Материалдар / КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада креативті ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталды. Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі міндетінің бірі - креативті ойлайтын тұлға дамыту. Тіл және әдебиет пәндері кіріктіріле жүргізілетін сабақтарда креативті ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың оқылым дағдысын дамыту жүзеге асырылады. Бұл мақала іс-әрекеттегі зерттеу (Аction research) жобасы ретінде мектеп мұғалімдерінің тобымен жүргізілді. Зерттеу отандық және шетелдік педагогикалық идеялар мен ізденістерге негізделген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
4905
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Аннотация

Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі міндетінің бірі - креативті ойлайтын тұлға дамыту. Тіл және әдебиет пәндері кіріктіріле жүргізілетін сабақтарда креативті ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың оқылым дағдысын дамыту жүзеге асырылады. Бұл мақала іс-әрекеттегі зерттеу (Аction research) жобасы ретінде мектеп мұғалімдерінің тобымен жүргізілді. Зерттеу отандық және шетелдік педагогикалық идеялар мен ізденістерге негізделген. Оқылымның тиімді тәсілдерін қолдану арқылы креативті ойлауды дамытудың жолдары өзіндік тәжірибемен ұштастырыла қарастырылды.

Кілт сөздер: креативтілік, оқылым дағдысы, оқылым стратегиялары, әдіс-тәсілдер “Бүгінгінің баласына ертеңгінің биігінен үңіл!” деген Мағжан Жұмабаев сөзі бүгінгі күнде де өзектілігін жойған жоқ.

Яғни баланың ертеңгі күні өмірде қажет болатын дағдыларды бойына сіңіру бүгінгі концептуалды білімге негізделген мектеп бағдарламасының міндеті.

Жаңартылған білім беру мазмұнында дағдыларға негіздеп оқыту басшылыққа алынады. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылықты қолдана білу, тез ойлап табу дағдысы оқушының ішкі ойын дамытуға, яғни креативті ойлауына итермелейді. Креативті ойлау өзгермелі өмір сүру талаптарына бейімделуге, тұлғаның ішкі ресурстарын тиімді қолдануға, оның әлеуметтенуіне мүмкіндік береді. Креативтілік қабілеттерін адам өмірін жеңілдететін қызықты идеялар тудыруда ғана емес, жалпы тұлғаның өзін жетілдіруіне және тұлғалық дамуына қолдануға болады. Кез келген шығармашылық жұмыс бізге өзіндік мағына тауып, өз құндылықтарын тануға мүмкіндік береді. Танымал адамдардың өмірбаянын зерттей келе, Дэвид Галенсон (экономист, зерттеуші) креативтілік қабілеттердің шыңы кез келген жаста болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Галенсон креативті тұлғалардың екі типін бөліп қарайды. Бірі – өздерін ерте жаста танытса, екіншілері – өте жай дамып, адам өмірінің екінші жартысына келуі мүмкін. Әсіресе креативті ойлауды дамытудың ерекше маңызы жасөспірім кезеңінде көрінеді. Бірқатар зерттеулер адамның креативті дамуында негізгі орынды өзіндік жеке тұлғалық қасиетті түсіну кезеңі ретінде жасөспірімдік кезең алатынын көрсетті (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович және т.б.).

Креативтілік – өмірдегі кез келген міндетке қолданылуы мүмкін сапалық көрсеткіш.

А. Маслоу креативті ойлаудың басты импульсі өзін-өзі белсендендіру қажеттілігі, яғни адамның өз міндеттері мен жеке мүмкіндіктерін толық және еркін жүзеге асыруға ұмтылуы болып табылады деп есептейді. Өзін-өзі белсендіру әрекетінің арқасында адам өзінің болмысының мәніне жақын мүмкіндіктерін ашады. Сондықтан креативтілік өзін-өзі белсендірудің маңызды сипаттамаларының бірі саналады. А. Маслоу әсіресе креативті адамдардың тәжірибесіне сүйенеді. Алайда ол креативтілікті кеңінен түсінеді, яғни зерттеушінің пікірінше, креативтілік кез келген тұлға бойынан табылады, тек оны тиімді тәсілдермен анықтап, қолдана білу қажет.

Оқыту үдерісінде оқушының креативті ойлау дағдысын дамытуға тілдік дағдылардың (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым) әрқайсысы негіз бола алады. Жаңартылған білім мазмұнының талабына сай оқушының өмір бойында білім алу құзіреттілігін қалыптастыру міндетін атқаруда мектепте жүргізілетін

Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеудің (Action research) пайдасы зор.

Тіл және әдебиет пәндерінің кіріктірілген бағдарламасының мақсатына қол жеткізу үшін зерттеуімізді 7-10-сыныптардағы оқушылардың креативті ойлау тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалай дамытуға болады?” деген зерттеу сұрағы негізінде жүйеледік.

Оқу – оқытудың негізгі тәсілі, қоршаған ортаны танудың құралы. Оқу – саналы түрде және санадан тыс ойлау процесі (Beatrice S.Mikulecky, 2008). Оқуды меңгеру бала үшін ұзақ және оңай емес, оған көп күш пен уақыт жұмсайды. Ол тез және мағыналы оқып, оқу кезінде ойлауды және мазалауды үйренгенше, бұл процесс оған аз қуаныш пен рахат әкеледі. Сондықтан оқушыға автордың айтпақ ойын түсініп алу үшін белгілі бір стратегиялар аса қажет. Бұл мәтіннен қандай да бір идеялар мен фактілерді байқаған кезде оны өзінде бар ақпаратпен сәйкестендіріп, мәтіннің мәнін түсінуге көмектеседі. Когнитивті психологтар өз еңбектерінде жаңа оқу стратегияларын немесе ойлау процесін меңгерген оқушылар нені оқып, нені орындау керек екенін жақсырақ түсінетіндігін зерттеген (Brown, Armbruster, and Baker, 1986). Демек оқушылар оқу стратегиялары мен ойлау әрекетінің барысын түсінгеннен кейін, мәтінді саналы түрде ұғына алады (Brown, 1978) [1]. Зерттеушілер оқушылардың қандай да бір оқу стратегияларын қолдануы олардың оқылымды тезірек әрі ұғынықты түсінуіне айтарлықтай мүмкіндік беретінін нақтылайды. Оқу дағдысы екі жағынан қалыптасады — мағыналық және техникалық. Мағыналық жағы оқылғанды түсінуді, меңгеруді, есте сақтауды қамтамасыз етеді. Техникалық жағы оқу тәсілін, дұрыстығын, мәнерлілігін, жылдамдығын немесе оқу қарқынын қамтиды. Оқу техникасын құрайтын әрбір компоненттің оқу процесіне әсер ететін өз ерекшеліктері бар. Ал оқылым дағдысы мәтінді өндіруден (жазу, айту) гөрі, оған жауап қайтару немесе әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды әлем туралы білімімізбен байланыстыра білуіміз керек. Яғни жергілікті және ғаламдық деңгейде ойлау арқылы жан-жақты мәнмәтінде қарастыра алуды қажет етеді. Мысалы, әдеби мәнмәтінде түсіну үшін талдау төмендегі кестедегі кезеңдермен жүргізіледі.

Жүсіпбек Аймауытов “Ана тілін қалай оқыту керек?” мақаласында да дамытуда көркем шығарманы мәнмәтіндік талдау, сонымен қатар оқушының шығармашылығын дамытудың жолы ретінде бейнелеу өнерімен тікелей байланыстыруға баса назар аударады. Мысалы, ағартушы-ғалымның аталған еңбегінде былай дейді “Көркем әдебиеттен оқытқаннан кейін, балаларға, мәселен, мынадай сұраулар қойылса, жарайды:

1) Әңгіменің қаһарманы кімдер? (әдеби және өмірбаяндық мәнмәтін)

2) Заманы, орны, уақыты, жағдайы нендей? (тарихи-географиялық мәнмәтін)

3) Басында, ортасында, аяғында айтылмай кеткен, жетпей тұрған сөздер жоқ па? (әдеби мәнмәтін)

4) Шығарманың өте маңызды жерлері қайсылар? (әдеби мәнмәтін)

5) Қандай сөздер, жолдар, сөйлемдер өте сұлу, жат, күшті келген? (әдеби мәнмәтін)

6) Қандай сурет салуға, қай-қайсын айттыруға болар еді? (креативті ойлауға бағытталған)

7) Қай жері күйге келтіріп оқуға, қай жері сымбатқа түсіруге қолайлы? (рөлдік ойынға бағытталған)

8) Қай жерлері өте қуаныш, мұң, қауіп-қатер, қайғы, шаттық сезім туғызады? (әдеби мәнмәтін)” [2]

Ұлт ағартушысының педагогикалық идеялары оқытудың заманауи идеяларымен үндесіп жатқанын өз тәжірибемізде креативті ойлауға бағыттайтын тапсырма түрлерін ұйымдастыру және қолдану барысында көрдік. Солардың ішіндегі ең қызықты әрі тиімдісін ұсынамыз. Әдеби мәнмәтіндік талдауды қызықты әрі оқушының қабілетін ұтымды пайдалану және креативті өнім жасаудың тиімді тәсілі ретінде “Ойлауға бағыттайтын тосын сызбаларды”) таңдауға болады.

Бұл стратегия (Doodle) өзін-өзі дамытады, қиялды дамытады, шығармашылыққа бастайды, креативті ойлауды дамытады және тапсырмаларды шешуде стандарттан тыс ойлау дағдысын дамытады. Оқушылар алдымен оқыған шығармадағы негізгі тірек сөздерді анықтап, одан кейін белгілі бір тіркестер мен фразалардың маңыздылығын бағалайды. Содан кейінгі кезеңде сол фразалардың сөйлем не абзацты түсінуге, бөлімнің негізгі идеясын беруге, толық шығарманың композициясын құруға бағытталған шығармашылық жұмыс жасайды. Әсіресе көлемді шығарманы оқытуда тиімді стратегия. Әр оқушыға жеке бір беттен бөліп беріп, сол беттегі идеяны, ойды беретін сөздер мен тіркестерді анықтап алып, оларды арнайы бір белгілермен белгілейді, үзіндінің идеясын беретін суретті салып, сол арқылы өз көзқарасын білдіре алады. Ғалым Ф.Оразбаеваның зерттеуінде оқылым

өнімді сыныпта талқылау, демонстрациялау; графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу деп түсіндіріліп, оқылымның танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік деген түрлерін атап өтеді. Аталған оқылым түрлерінен біздің зерттеу нысанымызға алынған креативті ойлауды дамыту үшін зерделік оқылым ең тиімді түрі ретінде алынды. Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалды, не мәтінді басынан аяғына дейін толық түсініп оқуы керек. Мәтіннің барлық мазмұнын тәптіштеп біліп, ондағы ақпараттың бірде- бірін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге үйренуші шығармаға, яғни мәтінге анализ жасай отырып, ондағы әрбір бірлікті талдайды, сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді. Кей ретте зерделік оқылым арнайы жасалған сызба, кесте, сурет, жоспар, көрнекіліктермен қатар жүргізіледі [5].

Мысалы, біз өз сабақтарымызда оқушының креативті ойлауын дамытуда инфографиканы қолдану тиімді жол болып келетінін байқадық, бұл процесс кезінде оқушының оқу әрекеттерінде келесі алгоритмдер құрылады:

мәтіннен фактіні, қосымша мәліметтерді анықтау, мәселені айқындау;

бұл мәліметтерді саралау мен өзекті идеяны таңдау;

көзделген аудиторияға сәйкес материалды бейімдеу;

дайын өнімге өзіндік баға беру;



инфографиканың мазмұнын талдау, ақпаратты сапалы параметрлер тұрғысынан ұсыну (өзектілік, ақпараттың нақтылығы, т.б.).

инфографиканы бағалау критерийлері ретінде

ақпараттық анықтық – интерпретация нәтижесін анықтайтын сипаттама

ақпараттық жеткіліктілік – негізгі мәнді жеткізудің жоғарғы шегі (бұл шектен асқан жағдайда ақпараттық ресурс қабылдаушының көңілін бөледі)

ақпараттық қажеттілік – негізгі мәнді жеткізудің төменгі шегі (ақпараттың жеткіліксіз болуы негізгі мәннің бұрмалануына әкеледі)

барабарлық – көзделген аудитория ерекшелігі мен жеткізілетін идея үшін белгісимволикалық құралдарды сәйкес қолдану [3] Осылайша, инфографиканы креативті ойлауды дамытудың жаңа бір ресурсы ретінде қарастыруға болады. Тіл мен әдебиет пәндері кіріккен сабақтарда оқушының креативтілігін дамытудың тағы бір тиімді стратегиясы оқыған шығарма, мәтін негізінде скечтноутинг жасату. Скетчноутинг дегеніміз – «идеяларды ұстау» деген атау береді осы технология жүйесін қалыптастырушы М. Роуди. Ал анықтамасы – қолмен салынған суреттер, сызбалар, қолжазбалардан тұратын түрлі визуалды жазбалар. Скетчноутинг арқылы көркем шығарманы оқып болған соң, тез әрі жүйелі мазмұндау жұмысын жүргізуді, ары қарай не болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, болжауды үйренеді, оқығанын көз алдына елестете отырып, суреттейді, яғни ойды бейнелейді (визуализация жасайды). [6]

Баланың танымын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейту арқылы визуалды және жазбаша мәтіндегі идеяны түйінді сөз арқылы бейнемен ұтымды жеткізе білуде қолданылатын стратегияның келесі бір түрі – каллиграмма. Каллиграмма – графикалық суретті бейнелейтін өлең, фраза немесе сөз. «Каллиграмма» сөзін алғаш өз өлеңдерінің жартысын өлеңнің тақырыбын ашатын суреттермен бейнелеген француз ақыны Гий Аполлинер енгізген. [7].

Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижесінде, тиімді таңдалған оқылым тәсілдері мен түрлері арқылы оқушының креативті ойлау дағдысын жетілдіру мүмкіндігі арта түсетіні және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ықпал етеді деген тұжырымға келеміз. Оқушыларда креативті ойлаудың негізінде кең өрісті ойлау, жаңа көзқараспен қарау, көлемді шығарманы ынталы және үздіксіз оқу дағдысы мен оқырмандық мәдениеті жетіле түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. - Алматы: Ан-Арыс, 2009.-278б.

2.Педагогикалық тәжірибе, 6-шығарылым. 2. Аймауытов Жүсіпбек “Ана тілін қалай оқыту керек?” мақаласы https://kitap.kz/books/maqalalar_zh_a/

3. Методические рекомендации по формированию креативного мышления обучающихся, Самара 2016

4. Teaching Reading in a Second Language by Beatrice S.Mikulecky, Ed.D. Эллиот Л.Джудд, Либуа Тан, Херберт Д. Уолберг. Қосымша тілдерді оқыту.

5. Роуди М. Визуальные заметки: иллюстрированное руководство по скетчноутингу/ М. Роуди: перевод с англ.К. Наумова – Иванов и Фербер, 2014 7. Сергеев П. Искусство каллиграммы //callig.ru

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!