтар құрады.)
Дөңгеленіп
тұрайық,
Керегені
құрайық
Уықтар боп
иіліп,
Шаңыраққа
киіліп
Киіз үйді
құрайық.
Міне сіздермен бір үлкен киіз
үйді құрдық,осы киіз үй сияқты мектебіміздің қабырғасы мықты,
шаңырағы биік болсын.
«Бес саусақ
әдісі» бойынша мына әртүрлі
саусақтарды таңдап алады.Сол саусақтардың артында топ атаулары
жазулы тұр.
(ата-аналар өз оқушыларымен
топқа бөлінеді.)
1 топ
Жүйріктер
2 топ
Үздіктер
3 топ
Озаттар
4 топ
Білгірлер
5 топ
Алғырлар
6 топ
Мықтылар
7 топ
Зеректер
Әр топ өз ұранын айтады
хормен. (алдын-ала беріліп қойылған).
Мысалы:
«Асау тұлпар желдей ескен
арынды,
Оқу менен еңбекке сал
барыңды»
(Әр белсенді қатысып отырған
топ смайликтермен мадақталып отырады).
Ой
толғау. Үлкен
экраннан «Отбасы» туралы видео
ролик көру.
(ата-аналармен
талқылау).
«Біздің топтың
жүрегі» постер
қорғау.
Енді бәріміз мына үлкен ақ
жүрекке назар аударайықшы.Ол тірі емес,біз қазір оған жан
береміз.Ол үшін сіздер мына кішкене қызыл жүрекшеге балаға деген
бір ақ тілекеріңізді жазып, мына үлкен ақ жүрекке жапсырып, оқып
бересіздер.
Міне, үлкен ақ жүрекке жан
бердік. Ол үнемі дүрсілдеп, соғып тұрады. Яғни бәріміздің
жүрегіміз «бала» деп
соғады.
Ой
толғау. Үлкен экраннан
келесі «Әке тәрбиесі туралы» видео
роликті көру.
(ата-аналармен ой толғау,
талқылау, отбасындағы әкенің ролі).
«Жанұя»ойынын
ойнау.
(сұрақтарға жауап
беру).
1.Балаңыздың туған жылы мен
туған күнін айтыңыз.
2.Балаңыз қандай спорт
түрін ұнатады?
3.Балаңыздың аяқ киім
өлшемін білесіз бе?
4.Балаңыздың сүйікті пәні
қандай?
5.Балаңыз қандай тағамды
ұнатады?
(экраннан алдын-ала
дайындалған сюжетті, баланың жауабын көріп, ата-ананың жауабымен
салыстырылады, қаншалықты сәйкес келетінін
бақылау).
Сергіту сәті.(«Қызыл
өрік»балаларға арналған қимылдық музыкаға билеу.Ата-аналарымен
бірге).
Постер
қорғау.(10 мин. дайындалуға, 3
мин.қорғауға)
«Балаңызға айтылатын жылы
сөздер»
Стикерлерге жазып ілу, ортаға
шығып қорғау.
Мұғалім ата-аналарға
байланысты қанатты сөздер айтып, слайд
көрсетеді.
-Баланың тәрбиеден нәр
алатын тамыры-АТА-АНА.
-Тәрбиесіз берілген
білім-адамзаттың хас жауы.(Әл-Фараби)
-Бала тәрбиесінде мүлт
кетуге, қателесуге
болмайды.(Сухомлинский)
-Тәрбие -тал бесіктен
басталады.(Мұхтар Әуезов)
Постер қорғау. «Отбасылық
құндылық ағашы» суретін салып, оған алдын-ала
дайындалған қима қағаздарды жапсырады.Оларды ағаштың тамырына,
діңіне, бұтақтарына орналастырады. Яғни отбасында ең алдымен қандай
тәрбие берілетіндігін жазады.
(мықты денсаулық, сыйластық,
ауызбіршілік, қамқорлық, тәртіп, сенімділік, мейірімділік, береке,
махаббат т.б.). (10 мин. дайындалуға, 3 мин.
қорғауға)
Оқушылармен
жұмыс.
Оқушылар мұғалімнің қолындағы
рим цифрларымен таңбаланған сандарды таңдап алу
арқылы сандарды
сөйлетеді.
3, 5, 6, 7, 12
сандары. Мысалы: 7 ата, 7 қазына, 3 арсыз, 5 асыл іс, 5 дұшпан, 6
алаш, 6 парыз, 12 мүше, 12 ай.т.б
«Мағынаны
тану».
Ата-аналар өз саусақ іздерін
салып, оған баласының есімін жазады және әр әріптің мағынасын
ашады.
Мысалы: Айым. А-ақылды, й-ибалы,
ы-ырзықты, м-мейірімді.
Ойын. «Аяқалмаған
сөйлем»
Менің балам........(жалғастыру
арқылы өз баласын мақтап, мадақтап допты келесі ата-анаға
лақтырады.)
Қорытынды
бөлім.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісі бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып,
жапсырады.
«Ратация әдісі
» арқылы әр ата-анаға жекелеген
сұрақтар қойылады.
- Баланың дамуына қандай
әдіс-тәсіл қолданасыз?
-Ата-ананың міндетіне не
жатады?
-Үлгілі ата-анаға тән қандай
қасиеттер бар?
Ата-аналарды әртүрлі
номинация бойынша, жинаған смайликтеріне қарап
бағалау.
«Білімді отбасы», «Білгір
отбасы», «Тәрбиелі отбасы», «Жаңашыл отбасы», «Озық ойлы отбасы»
,«Өнегелі отбасы», «Үлгілі отбасы».
Назарларыңызға
рахмет!