400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Критериалды бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналарға нұсқаулық
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Page 2


Page 3

3
Құрметті ата-аналар!
Брошюрада критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін
түсінуге көмек ретінде Сіздер үшін қысқаша ақпарат ұсынылып
отыр.
Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына,
жан-жақты дамуына бағытталған. Баланың қаншалықты
дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып
жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады.
Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін
бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының
дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын
жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі
енгізілмек. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына
түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау
критерийлері бекітілген.
Нақты бағалау критерийлерінің көмегімен оқушы, ата-ана
және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:
• Оқушы білім алудың қай сатысында
• Сабақ оқуда олар неге талпынады
• Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу
қажет
Ата-аналардың баланың оқуына қатысуы және оны үнемі
қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетелейтінін есте
сақтағаныңыз жөн!


Page 4

4
АТА-АНАҒА НЕНІ БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ
Бағалау мектепте критерийлер
негізінде жүргізіледі.
Бағалау критерийлері сіздің
балаңыздың нені білуі және істеуі
қажет екенін көрсетеді.
Мысалы, оқушы:
• жиын элементтерінің ортақ
белгілерін анықтай отырып,
біріктіреді;
• жазық және кеңістік
фигураларды ажыратады.
Мектепте бағалаудың екі түрі қолданылады


Page 5

5
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты
(пікірлер мен ұсыныстар) беру мақсатында қалыптастырушы
бағалау үздіксіз жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалау барысында сіздің балаңызға баға
қойылмайды.
Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау
Мұғалімнің бағалауы
Өзін-өзі бағалау
Өзара бағалау
Мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда
нәтижелерге қол жеткізу үшін балаңызға қолдау көрсетуіңіз өте
маңызды. Бұл оқудағы олқылықтардың алдын алуға және
жиынтық бағалауға дайындалуға өз септігін тигізеді.


Page 6

6
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру
деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:
• оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін
(бөлім бойынша жиынтық бағалау);
• тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).
Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында
тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға
ауыстырылып қойылады. Бұл үшін келесі шәкіл қолданылады:
Жиынтық
бағалау
балдарының
пайыздық
құрамы
Бағалау
көрсеткіштері Баға
0 % Бағаланбады «1»
1%-20% Қанағаттанғысыз «2»
21%-50% Қанағаттанарлық «3»
51%-80% Жақсы «4»
81%-100% Өте жақсы «5»


Page 7

7
БАЛАҢЫЗДЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ЖЫЛДЫҚ БАҒА


Page 8

8
Оқушыға
қойылады
Сипаттамасы
Әр бөлім бойынша
жиынтық жұмысқа балл
қойылады
Алған балдардың жалпы саны
және сәйкес оқу жетістіктерінің
деңгейлері
Тоқсандық
жиынтық жұмысқа балл
қойылады
Алған балдардың жалпы саны
Тоқсандық баға
Тоқсан барысында тапсырған
барлық жиынтық жұмыстарынан
жинақталған нақты пайыздық
көрсеткіштегі балы. Бөлім
бойынша жиынтық жұмысынан
алған балдың 50% мен тоқсандық
жиынтық жұмысынан алған
балдың 50% жинайды.
Жылдық баға
Шәкілге сәйкес барлық тоқсан
бойынша алған балдардың
максималды мүмкін балға
пайыздық қатынасы
НӘТИЖЕЛЕРДІ ТІРКЕУ


Page 9

9
Құжат Мазмұны
ПОРТФОЛИО
• Бөлім, тоқсан бойынша
жиынтық бағалау
жұмыстары
• Мұғалімнің
ұсыныстары, пікірлері,
кері байланысы
• Оқушының
рефлексиясы*
СЫНЫП
ЖУРНАЛ
• Оқушылардың сабаққа
қатысуы
• Сабақ тақырыптары
• Тоқсандық және
жылдық баға
ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ЖУРНАЛ
• Жиынтық бағалау
жұмыстарының (бөлім
бойынша, тоқсандық)
балдары
• Тоқсандық және
жылдық баға
ОҚУШЫНЫҢ
ТАБЕЛІ
• Тоқсандық және
жылдық баға
* Оқушының рефлексиясы – қайта ойлау, өз әрекетінің нәтижелерін талдау және
өзін-өзі тану үдерісі.
НӘТИЖЕЛЕРДІ ҰСЫНУ


Page 10

10
АТА-АНАҒА НЕНІ ІСТЕГЕН МАҢЫЗДЫ
• Оқу барысында балаңызға қажетті қолдау көрсету және
көмектесу.
• Балаңыздың оқу нәтижелерін қадағалау.
• Мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнату және
балаңыздың оқу нәтижелерін олармен үнемі талқылау.
• Мектепте өткізілетін іс-шараларға (оқыту семинарлары,
тренингтер, бағалау бойынша кеңес беру және т.б.) қатысу.
Жиынтық бағалау бойынша балаңыздың
барлық жұмыстары арнайы портфолиоға
жиналады және онымен мектепте танысуға
болады.
http://sk.nis.edu.kz


Page 11

11
Ескертпе үшін


Page 12


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі