Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күрделі сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына, коллекдж студенттеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі күні:09.04.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер

Білімділік: Біріккен сөздерді оқыту ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің түрлі әдіс-тәсілдерін үйрету. Біріккен сөз, кіріккендерді оқыту туралы жан-жақты теориялық білім берумен қатар оқытуға арналған жаттығу жұмыстар мен тапсырмаларды сабақ түрлерінде қолдана білудің тиімді жолдарын үйрету.

Тәрбиелік: Ұжымдылыққа, сауаттылыққа бірін-бірі тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін шыңдау.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы студенттердің өздігінен жұмыс істеу әрекетін дамыту. Ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Міндеттері:

1. Біріккен сөздерді оқытуға арналған жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету.

2. Студенттердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

1. Студенттердің ауызша, жазбаша ойланып жауап беруі және көркем әдеби тілде сөйлеуін жетілдіреді.

2. Біріккен сөздерді оқытуға арналған жаттығу жұмыстар мен тапсырмалар туралы мәліметтерді меңгеру, білімнің жүйелі, тиянақты болуын қамтамасыз етеді.

Қолданылатын әдістер: Іздендіру, салыстыру, ой қозғау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар, постер

Сабақтың түрі: аралас







Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: (Студенттер назарын сабаққа аудару. Сабақтың өту тәртібімен таныстырып, топты топшаларға бөлу, топ басшысын тағайындап, бағалау парақтарымен жұмыс жасауын қадағалау)

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің мамандығым» атты тақырыбына эссе жазу(туынды зат есімдерді теріп жазып келу)

  1. Үй тапсырмасын қорытындылау.

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Зат есім құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

  1. Жаңа сабақ.

«Күрделі сөздер»

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жолдас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі, бұл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас:түбірі -жол, -дас - жұрнақ; аялда-ма: түбірі - аялда, -ма - жұрнақ) тұрады.

Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

«Күрделі сөздер»

Біріккен сөздердің мағыналық және тұлғалық ерекшеліктері

(Біріккен сөздер жөнінде берілген білімді жүйелеуге төмендегі кесте пайдаланылады)

Түбір тұлғаларын

сақтап біріккен сөздер

Біріккен сөздердің мысалдары

Жаңа мағынасы

Құранды бөлшектері

жазылуы

айтылуы

Қаптесер

Жетіқарақшы

Қызылжарқұдық

Сарыағаш

Боранбай

Ешқашан

Әркім

Тышқан

Жұлдыз

Жер аты

Жер аты

Кісі есімі

Есімдік

Есімдік


Қап+тесер

Жеті+қарақшы

Қызыл+жар+құдық

Сары+ағаш

Боран+бай

Еш+қашан

Әр+кім

Қаптесер

Жетіқарақшы

Қызылжарқұдық

Сарыағаш

Боранбай

Ешқашан

Әркім

Қабтесер

Жетіғарақшы

Қызылжарғұдық

Сарағаш

Борамбай

Ешғашан

Әргім

Түбір тұлғалары дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер

Жаздыгүні

Молдахмет

Сатыбалды

Өмірзақ

Бүгін

Әкел

Амангелді


Жыл мезгілі

Кісі есімі

Кісі есімі

Кісі есімі

Тәулік

Қимыл атауы

Кісі есімі

Жаздың+гүні

Молда+Ахмет

Сатып+алды

Өмірі+ұзақ

Бұл+күн

Алып+кел

Аман+келді

Жаздыгүні

Молдахмет

Сатыбалды

Өмірзақ

Бүгін

Әкел

Амангелді


Жаздыгүні

Молдахмет

Сатыбалды

Өмұрұзақ

Бүгүн

Әкел

Амангелді



Осы мысалдарды талдау арқылы біріккен сөздің ережесін оқушылардың өздері шығаруға бағыт беру. Сонымен біріккен сөздер екі немесе бірнеше түбірдің бірігуі арқылы жасалып, жаңа бір ұғымды беретін күрделі сөздің түрі екені айтылады. Біріккен сөздер, сызбадан көріп-білгеніміздей, түрлерінің өзгеруіне, өзгермеуіне байланысты екі топқа бөлінеді екен.

1. Түбір тұлғасын сақтайтын біріккен сөздер.

2. Түбір тұлғасын сақтамай өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер. Күрделі сөздегі түбірлердің өзгеріске ұшырап бірігуін қазақ тіл білімі ғылымында кіріккен сөз деп атайды.



V. Қорыту. Бүгін біз не үйрендік? Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған баланың аты өз сыныптарыңда бар ма?



  1. Бағалау.

  2. Үйге тапсырма. Мәтіннен біріккен, қос сөздерді теріп жазып келу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.07.2018
3174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12