Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға критериалды бағалау туралы түсінік беру. Шебер-сыныптан үзінді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттері.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Мұғалімдер қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылыққа тәрбиелеу, дағдыларды меңгерту. Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Міне, Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің өзі.

. Жалпы алғанда, критериалды бағалау дегеніміз – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс. Критерий- (гректің criterion-пікір айту құралы деген сөзден шыққан.) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі...

Критериалды бағалаудың міндетті шарты- оқушының алдында жұмысты қалай бағалау керек, қандай критериилермен бағаланатыны туралы нұсқаулық жату керек. Бұл жерде кері байланыс фукциясы орындалады. Оқушы осы жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін көре отырып, өзінің нәтижесін өзі ғана жақсарта алатынына көзі жетеді.

Жас мамандарға: Сіздердің алдарыңызда қағаз бен маркерлер бар. Жандарыңызда отырған әріптеспен жұптасып сол қағаз бетіне геометриялық фигуралар арқылы үйдің суретін салыңыздар. (Практикалық жұмыс)

- Сосын жұмыстарыңызды өздеріңіз бағалаңыздар.

- енді жандарыңыздағы жұптармен алмасып, баға қойыңыздар.

Енді тақтаға 1,2 жұмыстарды шақырайық.

Менің критерийлеріммен жұмысты бағалап көрейік. Ал қалғандарыңыз орындарыңызда өз жұмыстарыңызды сараптаңыздар

1.Фундамент – 1 балл

2. Үйдің қабырғалары –1 балл

3. Үйдің шатыры-1 балл

4. Есік- 1 балл

5. Терезе-1 балл

6. Мұржасы бар-1 балл

7. Үш не одан да көп геометриялық фигуралар қолданған-1 балл

8. Сурет толық бір бетте-1 балл

Максималды балл-8

0-2 балла -       «2»

3-4 баллов -     «3»

5-6 баллов -     «4»

7-8 баллов - «5»

Енді сұрақ- 1.бағалаудың қандай түрлерін қолданылды? (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, критериалды бағалау)

2. Бағалардың айырмашылығы болды ма? Неге?

3. Сіздерге қай бағаны қою жеңіл болды? Неге?

4. Баға қоюдың қай түрі ұнады және неге?

Сонымен, қандай шешімге келдік? Баға қою критерийі, баға қою алгоритімі педагогтар мен оқушыларға күні бұртын белгілі болуы керек. Бағалау критерийінің мазмұны оқушыларға түсінікті қарапайым тілмен жазылуы тиіс.

Сонымен, критериалды бағалаудың басты ерекшелігі- Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау артықшылықтары: *Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; *Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; *Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі; * *Білім берудің сапасы артады.

Критериалды бағалауды енгізудегі МАҚСАТ неде? Қалай ойлайсыздар?

1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату.

2.Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар — қалыптастырушы және жиынтық бағалау

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беру үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі

Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстарретінде) көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі. Формативті бағалау 10 балдық жүйе форматында өтеді.

Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері– оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Қалыптастырушы бағалау  оқушының  өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауын қолдануын қарастырады.. Оқушылар   өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын меңгеріп жатса, онда бағаның әділ қойылғанына күмән болмайды. Бірақ баға сезім негізінде қойылмай, тек белгіленген критерийлер негізінде қойылуын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні  — оқыту үдерісінде мақсат қойылыпбағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.

Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескеріп отырамын, өзін-өзі бағалауына  уақыт қалдырамын. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қоямын.  Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертемін және соның негізінде өз жұмысын тексеріп,  аяқтап тапсырады.

Оқушылардың өзара бағалауы. Өзара бағалау барысында оқушы  басқа оқушының  жұмысын тексереді.  Оның  жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау  жүргізе алады. Бірақ мұғалім оқушыларға тексеретін оқушының өзін емес, оның жұмысын тексеру керектігін еске түсіріп отыру тиіс. Мысалы: «Тазалықты сақта» тақырыбын өту барысында, оқушыларға «Екі жұлдыз және бір тілек» тәсілі арқылы әр оқушыға өз сыныптасының жұмысын тексеруге берілді.  Оқушылар жұмыстарын бағаламай жай ғана екі сәтті жағдайды жұлдызбен белгіледі (екі жұлдыз) және, оның ойынша, қайта қарастыратын жағдайға түсініктеме беріп, тілек білдірді. Оқушылардың кері байланысы ауызша  да  жазбаша берілді. Әр оқушы өзінің жұмысына түсініктеме алды және  мұғалім «тілекті» дұрыс  орындауына уақыт беріледі.

Критериалды бағалауды енгізуде рубрикакритерийлер, дескрипторлар деген ұғымдармен танысамыз.

Рубрика немесе рубрикаторлар (бағалау кезінде қолданатын нұсқаулықтар) бағалау үдерісін анық, түсінікті және кез келген критериялар бойынша  балдары не үшін қойылғанын түсіндіреді. Осы рубрикаларда оқушыңын өзі емес, оның жүмысының сипаттамасы бағалануы тиіс.

Критерий – оқушының әртүрлі қызметінің тізімі.

Дескрипторлар оқушының кез келген критерийлер бойынша ең жақсы нәтижеге жеткізетін барлық қадамдарын ретімен көрсетеді және оларды белгілі баллдар санымен бағалайды.

Рубрика  — критерий- дескрипторлар. Рубрикалар балалар не үшін оқитынын, критерийлер нені үйрену керектігін , ал дескрипторлар оны қалай істеу керектігін көрсетеді

Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең,бөлім аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.


Оқушылардың үлгерімін бақылау тоқсанның соңында оқу материалдарының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және тіркеп отыру үшін тақырыптық жиынтық бағалау түрінде оқытушылар жүзеге асырады.


ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ

Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады. Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.). Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды. Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

Аяқталмаған сөйлем. Рефлексия. (өз ойларымен бөлісу)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2023
352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі