Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Қазақстан Республикасы
    Оқу - ағарту министрлігінің
    2022 жылғы 16 қыркүйектегі
    № 399 бұйрығына
    60-қосымша

    Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "География" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер

          1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарынасәйкес әзірленді., техникалық және кәсіптік, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

          2. "География" оқу пәні – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Ол табиғи және антропогендік нысандардың арасындағы кеңістіктік-уақыттық өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді зерттейді.

          3. "География" оқу пәнінің мақсаты – дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.

          4. Тұлғаның географиялық мәдениеті – тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен "адам – табиғат – қоғам – мәдениет" жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.

          5. Әлемнің географиялық бейнесі – аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы.

          6. Географиялық ойлау – географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін бейнелеу.

          7. "География" пәнінің міндеттері:

          1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;

          2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;

          3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;

          4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;

          5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;

          6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;

          7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

    2-тарау. "География" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "География" оқу пәнінің мазмұны

          8. "География" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

          1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

          2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;

          3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

          Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).

          9. "География" пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.

          10. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

          11. Оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды:

          1) географиялық зерттеу әдістері;

          2) картография және географиялық деректер базасы;

          3) физикалық география;

          4) әлеуметтік география;

          5) экономикалық география;

          6) елтану және саяси география негіздері.

          12. "Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі "Зерттеу және зерттеушілер" бөлімшесінен тұрады.

          13. "Картография және географиялық деректер базасы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

          1) географиялық карталар;

          2) географиялық деректер базасы.

          14. "Физикалық география" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

          1) литосфера;

          2) атмосфера;

          3) гидросфера;

          4) биосфера;

          5) табиғи-аумақтық кешендер.

          15. "Әлеуметтік география" бөлімі келесі бөлімшеден тұрады:

          1) халықтар географиясы.

          16. "Экономикалық география" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

          1) табиғи ресурстар;

          2) әлеуметтік-экономикалық ресурстар;

          3) дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы;

          4) дүниежізілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері;

          17. "Елтану және саяси география негіздері" бөлімі "Дүниежүзі елдері"

          бөлімшесін қамтиды.

          18. 7-сыныпқа арналған "География" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

          1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, географияны зерттеу нысандары, география ғылымының дамуы, географиялық дерек көздері, географиялық тәжірибелер, далалық зерттеу әдістері, географияда графикалық әдістердің қолданылуы;

          2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, географиялық картосхемаларды қолдану, географиялық номенклатура, географиялық деректер базасы, географиялық деректерді ұйымдастыру;

          3) физикалық география, литосфера, литосфераның құрылысы мен заттық құрамы, жердің тектоникалық құрылысы, литосфераның тектоникалық қозғалыстары, литосфералық катаклизмдер, атмосфера, атмосфера және оның құрамдас бөліктері, ауа райы және метеорологиялық элементтер, атмосфералық қолайсыз құбылыстар, гидросфера, гидросфера және оның құрамдас бөліктері, су ресурстарының маңыздылығы, дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы, дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері, мұхит суларының қозғалыстары, мұхиттармен байланысты апаттар, дүниежүзілік мұхиттың проблемалары, биосфера, биосфера және оның құрамдас бөліктері, туған өлкенің флорасы мен фаунасы, топырақ, оның құрамы мен құрылымы, Қазақстанның топырақ түрлері, топырақтың экологиялық проблемалары, табиғи-аумақтық кешендер, табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы, табиғи-аумақтық кешендердің түрлері; туған өлкемнің визит карточкасы: өлкетанудың деректер базасын әзірлеу;

          4) әлеуметтік география, халық географиясы, дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары, дүниежүзі халқының діни құрамы, дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары, ұлтаралық және дінаралық келісім;

          5) экономикалық география, табиғи ресурстар, табиғи ресурстардың жіктелуі, табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемалар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік инфрақұрылым, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп;

          6) елтану және саяси география негіздері, дүниежүзі елдері, дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы, дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы.

          19. 8-сыныпқа арналған "География" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

          1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, география ғылымының салалары, географиялық зерттеу әдістерінің түрлері, географиялық деректерді өңдеу және талдау, географиялық модельдер, зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары;

          2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттау элементтері, тақырыптық карталарды оқу, тақырыптық географиялық номенклатура, географиялық деректер базасы, географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі;

          3) физикалық география, литосфера, жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары, жер бедерінің жіктелуі, материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері, тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі, пайдалы қазбалардың тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты таралуы, тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері, тау жыныстарының жасын анықтау, геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте, жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері, атмосфера, климат қалыптастырушы факторлар, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы, климаттық белдеулер, материктердің климаттық ерекшеліктері, климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері, адам әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері, гидросфера, құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы, құрлық суларының шаруашылық маңызы, өзен аңғарының құрылысы, өзендердің гидрологиялық режимі, көлдер мен мұздықтар, құрлық суларының экологиялық проблемалары, су апаттары, биосфера, табиғат зоналары мен биіктік белдеулер, материктердің табиғи зоналары, мұхиттардың тіршілік дүниесі, өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау, табиғи-аумақтық кешендер, географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы, географиялық қабықтың заңдылықтары;

          4) әлеуметтік география, халық географиясы, халық санағы, дайы өсудің түрлері, демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай, демографиялық проблемалар, демографиялық саясат;

          5) экономикалық география, табиғи ресурстар, табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалау, дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті, табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері, әлеуметтік-экономикалық ресурстар, экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші, өңдеуші және қызмет салалары, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары, дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау;

          6) елтану және саяси география негіздері, дүние жүзі елдері, дүниежүзінің саяси картасы, елдердің саяси типологиясы, саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер, дүние жүзі елдерінің саяси-географиялық жағдайы, саяси интеграция, Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары.

          20. 9-сыныпқа арналған "Қазақстан географиясы" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

          1) географиялық зерттеу әдістері, зерттеу және зерттеушілер, қазақстандық географтардың зерттеулері, география ғылымы зерттеулерінің қазіргі заманғы өзекті проблемалары, географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері, қазақтың халықтық географиялық терминдері, зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары;

          2) картография және географиялық деректер базасы, географиялық карталар, географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері, географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері, географиялық деректер базасы, жерді қашықтықтан зерделеу әдістері, геоақпараттық жүйе технологияларын қолдану аясы;

          3) физикалық география, литосфера, Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы, Қазақстанның басты орографиялық нысандары, қазақ оронимдері, Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары, минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары, Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру, минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемалар, атмосфера, Қазақстанның климатын түзуші факторлар, Қазақстанның климаттық жағдайы, Қазақстанның климаттық ресурстары, Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар, қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері, гидросфера, Қазақстанның ішкі суларының түрлері, қазақ гидронимдері, Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға беру, су ресурстарының экологиялық проблемалары, Қазақстанның ішкі суларының геосаяси проблемалары, биосфера, Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, Қазақстанның табиғи мұрасы, табиғи хоронимдердің (ерекше қорғауға алынған аумақтар) мағынасы, ноосфераның қалыптасуы, Қазақстанның ноосфераның дамуына қосқан үлесі, табиғи-аумақтық кешендер, Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары, Қазақтың табиғи хоронимдері (физикалық-географиялық аудандардың атауы), табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар, антропогендік ландшафтарды жақсарту жолдары;

          4) әлеуметтік география, халық географиясы, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, дүниежүзі халқының көші-қоны, Қазақстандағы халықтың көші-қоны, көші-қон саясаты, еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы, Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты, елді мекендердің жіктелуі, елді мекендердің функционалды зоналары, Қазақстандағы ойконимдер, Қазақстандағы елді мекендердің проблемалары, урбандалу үдерісі, Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру;

          5) экономикалық география, табиғи ресурстар, Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті, Қазақстанда жекелеген ресурс түрлерін өңдеу технологиялары, орталықтары және дайын өнім түрлері, табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлері, тұрақты даму, Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты проблемалар, Әлеуметтік-экономикалық ресурстар, ғылыми-техникалық революция үдерісі, бағыттары, адам әлеуеті даму индексінің көрсеткіштері, Қазақстанда адамдық капиталды дамыту, Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы, Қазақстан аймақтары инфрақұрылымының даму деңгейі, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы, Қазақстан шаруашылығының салалары, Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салалары мен мамандануы, дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері мен көрсеткіштері, дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық қатынас түрлері, дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштері, дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдері мен аумақтық құрылымы, дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері, Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны, Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары, орны;

          6) елтану және саяси география негіздері, дүниежүзі елдері, елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы, халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы, Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер, Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары.

    2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі

          21. Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодтық белгіде бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында "7" - сынып, "2.1" - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, "4" - оқыту мақсатының реттік саны.

    Білім алушылар білуі тиіс:

    Бөлім

    Бөлімше

    7-сынып

    8-сынып

    9-сынып

    1. Геогра
    фиялық зерттеу әдістері

    1.1
    Зерттеулер және зерттеушілер

    7. 1. 1. 1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды;
    7. 1. 1. 2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді;
    7. 1. 1. 3 географиялық дерек көздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар;
    7. 1. 1. 4 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды;
    7. 1. 1. 5 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды;
    7. 1. 1. 6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график

    8. 1. 1. 1 география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді;
    8. 1. 1. 2 география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды;
    8. 1. 1. 3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады;
    8. 1. 1. 4 қазақстандық компонентті қосымша қамтумен сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды;
    8. 1. 1. 5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді;
    8. 1. 1. 6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады

    9. 1. 1. 1 география ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды;
    9. 1. 1. 2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблема-ларын анықтайды;
    9. 1. 1. 3 географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды;
    9. 1. 1. 4 қазақ халқының халықтық географиялық терминдерінің мағынасын түсіндіреді;
    9. 1. 1. 5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады

    2. Картография және географиялық деректер базасы

    2.1 Географиялық карталар

    7. 2. 1. 1 тақырып бойынша картосхемалар жасай алады;
    7. 2. 1. 2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді

    8. 2. 1. 1 тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте;
    8. 2. 1. 2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолданумен тақырыптық карталарды оқиды;
    8. 2. 1. 3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді

    9. 2. 1. 1 маңызды қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көр-сету барысында сипаттайды;
    9. 2. 1. 2 Қазақстанның географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді

    2.2. Географиялық деректер базасы

    7. 2. 2. 1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді

    8. 2. 2. 1 ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады

    9. 2. 2. 1 жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттап, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді;
    9. 2. 2. 2 шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпараттық технологияларын қолданудың маңыздылығын сипаттайды

    3. Физикалық география

    3.1 Литосфера

    7. 3. 1. 1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды;
    7. 3. 1. 2 жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды;
    7. 3. 1. 3 жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг;
    7. 3. 1. 4 дүние жүзінде және Қазақстанда литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді;
    7. 3. 1. 5 литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін қазақстандық компонент негізінде түсіндіреді

    8. 3. 1. 1 жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықта рын зерттейді;
    8. 3. 1. 2 жер бедері түрлерін жіктейді;
    8. 3. 1. 3 жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды;
    8. 3. 1. 4 материктер мен мұхиттарда орналасқан ұқсас орографиялық бірліктерді салыстырады;
    8. 3. 1. 5 тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді;
    8. 3. 1. 6 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды;
    8. 3. 1. 7 тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды;
    8. 3. 1. 8 тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді;
    8. 3. 1. 9 геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады;
    8. 3. 1. 10 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді

    9. 3. 1. 1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды;
    9. 3. 1. 2 Қазақстанның басты орографиялық нысандарын сипаттайды;
    9. 3. 1. 3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады;
    9. 3. 1. 4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды;
    9. 3. 1. 5 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды;
    9. 3. 1. 6 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді;
    9. 3. 1. 7 минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырады және Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша оларды шешудің жолдарын ұсынады

    3.2 Атмосфера

    7. 3. 2. 1 атмосфераның құрамын сипаттайды;
    7. 3. 2. 2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді;
    7. 3. 2. 3 "ауа райы" ұғымын түсіндіреді;
    7. 3. 2. 4 метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сипаттап, зерттеу маңыздылығын
    анықтайды;
    7. 3. 2. 5 метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді;
    7. 3. 2. 6 жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синопти калы

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Дабикова Жанар Самалбековна
    31 Қаңтар 2023
    3131
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    КТЖ 399 бұйрық география

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    КТЖ 399 бұйрық география

    Материал туралы қысқаша түсінік
    №399 Бұйрыққа сәйкес География пәнінен 7-8-9 сыныптарға арналған КТЖ

    Файл форматы:
    docx
    Геометрия Тест 9 сынып
    31.01.2023
    3131
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Дабикова Жанар Самалбековна
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации