Материалдар / Коучинг сабақ Жас маман ұстаздарға
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Коучинг сабақ Жас маман ұстаздарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау,өзін-өзі тану,құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында пайдалануға болатын коучинг сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2018
1003
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдерге арналған коучинг.Тақырыбы: «Жаңашыл ұстаз мәртебесі»Мақсаты: Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау,өзін-өзі тану ,құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу.

1.«Бумба-Юмба» жаттығуыБүгінгі коучингке келгендеріңізге мен өте қуаныштымын.Бүгінгі қалыптан тыс амандасу жаттығуымыз «Бумба-Юмба» тайпасына қоршауға түсіп қалып,сол тайпаның салты мен дәстүрі бойынша амандасуымыз керек екен,ретсіз қозғала жүріп,бір-бірімен былай амандасады.Бас иіп,күлімдеп,көзбен,қол алысып,иықпен,арқамен,тіземен.2.Топтарға бөлуБалық түрлері бойынша бөлінеді.1 топ «Қызыл балық»2 топ «Көк балық»3 топ «Сары балық»4 топ «Ақ балық»3. Жеке жұмыс. «Аквариум» әдісі Парақтар үлестіріледі.Олар теңіз түбінде қандай балық болатынын анықтап,сол балықты қиып,бояп,атын жазып теңіз түбіне орналастыруы керек.(Кімнің балығы терең кімдікі жоғары орналасқандығы байқалады.) (М) «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік,ұйымшылдық пен татулық қажет» Сондай оқушыны алға жетелейтін білімді,патриот,еңбекшіл,өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін,дінін құрметтейтін ұстаз нағыз көшбасшы болуға лайық.4. Топтық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі«Менің қиялымдағы мектеп» жобасын постерге түсіріп,ойын ашық жеткізеді.5.Топтық жұмыс. СТО технологиясы әдісіСөзжұмбақ.«Бірлік,бекілген,күш,төрткүн,әбестік,қалтырау,жетіген,сегізаяқ,тоғызқұмалақ,қонақ,қы-рықтық,келу,желтоқсан,жүзім,жымыңдаған»Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?Жауап: Келтірілген сөздердің барлығында сан есім жасырылған.6. Сергіту сәті. «Ливен тактикасы» Отырысына байланысты:1. Тобықтарыңызды айқастырып отырғанды ұнатасыз ба? Бұндай отырыс байсалды, тіпті өзіне сенімсіз адамдаға тән. Өзіңізге деген сенімділікті дамытуға тырысыңыз.2. Көбінесе бір аяғын екіншісіне салып қойып отыратын адамдар өзіне сенімді болады. Өмірден не қалайтынын біліп, болашағына жарқын қарайды.3. Түзу, екі аяғын бірге қойып, табанымен еденді толықтай басып отыратын адамдар ақкөңіл, шыншыл болады. Турашыл, ойлағанын бетке айтады, қоршаған адамдарға шыншылдығымен ұнайды. Сырттай суық көрінгенімен, расында адамгершілігі мол адам.4. Табанын аяқтарының ұшында ұстап отыратындар сабырлы, кейде тұйық адамдар. Тұйықтығы қоршаған ортаның сынына төзе ала алмау қасиетіне байланысты. Ортасының пікіріне тәуелді болады.5. Аяқтарының ұштарын бірге, ал өкшелерін екі жаққа қаратып отыратын кісі батылсыз, кінәмшіл адам болады. Бұл қасиетін жеңе алмай жүрсе де, ол басқаларға бірден дұрыс баға беріп, мінездерінің сырларын көріп тұрады.6. Аяғын алдыға созып, кішкене шалқайып, тобықтарын айқастырып отыратын кісілер өктемшіл, қызғаншақ болып келеді. Басқалардан асып түскісі келеді.7. Ұжымдық жұмыс. «Блум таксономиясының ҚМЖ құрудағы тиімділігі» Әдебиеттік оқу.Байлық пен ақыл. (ертегісі)          Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:-Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, -депті.Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, -депті. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: -Міне осы түрімді көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, депті.Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейлеген белдігін буынады да: -Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына: -Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? –дейді. Сонда кенжесі: -Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат, жігерге толы жүрегім ғана бар, -депті.Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті. 

8. Жеке жұмыс. Тапсырмалар бойынша кері байланыс. «Плюс,минус,қызықты»«Плюс»-оң әсер еткен фактілерді,алған білімдері жайлы жазасыз«Минус»-қолымнан келмей жатыр,түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.«Қызықты»-не қызықты болды соны жазады,не жайында көбірек білгісі келді соны жазады.

9.Рефлексия.( Рыленковтың методы бойынша.)Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.1.Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты.2.Балан үйрек-мен нақты өзіме ұсыныс алдым.3.Ортан терек-маған қиын болды, ұнаған жоқ.4.Шылдыр шүмек-менің бағам психологиялық жағдайға берілген баға.5.Кішкене бөбек-мен үшін жеткіліксіз болды.



ҚорытындыЖұмысқа байланысты кеңестер1.Көмекшілерді үздеңіз.Барлығын өзіңіз атқармаңыз.Мектепте өз көмекшілеріңіз кім бола алады? Бұл сіздің әріптестеріңіз,оқушылар.Бір жағынан әріптесіңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз ұтымдырақ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»2.Жұмысты қиындатпай,ақылмен жұмыс істеңіз.Жұмысқа жинақы болыңыз.Кез келген жұмыстың соңын біліп тұруға тырысыңыз,өз еңбегіңізді сіздің күшіңіз,сіздің алтын уақытыңыз деп біліңіз.Бүгінгі коучингтен өзіңізге жақсы әсер алды деген сенімдемін!Қатысқандарыңызға рахмет!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!