Күлкі көңілдің ажары. (Тіс дәрігері)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күлкі көңілдің ажары. (Тіс дәрігері)

Материал туралы қысқаша түсінік
күлкі өмірдің ажары туралы мәлімет беру. тіс кұтімін қалай жасалу жолдарын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Бекітемін:

Әдіскер Амангелдиева Ж Меңгеруші Жалгасбаева К

Күлкі көңілдің ажары. (Тіс дәрігері)


Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна, тіс макеті.
Әдіс - тәсілі: триз технологиясы

«Шаттық шеңбері»
Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді өмір сүрейік.

Балаларға жұмбақ жасыру

Миға шабуыл – сұрақ-жауап әдісі арқылы.

Адамның денсаулығы жақсы болу үшін, біз не істеуіміз керек?

1)Тиімді, жақсы тамақтану;

2) Спортпен айналысу;

3) Таза ауада серуендеу;

4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу.

Ал ауырып қалсақ кімге барамыз?

-Ол не істейді?

Балаларға жұмбақ жасыру

Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайнамай (тіс)


Т
ісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Адам дүниеге келгеннен кейін, алты ай болғанда бастап шығады – ол «сүт тіс» деп аталады. Алты жасқа толғанда сүт тістер түсе бастайды, түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тістер сыйып тұруы үшін сонымен бірге адамның жақтары да өседі. Он екі жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Адамдардың көпшілігі 20 жасқа толғанда 32 тісі толық шығып болады.

Тосын сәт: есік қағылып, ішке тіс дәрігері келеді:
- Сәлеметсіздер ме балалар, мен тіс дәрігері боламын. Сіздерді тісті күту ережесімен таныстырып, қалай дұрыс тазалауды көрсетуге келдім.
Балалар сіздер тіс тазалайсыздар ма?
Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.
Сурет бойынша тісті қалай дұрыс тазалау реттілігін көрсетеді.
- Балалар тісті жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеу керек, тәтті тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмальін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Тісіміз мықты болу үшін «С» және «Д» дәрумені бар тағамдар жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады. Балалар мен енді басқа балаларға баруым керек. Сау болыңыздар!

Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.


Балаларға тапсырма жуынуға қажетті заттарды қызыл түспен қорша.


Сергіту сәті: Көңілді күн

Дидактикалық ойын:
«Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап».
Шарты: Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін сурет арқылы тауып, тақтаға іледі.
1. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)


2.
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (Сүлгі)


3.
Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)


4.
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)


5.
Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.
Бұл не? (Тіс пастасы)


Оқу іс - әрекетіне белсене араласқандарын үшін көп – көп рахмет.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Тіс туралы мәліметті айтады

Түсінеді: Тіс, туралы толық түсінік алды, тазалық ережесімен таныстыру.
Қолданады: Тісті тазалауды меңгереді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі