МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КТЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтырудан вариатив курсы 1 сынып
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат



    «Қозғалмалы ойындар» таңдау пәні — мектеп бағдарламасында дене шынықтырумен қатар оқушылардың денсаулығын нығайтып, көңіл күйін көтеретін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – оқушыларға дене шынықтыру мен спорттың негіздерін үйрету, қозғалыс белсенділігін арттыру, командалық жұмыс пен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Пән барысында балалар әртүрлі қозғалмалы ойындар арқылы шапшаңдықты, икемділікті, төзімділікті және зейінділікті дамытуға мүмкіндік алады. Ойындар тек физикалық белсенділікті ғана арттырып қоймай, сонымен бірге балалардың әлеуметтік дағдыларын да жетілдіреді, себебі ойын барысында балалар топта жұмыс істейді, ережелерге бағынады және бір-бірімен үйлесімді әрекет етеді.

Қозғалмалы ойындар барысында әр оқушының мүмкіндіктері мен дене дамуы ескеріледі, сонымен қатар ойындардың қызықты әрі қауіпсіз өткізілуі қамтамасыз етіледі. Оқушыларға қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту, спортқа қызығушылықты ояту және денсаулықты сақтау мақсатында арнайы жаттығулар мен ойындар ұсынылады.

Бұл пән баланың физикалық дамуын ғана емес, ой-өрісін де кеңейтіп, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге септігін тигізеді.

         Спорттық қозғалмалы ойындар – бір уақытта қатысушылардың үлкен емес тобы секілді, тұтас сынып немесе спорттық секциялар, ал кейбір жағдайда ойыншылардың айтарлықтай көп саны қатыса алатын ойындар.

          Қозғалмалы ойындардың мазмұны оның сюжетіне (тақырыбы, идеясы), ережесіне және қозғалыс әрекеттеріне қарайды. Мазмұны ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесінен келіп шығады.

      Қозғалмалы спорттық ойындардағы қозғалыс әрекеттері алуан түрлі. Олар, мысалы, еліктеуші, бейнелі – шығармашылық, ритмикалық (ырғақты); ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуы мүмкін. Ойындарда бағыттың аяқ асты өзгеруі және қозғалыс кідірісі бар қысқа жүгірулер; қашықтыққа және нысанаға әртүрлі лақтырулар; кедергіні секіріспен, күш қолданумен жеңіл шығу; арнайы дене даярлықтары үрдісінде меңгерілген алуан түрлі қозғалыстардың қолданылу білігін талап ететін әрекеттер кездеседі. Осы барлық әрекеттер әртүрлі комбинациялар мен үйлесімдер орындалады. 


Мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық ойынын дәріптеу арқылы оқушыларды өз ұлтының тарихына, салт-дәстүріне, ұлттық ойынына деген қызығушылығын ояту, арттыру. Қозғалмалы ойындарды сабақта қолдана отырып, оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтына бейімдеу.


Міндеттері:

1.Қазақ халқының ұлттық ойындарының қалыптасу тарихымен таныстыру.

2.Қозғалмалы ойындар арқылы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, дене шынықтыру пәніне қызығушылығын арттыру.

 

Күтілетін нәтиже:

- Ойын ойнау барысында ойлау қабілеттері дамиды;

- Қозғалыс қасиеттерімен бірге қозғалыс дағдылары жетіледі;

- Дене дайындық көрсеткіштерінің жоғары болуына ықпал тигізеді;

- Оқыту кезінде ұйымдастырылған түрлі әдістер, мысалы: жаппай (фронтальды) әдіс, үздіксіз әдіс, ауыспалы әдіс, жеке әдіс, топтық әдіс және т.б. әдістерді пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады;


Таңдау пәні 40 минуттан жүргізіледі.

Тақырыптары 1-сыныпта 33 сағатқа берілген, аптасына 1 рет жүргізіледі. Оқушыларды бағалау ауызша түрінде. Мысалы; «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Бүгін сабаққа белсене қатыстың».




Қолданылған әдебиеттер тізімі:


2. «Қазақ ұлттық ойындары» Алматы, «Балауса» баспасы, 2013 ж

3. «Ойна да күл, жеткіншек!» Қазақтың ұлттық ойындары. Ғ. Қадыралин, 2018 ж

4. А.Т.Мырзагереева, А.Б.Кұсайынов Асық ойынының бағдарламасы // Орал қ, 2019 ж

5. Әлемдік және ұлттық спорт ойындары: Энциклопедия/ Құраст.Мереке Құлкенов.- Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2014 – 272бет/192б


























Күнтізбелік тақырыптық жоспар

1-сынып

2024-2025 оқу жылы І тоқсан 8 сағат



Жоспар

бөлімдері

Тақырыптардың атаулары

Оқу мақсаттары

Сағат

саны

Күні

Ескертпе


I-бөлім

Қозғалмалы ойындар

4 сағат

1

Қозғалмалы ойындар

«Жалпы дамыту жаттығулары»

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау

кезінде өзара қалай әрекет етуді білу

1



2

Қозғалмалы ойындар

«Ұшты-ұшты» ойыны

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау

кезінде өзара қалай әрекет етуді білу

1



3

Қозғалмалы ойындар

Эстафета және қозғалыс ойындары

1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін білу, тани бастайды, айырмашылықтарды

құрметтеу

1






II-бөлім

Қозғалмалы ойындар

4 сағат

4

Қозғалмалы ойындар

«Көңілді сөре»

1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін білу, тани бастайды, айырмашылықтарды

құрметтеу

1



5

Қозғалмалы ойындар

«Балықшы мен қармақшы» ойыны

1.1.5.1 түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым

іс-қимылдарды білу және орындай алу

1



6

Қозғалмалы ойындар

«Шеңберге тигіз» ойыны

1.1.5.1 түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым

іс-қимылдарды білу және орындай алу

1



7

Қозғалмалы ойындар

«Доппен ойналатын ойындар»

1.1.5.1 түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды білу және орындай алу

1



8

Қозғалмалы ойындар

«Алтын балық» ойыны

1.1.5.1 түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым

іс-қимылдарды білу және орындай алу

1




ІІ тоқсан 8 сағат



Жоспар бөлімдері

Тақырыптардың атаулары

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Күні

Ескертпе


III-бөлім

Қозғалмалы ойындар

4 сағат

9

Қозғалмалы ойындар

«Арқан тартыс»

1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті

жақтарын және кемшіліктерін сипаттай білу

1



10

Қозғалмалы ойындар

«Мысық пен тышқан» ойыны

1.2.5.1 өзінің шығармашылық

тапсырмаларының күшті жақтарын және

жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау

1




11

Қозғалмалы ойындар

«Жарыс элементтері бар» ойын

1.2.5.1 өзінің шығармашылық

тапсырмаларының күшті жақтарын және

жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау

1




IV-бөлім

Қозғалмалы ойындар

4 сағат

12

Қозғалмалы ойындар

«Секіртпеден секіру»

1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті

жақтарын және кемшіліктерін сипаттай білу

1



13

Қозғалмалы ойындар

Ақпыз, қара, сарымыз! жарыс сабағы

1.1.3.1 дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт,

кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері

туралы білу

1




14

Қозғалмалы ойындар

Ат үстіндегі ойындар; «Көкпар» ойыны

1.1.3.1 дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт,

кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық түсініктері туралы білу

1




15

Қозғалмалы ойындар

Ашық алаңқайдағы ойындар;

«Асық» ойыны

1.2.6.1 тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысу және

пайдалану

1




16

Қозғалмалы ойындар

Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

1.2.6.1 тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысу және

пайдалану

1




ІІІ тоқсан 9 сағат


Жоспар бөлімдері

Тақырыптардың атаулары

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Күні

Ескертпе


V-бөлім

Қозғалмалы ойындар

4 сағат

17

Қозғалмалы ойындар

«Бәйге» ойыны

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау

кезінде өзара қалай әрекет етуді білу

1



18

Қозғалмалы ойындар

«Қыс мезгіліндегі ойындар»

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау

кезінде өзара қалай әрекет етуді білу

1



19

Қозғалмалы ойындар

«Эстафеталық ойындар»

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау

кезінде өзара қалай әрекет етуді білу

1



20

Қозғалмалы ойындар

«Ақшамшық» (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе

жатқан дәстүрлі ойыны

1.2.7.1 дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара қалай әрекет етуді білу

1




VI-бөлім

Қозғалмалы ойындар

5 сағат

21

Қозғалмалы ойындар

«Ақсүйек» - жазғы ойын

1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау

кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін білу, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтеу

1



22

Қозғалмалы ойындар

Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: « соқыр теке»,

«әтештер айқасы»

1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау

кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін білу, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтеу

1



23

Қозғалмалы ойындар

Мүліктік бұйымдарды қолданып

ойнайтын ойындар: «шалма,орамал тастау» т.б.

1.2.8.1 түрлі қарапайым әрекеттерді орындау

кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін білу, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтеу

1



24

Қозғалмалы ойындар

«Мақал – сөздің мәйегі» ойын сабақ

1.2.2.1 әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін

өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу

1



25

Қозғалмалы ойындар

«Сандар сыры» математикалық ойыны

1.2.2.1 әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін білу

1




IV- тоқсан 8 – сағат



Жоспар бөлімдері

Тақырыптардың атаулары

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Күні

Ескертпе


VII-бөлім

Қозғалмалы ойындар

5 сағат

26

Қозғалмалы ойындар

«Ойлы болсаң,озып көр!» зияткерлік сайыс

1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай

білу

1



27

Қозғалмалы ойындар

«Қас қағым сәтте» ойыны

1.1.3.1 дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бір қалыптылық

түсініктері туралы білу

1



28

Қозғалмалы ойындар

«Тоғызқұмалақ» ойыны

1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай

білу

1



29

Қозғалмалы ойындар

«Алтын ұрпақ» иннтел ойын

1.1.6.1 қарапайым, өзгертілген дене

жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды

білу

1



30

Қозғалмалы ойындар

«Балықшы мен қармақшы»

1.1.6.1 қарапайым, өзгертілген дене

жаттығуларын орындау кезінде туындауға мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды білу

1




VIII-бөлім

Қозғалмалы ойындар

5 сағат

31

Қозғалмалы ойындар

«Мен және Спорт» сайыс

1.1.6.1 қарапайым, өзгертілген дене

жаттығуларын орындау кезінде туындауға

мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды білу

1



32

Қозғалмалы ойындар

«Дені саудың – тәні сау» эссе

1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай

білу

1



33

Қозғалмалы ойындар

«Аңшы мен үйрек»

1.1.4.1 қозғалыс машықтары бойынша өзінің

күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай білу

1






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!