Материалдар / Күнтізбелік жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күнтізбелік жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнтізбелік жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түсінік хат

Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме. 6-сыныпқа арналған орта мерзімді оқу жоспары«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы

негізінде құрастырылған. Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген пән ретінде қарастырылады. Орта мерзімді жоспардың мақсаты - мұғалімге

әдістемелік көмек көрсету. Оқушыларға мемлекеттік тілді үйретумен қатар, оны қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға тәрбиелеу.

Сөйлесім әрекетінің түрлерін дамыту, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Апталық жүктемесі – 5 сағат. Жылдық сағат саны – 170

Лексикалық тақырыптар мақсаты. Мұғалім лексикалық тақырыптар аясында оқушылардың білімін жетілдіреді, дүниетанымын кеңейтіп,

кез келген ортада қарым-қатынасқа түсуге дағдыландырады, қазақ халқының ұлттық болмысы мен құндылықтары туралы түсінік береді.

Мұғалім көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне және сын тұрғысынан ойлауға

бағыттайды. Әңгіме, өлең, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне, оқыту мақсатына сай

Бөлімде белгіленген сағат саны оқу мақсаттарын, коммуникативтік дағдыларды, көркем шығармаларды оқытуды қамтиды. Сонымен қатар

мұғалімнің бөлімді бірнеше тақырыпшаларға бөліп оқытуға және қосымша ресурс көздерін таңдауға мүмкіншілігі бар.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары. Қысқа мерзімді сабақ жоспары орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарына негізделіп

құрастырылады. Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін мұғалімге бір сабақта бір-екі оқу мақсатын іске асыру ұсынылады. Лексикалық

тақырыптар бойынша белгіленген оқу мақсаттарының барлығы іске асырылуы қажет. Мұғалім оқу мақсаттарының ретін қажеттілігіне қарай

Пәнаралық және шынайы өмірмен байланыс. Қазақ тілі мен әдебиетін "Тарих", "География", «Өнер» пәндері арқылы байланыстырып

оқыту мүмкіндігі қарастырылған. Ресурс көздерін таңдағанда, тақырыптың өмірмен байланысын ескеріліп, тапсырмаларды әзірлеуде

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту көзделеді. Мұғалімдерге пәнаралық байланыста оқытылатын тақырыптар бойынша

сабақ материалдарын бірлесіп әзірлеу, кіріктірілген сабақтарды дайындау ұсынылады.

Грамматиканы коммуникативтік мәнмәтінде оқыту. Грамматикалық білім коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысында

жүзеге асырылады. Грамматиканы оқыту лексикалық тақырыптардың мәнмәтіні негізінде меңгеріледі. Тапсырмалар коммуникативтік

жағдаяттарға негізделеді, дайын шаблон, модель, құрылымдар арқылы орындалады.

Әдіс-тәсілдер туралы түсініктеме (коммуникативтік дағдыларды оқыту әдістемесі). Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым

дағдылары коммункативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету

Тыңдалымға арналған сабақ құрылымы: тыңдалым тапсырмасы (оқу мақсатына негізделген жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді

Оқылымға арналған сабақ құрылымы: Оқылым тапсырмасы (әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар, нақты

ақпаратты табуға арналуы тиіс); Мәтін оқушылардың жас ерекшелігіне, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Сұрақтар оқушылардың

өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.



Сынып


Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

6-сынып

1

1

3

3
















«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 6-сынып Барлығы: 170 сағат, аптасына 5 сағат

р/с

Бөлім

Сабақтардың тақырыптары

Оқу мақсаты

Cағат

саны

Мерзімі

Ескерту


І тоқсан – 47 сағат


1-2

1. Отан отбасынан басталады. М.Әуезов «Абай жолы» Қайтқанда» тарауы (үзінді)


Отбасы күнін тойладық

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.5.1.1 - мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

2



3-4

Әке көрген оқ жонар...

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;

6.5.1.1 - мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

2



5-6

Ана көрген тон пішер

6.2.2.1 -тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу,

6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу

2



7-8

Ата-анамды үлгі тұтамын

6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу

6.5.1.1 - мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

2



9-10

Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы

6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постержасау;

2



11-12

М.Әуезов «Абай жолы» Қайтқанда» тарауынан үзінді

6.2.2.1 -тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу,

6.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау

2



13

Нәтиже сабақ.

6.3.2.1 - ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (мінездеме);

6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постержасау;

1



14

Мен не үйрендім?

6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

1



15-16

2. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі. Ә.Дүйсенбиев «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» өлеңі







Ауылым –алтын бесігім

6.5.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

6.5.1.2 - лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

2



17-18

Жайлаудың ауасы таза

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

2



19-20

Менің үйім таудың етегінде

6.5.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

6.5.1.2 - лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

2



21-22

Кім пайдалы? Кім мықты?

6.2.4.1 - шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау;

6.3.2.1 - ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік);

2



23-24

Қаланың қызу өмірі

6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру

6.3.2.1 - ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік);

2



25-26

Менің қаладағы болашақ пәтерім

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

2



27


Нәтиже сабақ.

Мен не үйрендім?

БЖБ№1

6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік жазу;

6.5.1.2 - лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

1



28-29

3. Таулар сыры. М.Мақатаев «Мен таулықпын»

Қазақстандағы қандай тауларды білесің?

6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну;

6.5.1.3 - реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

2



30-31

Тауда түнедік

6.2.6.1 - тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

6.4.3.1 - жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу

2



32

Толағай тауының тарихын айтшы

6.1.4.1 - шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау

6.5.1.3 - реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

1



33

Толағай тауының тарихын айтшы

6.3.4.1. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру

6.4.1.1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу

6.5.1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

1



34-35

М.Мақатаев – ақиық ақын

6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

2



36-37


М.Мақатаев «Мен таулықпын»

6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру

6.5.1.3 - реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!