400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әбу Насыр әл-Фараби Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»


Орындаған: Көшкінбай Аяужан Нұрланқызы

№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлы-педагогтік колледжі

«Бастауыш білім беру» мамандығының 121топ білім алушысы


Критериалды бағалаудың негізгі пайдасы – оқушылар бағаның соңына түспей, оқу мақсатына қол жеткізуге, білім алуға, бірдеңені игеруге ұмтылады. Сонымен қатар, жаңа жүйе бағалау процесі ашық әрі объективті болуы үшін де қабылданғанын айта кеткен жөн. Бұл педагогика ғылымдарының кандидаты, “Назарбаев зияткерлік мектептері” (НЗМ) автономды білім беру ұйымы Педагогикалық өлшем орталығының директоры Айдана Шилибекова айтып берген болатын. Жаңа жүйе осы орталықта жасалып, 6 жыл сынақтан өткізілген

Естеріңізге сала кетейік, бағалаудың бұл үлгісі кезең-кезеңімен 2015 жылы басталған: 2016-2017 жылдары жаңартылған мазмұн бойынша 30 пилоттық мектептегі 1-сынып оқушылары оқыды. Ал 2019-2020 жылдарға қарай еліміздің барлық мектептеріндегі 1-12 сынып оқушыларын осы жаңа жүйеге көшіру жоспарланған. 

Критериалды бағалау оқушыларға не береді? 

Бағалаудың екі түрі бар: 
- қалыптастырушы бағалау: жыл бойы оқушының үлгеріміне қатысты комментарий беріп, кеңес айтамыз, оқушы тараудың немесе тоқсанның соңына дейін үлгермей жатқан тұсын жетілдіруі керек, бірақ баға қоймаймыз; 
- жиынтық бағалау: әр тараудың және тоқсанның соңында қорытынды жұмысқа балл қойылады; оқу жылының аяғында ол балды бес балдық жүйе бойынша бағаға айналдырамыз. 

Қалыптастырушы бағалауға оқушылардың өздері де қатысады: өздерін бағалайды және сыныптастарын бағалайды. Әрине, бала болғаннан кейін үнемі объективті бола бермеуі мүмкін, дегенмен, солай бағалауға үйренеді. Критериалды бағалау оқу процесін де қызықты ете түседі. Мұндайда баланың сөйлеу қабілеті ашылады, зейіні шоғырланады, тыңдай білетін болады, сөзіне және әрекетіне жауап беруге үйренеді, ой қорытады, сыныптастарының пікіріне келісіп немесе қарсы шыға алады. 

Әр бала тапсырманы дұрыс орындағысы келеді, бірақ бұл олардың қолынан әрдайым келе бермейді. Мұндайда топтық, жеке және жұптық жұмыс көмектеседі. Бастауыш сыныпта балалардың оқуға деген ынтасын ояту үшін түрлі тәсілге жүгінуге тура келеді, баланың кішкентай ғана табысының өзі назардан тыс қалмауы керек. Жетістікті бағалау үшін смайликтер, қол шапалақтау, достардың бағалауы, балл, “Менің жетістіктерім” құрмет тақтасы, көрмелер, конференцияларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу (мектепішіліктен бастап, республикалық және халықаралық деңгейге дейін) керек. 

Жағымды жағы: тарау біткен кезде “екі балл” алған балалар жақсы баға алудан үмітін үзбей, тоқсан соңына дейін үлгерімін жақсартуға, келесіде жоғары балл алуға тырысады. “Екі балл” деген бұл жағдайда аса қатал үкім емес (“2” деген бағамен салыстырғанда). 


Бағалаудың жаңа жүйесіне көшкеннен бері қарай өзгерістер.

Диагностикалық тестілеу мен жаңа жүйені жетілдіруге еліміздің барлық мұғалімдері қатысуда. Сынақтан өткен алғашқы жылы балдың бағаға айналу шкаласында кемшіліктер болды, оқу бағдарламасын 51% ғана игерген баланың өзі “4” алып кеткен жағдайлар кездесті. Мектеп табалдырығын енді аттағандар үшін бейімделу кезеңі болғандықтан және оларға баға қойылмайтындықтан, шкала бұрынғы қалпынша қалған. Оларды бағалау үшін шкалаға өзгерістер енгізілді, бұл ретте мұғалімдердің ұсынысы ескерілді. 

Критериалды бағалау оқушылардың үлгеріміне оң әсер еткенін байқап жүрмін. Өз практикамда 4 сыныбымда жақсы және өте жақсы оқитын балалар саны артты. Жаңа жүйе оқытудың және сабақ берудің түрлі тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Тапсырманы орындау кезінде балалар қарапайым сурет салып, пікір айтудан бастап, берілген тақырыпқа орай материалдар жинау, сыныптастары алдында сөйлеу, газет жасау және жасаған дүниелерін таныстыру секілді кезеңдерден өтіп, оқу процесіне толыққанды кірігеді. Жаңа әдіс балаларға негізгі білім берумен шектелмей, сонымен қатар олардың ғылыми зерттеуге деген қызығушылығын арттырады. 

КБ жүйесі 2015 жылы енгізілді және бүкіл республика көлемінде 30 пилотты және 16 бақылаушы мектепте сынақтан өткізіліп келеді (тізімге түрлі мектептер енді: қала, ауыл, гимназия, лицей және шағын комплектілі мектептер). Оған дейін алты жылдан астам уақыт НЗМ базасында жасалып, тесттен өтті. Әдістемені жасаушылар көптеген елдердің, соның ішінде Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия және басқа да елдердің тәжірибесі мен әдістемесін зерттеді. Ал қазір мұғалімдердің және оқушылардың ұсыныстары мен ескертпелерін мұқият қарастырып, жаңа әдістеме балалардың ынтасын және үлгерімін арттыруға қалай ықпал етіп жатқанын зерттеп жатырмыз.

Жаңа жүйеге көшуді уақыттың талабы деп білген жөн. Бағалаудың дәстүрлі жүйесі тиімді екенін жоққа шығармаймыз, бірақ оның енгізілгеніне 70 жыл болды және осы уақытқа дейін өзгеріссіз келе жатыр. Бұрын бағалау процесі айтарлықтай қарапайым болатын әрі жалғыз ғана ақпарат көзі кітап пен мұғалім еді. Ал қазір біз жаһандық ақпараттық кеңістікте өмір сүріп отырмыз, ақпарат өте көп, олардың сапасы мен растығы тексеруді қажет етеді.
Осы арада алғашқы түйткіл көрінеді: қазір белгілі бір көлемде білім алып қана отыру жеткіліксіз. Алынған ақпаратты талдап-сараптап, оқығаныңды пайдаланып, жаңа өнім тудыру керек. Сыни ойлау, өз бетіңмен оқып-білуге тырысу өте маңызды. Қарапайым ғана мысал ретінде реферат дайындауды алайықшы. Бұрын оқушылар реферат жазу үшін алдымен кітапханаға барып, қажетті әдебиеттерді табатын, ақпарат жинайтын, оны көшіретін, құрылымын дұрыстайтын, жұмысты барлық талапқа сай безендіріп ұсынатын, сол кезде ғана жақсы баға алатын. Ал қазір бала дайын рефератты интернеттен жүктеп алып, жоғары балл алып кетіп жатады. Сондықтан рефераттарды жоба жұмыстары алмастырды, оны жасау барысында балалар білімін көрсетіп қана қоймай, өздері шешім шығарып, түйін жасайды, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді, ақпаратты талдап, түйіндейді. Баға осы критерийлердің бәрін есепке ала отырып қойылады.

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың ең негізгі нәтижесі – ауыл және қала мектептері мен түрлі типтегі мектептер (лицейлер, гимназиялар, орта және шағын комплектілі мектептер) арасындағы алшақтықты қысқарту. Жаңартылған оқыту мазмұнының негізгі мақсаты да осы – ел мектептеріндегі оқушылардың барлығы үшін сапалы оқудың қолжетімді болуы.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де,

табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі