400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күй - киелі де қастерлі,сырлы да сұлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ерте заманнан күәмен тікелей байланыста екені белгілі.Ал,оны қалай дәлелдей аламыз?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күй - киелі де қастерлі, сырлы да сұлу


Күй – халықтың жан дүниесінің көрінісі. Тек ғана, әсем үнмен шектелмей, халықтың күн-көрісінің шындық айнасы. Әрбір тартылған күйдің артында өзіндік ерекше тарихы бар. Олардың түпкі идеясы да тереңінде жатқаны белгілі.

Біріншіден, өз түпкі идеясы мен тарихы тереңде жатқан күйдің бірі – Үмбетай жыраудың Абылай ханға ең жақын серігінің қазасын жеткізуі. Бөгенбай батырдың өлімі жайлы ханға үн қата алмай жатқан елдің ішінен, суырылып шығып, домбырасынан тарта жөнелді. Домбыраның зарлы күйінен қайғылы хабарды Абылай хан бірден түсінді. Күй – тілсіз сөйлер өнер дегендей, бұл оқиға арқылы қазақ халқының қарапайым күйді сөйлете білгенін көруге болады.

Екіншіден, Құрманғазы атамыздан қалған әрбір еңбек әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпауда. Солардың бірі – “Адай”, “Сарыарқа” күйлері. “Адай” күйі қазақ халқының еркіндік жолындағы күресіне бейне бере отырып, халық рухының көтерілуіне арнайы жазылған деседі. Ал, “Сарыарқа” қазақтың кең-байтақ жері жайлы жырлайды. Қарапайым жолаушының Сарыарқа бойымен жол жүріп бара жатқан кезде оянған шабыттан пайда болған өнер туындысы. Өзен-көлмен, созылып жатқан жасыл жайлаудан оянған шабыт жолаушының сол жерде кішігірім аялдап, осы күйдің пайда болуына себепші болған екен. Десе де, Құрманғазы атамыздың әр күйінің мағынасы тереңде.

Үшіншіден, Абыл Тарақұлының “Нарату” күйі де біздің тарихты қозғап өтеді. Сонау 19 ғасырларда өткен суық соғыстың көрінісін домбыра күшімен сипаттады. Қазақтардың сол соғыста қара күн басқандай күннің сәулесіндей жойылып жатқаны айқын көрініс. Орыс халқының зұлымдығының кесірінен қазақ халқының тарихының қанды беттерінің пайда болуына алып келген оқиғаны күйге сыйғызған. Қарапайым сөзбен көрген адам түсіндіре алмас сәтті ақын домбырамен жеткізе алды. Мұның өзі біздің сөйлеу тілімізге күйдің маңызын жеткізеді.

Қорытындылай келе, жырлай берсең тоқтамасың дегендей, күй мен жырларға келгенде қазақ халқы осал емес. Бірақ, өзгелерден өзгешелігіміз – аспаптың күшімен сөздің орнын баса ала алатынымыз. Мұның өзі тұнып тұрған өнер!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі