400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Kundelik.kz– бұл қашықтықтан оқытуда қолданылатын маңызды құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Kundelik.kz– тің байланыс құралы ретіндегі маңызы жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Kundelik.kz– бұл қашықтықтан оқытуда қолданылатын маңызды құрал

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандайҚазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Чех  елінің белгілі ойшылы, педагог  Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - қалаған жүйе өмір бойы білім алу қағидасы негізінде өзгерістерге ұшырауда.Яғни қазір өркениетке ілесемін деген адам, біріншіден, өмір бойы білімге ұмтылуы керек, екіншіден, өзіне қажетті ақпаратты өте тез алып отыруы қажет. Ал осы жағдайларды мемлекеттік деңгейде жүзеге асырудың ең басты жолы - электронды күнделікке көшу.

Kundelik.kz– бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі замануи орта.Бұл жүйе қазіргі уақытта еліміздегі барлық мектепте енгізіліп жатқан электрондық портал. Бұл жүйе оқу процесін жеңілдетеді. Ата-ана - мұғалім – оқушы арасындағы үш жақты байланыс "Күнделік" жобасы арқылы нығая түседі. Кез-келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалайды. Жүйеде үйге берілген тапсырма да көрініп тұрады. Апта сайын баланың мектепте болған уақыты, тәртібі  мен үлгерімі рейтингтік көрсеткіш бойынша бағаланады. Тақырыптық форумдар жасап, іс-шарадағы фотосуреттермен алмасып, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға болады.Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес, электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күнделігіне түседі. Автоматты түрде есеп шығарылып, білім басқармасы мен министрлікке жолданып тұрады. Демек, министрлік те мектептің деңгейі мен оқушылардың білім сапасын бақылай алады.

Бұл қашықтықтан білім беру мүмкіндігін арттырып, мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарады. Kundelik.kz сайты қағаз күнделіктің міндеттерін оңай шешеді және басқа да мүмкіндіктер береді(кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланылатын материалдар, орташа балл, өткізілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары)

Kundelik.kz сайты арқылы оқушылар басқа мектеп оқушыларымен хабар алмасып, өз мектебінің , сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылап, мектептік өмірдің фотосуреттерімен оңай бөлісе отырып, түрлі тақырыптар бойынша байқауларға қатысу арқылы бағалы ұтыстарға ие болады,яғни Kundelik.kz сайтымен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге болады. Білім беру ресурстарына тоқталсақ онлайн кітапханада мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды,ал медиатекада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған. Kundelik.kz жүйесіндегі жеке парақшаны портфолиоға оңай айналдыруға және барлығына жетістіктеріңіз туралы хабарлауға болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі