Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Коучинг сабақ: Туған жер бағдарламасы” отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі құралы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңаөзен қаласы
11 орта мектеп
Коучинг тақырыбы: “Туған жер бағдарламасы” отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі құралы
Коучинг сабағын өткізетін:
Жаңаөзен қаласы №11 орта мектептің биология
пәні мұғалімі Жолдасбаева Алуаш Конакбаевна
25.11. 2017 жыл
2017-2018 оқу жылы
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№11 орта мектептің
жоғары санатты, II деңгейлі география-биология
пәндері мұғалімі Жолдасбаева Алуаш Қонақбаевна
Отаншылдық өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, туған өлкеңе
деген сүйіспеншіліктен бастау алады.
Н:Ә:Назарбаев
Коучинг тақырыбы |
“Туған жер бағдарламасы” отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі құралы |
|
Дерек көздері |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. II деңгей.. Интернет ресурстары |
|
Мақсаты: |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту” бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірі «Туған жер бағдарламасының» идеяларымен танысады. Қатысушылар өз білімдерін жетілдіреді және оны практикада қолдануды үйренеді |
|
Оқу нәтижелері: |
1. «Туған жер бағдарламасының» идеяларын айқындай біледі 2 Туған жер туралы мәліметтерді сабаққа кіріктіруді меңгереді. |
|
Негізгі түйінді идеялар: |
Отансүйгіш, патриот ұрпақты тәрбиелеу, дарынды және талантты оқушылардың ынта-ықыласы мен қабілетін арттыру, тұлға құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау |
|
Тренинг- психологиялық ахуалды қалыптастыру 5 мин. |
Бүгінгі коучингімізді наурыз көже пісіруден бастайық. Ол үшін алдымен көжеге салатын дәмдерімізді тазалап аламыз: көреалмаушылықтан, өшпенділіктен, бірбеткейліктен, қайғыдан, қытымырлықтан, бәрібірліктен, қара басының қамын ойлаушылықтан, сен тимесең мен тимеден тазалаймыз. Көжеге қажетті 3 толы ас қасық оптимизм, бір уыс сенімділік, бір қасық шыдамдылық, бірнеше тал төзімділік, бір уыс сыпайылық және тәртіптілікті қосамыз. Дайын болған қоспаның үстіне махаббатты құямыз. Енді болған асты әсемдеуіміз керек: оны мейірімділік пен ықыластың жапырақтарымен әрлеп, адамгершілік қасиетімен безендіреміз. Асымызды жылы сөздер және әдемі күлімсіреумен ұсынамыз. Астарыңыз дәмді болсын! |
|
Топтарға бөлу 2 мин |
Коучингке қатысушыларды «Отан», «Атамекен», «Туған жер» топтарына бөлу. |
|
Кіріспе тапсырмалар, бейнефильм көрсету 3 мин |
«Туған жер», «Неткен сұлу Қазақ жері» бейнероликтерін көрсету Сіздерде қандай сезім пайда болды? Бейнеролик туралы не айтасыздар |
|
Тапсырма түрлері: |
Берілген тапсырмаларды орындау барысындағы іс-әрекеттің ерекшелігі |
Уақыты |
Тапсырмалар: |
1. Топтық жұмыс: Туған жер мәліметтері менің сабағымда (өз сабақтарында туған өлке мәліметтерін қолдану туралы) 2. Ситуациялық сұрақ: Кедергілерді жою 3. Ассосациялау «Отан», «Атамекен», «Туған жер» сөздерін 4. «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия |
15мин. |
Сергіту сәті
|
Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы,«Мен еріншектігімдісізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын |
3 мин. |
Қорытынды |
Ассосациялау «Отан», «Атамекен», «Туған жер» сөздерін |
3 мин |
Рефлексия |
Бүгінгі коучинг тақырыбын мүлде түсінбеген топ бағдаршам суретіне қызыл түс, практика қажет /сұрақтар бар дейтіндер – сары түс, барлығын түсінген топ жасыл түске тілек, өтініштерін жазып, жапсырады. |
2 мин |
Сабақ бойынша мұғалімнің іс-әрекеті
Коучинг тақырыбы |
“Туған жер бағдарламасы” отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі құралы |
|
Дерек көздері |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. II деңгей.. Интернет ресурстары |
|
Мақсаты: |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту” бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірі «Туған жер бағдарламасының» идеяларымен танысады. Қатысушылар өз білімдерін жетілдіреді және оны практикада қолдануды үйренеді |
|
Оқу нәтижелері: |
1. «Туған жер бағдарламасының» идеяларын айқындай біледі 2 Туған жер туралы мәліметтерді сабаққа кіріктіруді меңгереді. |
|
Негізгі түйінді идеялар: |
Отансүйгіш, патриот ұрпақты тәрбиелеу, дарынды және талантты оқушылардың ынта-ықыласы мен қабілетін арттыру, тұлға құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау |
|
Тренинг- психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру 3 мин. |
Бүгінгі коучингімізді наурыз көже пісіруден бастайық. Ол үшін алдымен көжеге салатын дәмдерімізді тазалап аламыз: көреалмаушылықтан, өшпенділіктен, бірбеткейліктен, қайғыдан, қытымырлықтан, бәрібірліктен, қара басының қамын ойлаушылықтан, сен тимесең мен тимеден тазалаймыз. Көжеге қажетті 3 толы ас қасық оптимизм, бір уыс сенімділік, бір қасық шыдамдылық, бірнеше тал төзімділік, бір уыс сыпайылық және тәртіптілікті қосамыз. Дайын болған қоспаның үстіне махаббатты құямыз. Енді болған асты әсемдеуіміз керек: оны мейірімділік пен ықыластың жапырақтарымен әрлеп, адамгершілік қасиетімен безендіреміз. Асымызды жылы сөздер және әдемі күлімсіреумен ұсынамыз. Астарыңыз дәмді болсын! |
|
Топтарға бөлу 2 мин |
Коучингке қатысушыларды «Отан», «Атамекен», «Туған жер» топтарына бөлу. |
|
Кіріспе тапсырмалар, бейнефильм көрсету 5 мин |
«Туған жер», «Неткен сұлу Қазақ жері» бейнероликтерін көрсету Сіздерде қандай сезім пайда болды? Бейнеролик туралы не айтасыздар |
|
Тапсырма түрлері: |
1. Топтық жұмыс: Туған жер мәліметтері менің сабағымда (өз сабақтарында туған өлке мәліметтерін қолдану туралы) 2. Ситуациялық сұрақ: Кедергілерді жою 3. Ассосациялау «Отан», «Атамекен», «Туған жер» сөздерін 4. «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия |
Уақы ты |
1. Тапсырма:
|
Топтық жұмыс: Туған жер мәліметтері менің сабағымда (өз сабақтарында туған өлке мәліметтерін қолдану туралы) Әр топ бірігіп, сабақтарында пайдаланатын өлке материалдары туралы мысалдар келтіреді 1. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі 2. Тарих, география, биология 3. Физика, математика, химия, |
15 мин. |
Сергіту сәті
|
Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын. |
3 мин.
|
2 тапсырма |
Ситуациялық сұрақ: Кедергілерді жою 1. Егер оқушы сізден өлкеміз туралы білмейтін мәліметтеріңізді сұраса қалай жауап берер едіңіз? 2. Балалардың отангершілік, патриоттық қасиеттерін дамыту үшін не істер едіңіз? 3. Егер ата-ана сізен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туган жер» бағдарламасының енгізілу себебі не деп ойлайсыз деген сұрақ қойса қалай жауап берер едіңіз? |
10 мин |
Қорытынды |
3. Ассосациялау «Отан», «Атамекен», «Туған жер» сөздерін |
5 мин |
Бағалау |
Әр тапсырмадан кейін 3 шапалақ арқылы топтар бірін-бірі бағалайды |
|
Рефлексия: |
Бүгінгі коучинг тақырыбын мүлде түсінбеген топ бағдаршам суретіне қызыл түс, практика қажет /сұрақтар бар дейтіндер – сары түс, барлығын түсінген топ жасыл түске тілек, өтініштерін жазып, жапсырады. |
2 мин |
Барлық уақытта ұлттық бірегейліктің тұғырнамасы болып туған жер табылды, оның айналасында онда тұратын барлық ұлттардың дәстүрлері мен мәдениеті қалыптасты. Отанға деген сүйіспеншілік сияқты әлеуметтік сезім тіршілік әрекетінің барлық салаларында жаңа жетістіктерге жетуге итермелейді.
Өз Отаныңа деген ұқыпты ізетті қатынас өз жеріңе, еліңе, қоғамыңа деген тығыз эмоциялық іңкәрліктің негізінде туындайды. Отаншылдық радикалдық қозғалыстардың әсерінен қорғайтын күшті қалқан болып табылады.
Өз жеріңе, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен дәстүрлеріне ерекше қатынасты
қалыптастыру және ғұрыптау қажет. Қазіргі қазақстандықтар өз бабаларының осы жер үшін, оның аядай әр бөлігін сақтап қалу үшін, өзінің әдет-ғұрпын сақтау мүмкіндігі үшін, өз ұрпағына еркін болашақты қамтамасыз ету үшін күрескенін түсінуі қажет.
Мысалы, бүгінгі таңда Қазақстанда Ұлы Отан соғысы әсерін тигізбеген бір де бір қазақстандық отбасы жоқ. Бұл үрей тудырған өткен өміріміз, бірақ, ол баршаға ортақ өткен шағымыз, оның қиындықтарын біздің аға буын иық тіресе, бірлесе отырып жеңді. Осыны түсіну отаншылдық
рухын нығайтып, азаматтарды біріктіруге және сырттан әсер ететін күштерді жеңуге ықпал етуі тиіс.
Сондықтан «Туған жер» сияқты бағдарламаны жасау қажет. Оның негізгіқызметі орталықсыздандырылып жүргізілетін болады. Президент атап өткен сапалық құрамдас бөліктер үш қадамнан тұрады:
1. Білім беру, экология және абаттандыру салаларында күрделі өлкетану жұмысын ұйымдастыру, өңірдің тарихын зерделеу, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті
ауқымдағы мәдени нысандарды қалпына келтіру.
2. Орналасқан орнына қарамастан, өзінің туған өлкесіне қолдау көрсеткісі келген бизнесмендерге, шенеуніктерге, зияткерлік өкілдеріне және жастарға қол ұшын созу.
3. Отаншылдық ынтасына қарай жүйелі және ұйымдастырылған тәсілдеме, бұл жерде ол туған өлкеге көмектесетін қолдау көрсету мен әлеуметтік құрметтің әртүрлі нысандарын, соның ішінде демеушілік көмек механизмін білдіреді.
Туған жер» бағдарламасы мейлінше кең мақсатты «Туған ел» бағдарламасына ұласады. Өзінің туған еліңе (Қазақстанға деген) – Отаныңа деген махаббат кіндік кескен туған жерден басталады.
Әлемде мұндай жұмыстарға ерекше назар аударылады.
ФАКТІЛЕР
Мысалы, жергілікті тарихты зерделеу / өлкетану жөніндегі жұмыстарды әртүрлі шетелдік ұлттық институттар жүйелі түрде жүргізеді. Олар тоқсан сайынғы журналдарды шығарады, жергілікті тарих бойынша кітаптар мен кітапшаларды басып шығарады, негізгі мұрағат қоймаларына, кітапханалар мен мұражайларға жүйелі түрде экскурсиялар жүргізеді.
Мысалы, Норвегиялық өлкетану институты Норвегияның Мәдениет министрлігі жанындағы агенттік болып табылады. Норвегияның өңірлік тарихын
мадақтау және дамыту үшін оның негізі 1955 жылы қаланған болатын. Сондай-ақ институт жергілікті тарихтың жоғары кәсіби және педагогикалық деңгейін ынталандырады.
Британиялық өлкетану қауымдастығының Ұлыбритания бойынша кең желісі бар және ол барлық әуесқойлар мен кәсіпқойларды бір қанаттың астында біріктіреді.
Америкалық өлкетану қауымдастығы 1940 жылы құрылды, ол Құрама Штаттары мен Канаданың мемлекеттік, провинциалдық және жергілікті тарихы саласындағы қызметке ықпал ету үшін арналған.
Тарихи қоғамды зерделеу жөніндегі Корольдік Австралиялық институт 1901 жылы құрылды. Институт әртүрлі іс- шараларды ұйымдастырады, басылымдарды жариялайды, өзіне мүшелік ететін желідегі жекелеген тұлғалар мен жергілікті тарихи қауымдастықтарға консультациялық қызмет көрсетеді.