креативті ойлау-функционалдық сауаттылықтың негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

креативті ойлау-функционалдық сауаттылықтың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, бәсекеге қабілетті, креативті ойлай алатын, жан - жақты қалыптасқан , функционалды сауатты жеке тұлға тәрбиелеу. Креативті ойлау-функционалық сауаттылықтың өзекті компоненті болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім және ғылым –елдің тұрақты дамуының кепілі

Баяндама

Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, бәсекеге қабілетті, креативті ойлай алатын, жан - жақты қалыптасқан , функционалды сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Креативті ойлау-функционалық сауаттылықтың өзекті компоненті болып табылады.

-Сіз бір кез ойландыңыз ба?

-Неліктен кейбіреулер таңғажайып идеяларды ойлап табады?

-Ал басқалар таңғажайып идеялар жоқ деп ойлайды.

-Сіз бір кезде үнемі бір ақпаратты пайдаланатын жағдайға тап болдыңыз ба?

-Неліктен біздің оқушылар бір үлгіде ойланады және сөйлейді?

Осы қиын сұрақтарға жауап беруге ой жүгіртумен қатар емес, сонымен қатар жауап табу үшін әрбір ұстаз шәкіртінің креативті ойлауына жол тауып, функционалды сауатты тұлға етіп қалыптастыру мақсатында жұмыс жасағанымыз абзал.

Осы орайда нәтижеге жету үшін мынадай 3 сұраққа жауап іздейік:

- Басқаша ойлау не үшін маңызды?

- Креативті ойлаудың дамытудың мақсаты неде?

- Қалай жүзеге асырамыз?

Ол үшін оқушыларды стандарттан тыс ойлауын дамытуға арналған жаттығулар беру арқылы іске асыра аламыз.

Мысалы, бір сабақтың үстінде бірнеше түрлі тапсырма емес, бір тапсырманы бірнеше түрлі етіп беретін кез келіп жетті.

Құзіреттілік-бүгінгі таңда адамның негізгі функционалдық қасиеттері болып табылады.

1-құзыреттілік:Кооперация-топтық жұмыстарды жасауда ынтымақтастық та маңызды. Өйткені балалар бүгін тек бірігіп не істей алса, болашақта олар ол жұмысты өз беттерінше істеуге дағдыланады.

2-құзыреттілік: Коммуникативтілік-келіссөздер жүргізу және байланыс орната білу. Олардың бірін-бірі тыңдауы және тыңдай алуы,өз ойын білдіруі, ақпаратты жазбаша және ауызша түрде ұсынуы, диалогқа түсуі

3-құзыреттілік: Сын тұрғысынан ойлау-жағдаятты талдауға, оқушылардың өз ойларын реттей алуға, себеп-салдарға байланысты оларды өмірмен байланыстыру, қажетті жағдайда оларды жою, қорытынды жасай алуға негізделеді. Тіпті сәтсіз жағдайға ұшыраған жағдайда да шешімдерді табу үшін өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсінуге мүмкіндік алады.

4-құзыреттілік:Креативті ойлау-стандарттан тыс шешім қабылдау және проблемалар мен жағдаяттарды жаңа көзқарастармен қарауға, әрқашан немесе ағымдағы шешімдерге тәуелді емес жаңа инновациялық шешімдерді әзірлеуге көмектесетін баға жетпес дағды

Қорыта келе мектеп табалдырығында барлық пәннен 4 түрлі құзыреттіліктер бойынша функционалдық қасиеттері дами отырып сауаттанған оқушы –болашақ өз өмірінде алған білімін, қызметін, қарым-қатынас , қоғамдық қатынастар, өмірлік міндеттерді шешу үшін кең көлемде пайдалана алатын тұлға болары сөзсіз. Ал функционалды сауаттанған тұлға -біздің еліміздің тұрақты дамуының кепілі болары анық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2022
1056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі