«Сенімге бағытталған»
тренинг
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы жылулық орнату, ата-аналардың
көсбашлығыны дамыту, ата-аналардың мектеппен байланысын
арттыру
Қатысушылар:
ата-аналар және оқушылар
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу рәсімі
2. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі
3. «Балаңызды қаншалықты білесіз?» сауалнамасы
4. Жағдаят шешу
5. Жаттығу: «Тілек шамы»
6. Қорытындаы , ой – түйін
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы –
ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының
әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы
алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне
белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп
арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау
мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан
зор.
І.
Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық
көңіл-күйді қалыптастыру.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен маңдайына, одан соң
еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
5. «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
6. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары
қаратып қастарына тигенше көтереді.
ІІ. “Сөйлемді аяқта”
әдістемесі
-Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
-Отбасы бұл…
-Отбасым бақытты болу үшін…
-Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
- Мен қалар едім отбасымның…
-Менің балам мектепті жақсы
көреді,
себебі..................
-Баламның сынып жетекшісі өте
жақсы сынып жетекші ,
себебі.......................
-Менің балам мектептен жақсы
білім алады,
себебі...........................
ІІІ. «Балаңызды қаншалықты
білесіз?» сауалнамасы
ІҮ. Жағдаяттарды шешу. Ортаға оқушыларды
шақырамыз.
Оқушылар ата-аналарына барып
өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап
айтады.
1-оқушы. Анашым, мен бүгін
сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім,
апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта
салыңызшы.
2-оқушы Әке мен бүгін
мектептің терезесін сындырып
алдым
3-оқушы Анашым, мен бүгін
сіздің жақсы көретін ыдысыңызды сындырып
алдым
4-оқушы Әке мен бүгін мектепте
жарысқа қатысып, мақтау қағазын
алдым.
Ата-аналар осы жағдайларды сол
сәтте қалай қабылдайтындықтарын (қуаныштарын, реніштерін,
іс-қимылын салып) көрсетеді.
Ү. «Тілек
шамы». Ата-аналар
балаларына тілек білдіру.
ҮІІІ. Қорытынды Ой —
түйін:
Қорытынды.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның
үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала
тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай
тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік
және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай
болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз
болып, біз болып бірге
атсалысайық.