Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары физика 9 сынып Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық ғаламшарлар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Кеплердің үшінші заңы – ғаламшарлардың Күнді жұлдыздық айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

21 ЖББМ

Бөлімі:

Астрономия негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Исабекова Б

Күні: 26.10.2022


Сыныбы: 9 «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Кеплер заңдарының тұжырымдамасы және формулаларын қолдану

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ЕБҚ

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

«Конфеттер» арқылы топқа бөліну

Оқушыларға конфеттер таратылады. Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топқа бөлінеді.

Оқушыларға «Ой қозғау» сұрақтар арқылы алдыңғы алған білімдерімен байланыстыра отырып жаңа тақырыпты ашатындай әрекеттер жасау.

1. 4 жылда бір келетін ай (кәбиса)

2. аспан сферасының тәуліктік айналуының көрінісі бақылаушы орнының геогрфиялық ... байланысты. (ендік)

3. Жарық өлшегіш аспап(фотометр)

4. Ең жарық жұлдыз (сириус)

5.Күнделікті өмірде қолданатын белдеулік (уақыт)

6. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі (шоқжұлдыз)

7. Бұл жұлдыз Ақбозатпен Көкбозатты Жетіқарақшыға алдырмай күзетеді (күзетші)

8. ең көне күнтізбе (мысыр)

9. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі (күнтізбе)

10. Түркі халықтарының көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын 7 жұлдыз (7қарақшы)

11. Аспанда қанша шоқжұлдыз белгіленген? (88)



Оқушылар алдыңғы сабақтағы білімдерін қолдана отырып сұрақтарға жауап береді


Дескиптор

-оқушылар өткен тақырыпты өз бетінше қайталайды

-шапшаң ойлануға үйретеді

- басқалардың пікірін тыңдауды үйренеді

-әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай





Сабақтың ортасы




15 мин



Мұғалім әрекеті:

Бейнематериал

Иоганн Кеплер және ғаламшарлар қозғалысы

Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық ғаламшарлар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

Кеплердің екінші заңы аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.

Кеплердің үшінші заңы ғаламшарлардың Күнді жұлдыздық айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.





Бейнематериал



Презентация




20 мин




І. Топтық жұмыс.

1. Үлкен жарты осьін тап?

2. Перигелий нүктесін көрсет

3. Афелий нүктесін корсет


ІІ. Есептер шығару. Жұптық жұмыс

Кеплер заңдарының қолданылуы

Марс орбитасының негізгі осі 1,5 а.б. Күннің айналасындағы қозғалыс уақытының периодын есептеңіз.












1.Ғаламшардың синодтық периоды 500 тәулік.Оның орбитасының үлкен жарты осін және жұлдыздық айналыс периодын анықтаңдар.

2.Қайсы бір ғаламшардың қарсы тұруы 2 жыл сайын қайталанады.Оның орбитасының үлкен жарты осі неге тең?

3.Екі ғаламшардың айналу периодтарының квадраттарының қатынасы 8-ге тең. Үлкен жартыосьтерінің қатынастары неге тең?


І. Жеке жұмыс

Жұмбақтарды шешеді
1. Күндіз бар да, түнде жоқ,
Қиналмай тауларды, орманды,
Онсыз өмір мүлде жоқ. 
(Күн)

2. Аты да көк, заты да көк,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Аспан)


3. Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар.

(Жыл мен он екі ай;)
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған.

(телескоп,)

5. Бір түкті кілем,
   Бір түксіз кілем (Аспан, Жер)

6. Таң атқанша тары шаштым.
Жұлдыз




-тақырыптың мазмұнын меңгерген деңгейін анықтайды

-топпен жұмыс істей алады,










-Кеплердің үшінші заңына есептер шығару
























- тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешеді

Оқу мақсатына жетуге арналған тапсырмалар




Таратпа қағаз












слайд


Сабақтың соңы.

4 мин

Сабақ соңында бекіту сұрағы арқылы қорытындылау.
Кеплер тағайындаған планеталардың қозғалыс заңдарын 

Тұжырымдаңдар. 

Үй тапсырмасы:

§11. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары

Бағалау







Стикер, слайд



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2022
867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі