жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күш атасы - Қажымұқан
Күш атасы-Қажымұқан
Сайын далаң-өзің анаң,өз әкең,
Сол далаға тартпай туған аз екен.
Осындай да ұл таба алам дегендей,
Тапқан сені қазекең.
Қадыр Мырза Әлі
ақын
Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұқан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген.Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тумасы» ретінде танитындар да бар.Бұған негіз болатын жайт- палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы,Шілік ауылындағы ескі қорымда жатқандығы. Көнекөз қариялардың уәжіне жүгінер болсақ, Ернақтың баласы Мұңайтпастың Ақмола маңына қоныс аударуы- ағайын арасындағы араздықтың салдары.Егер де атасының зираты Оңтүстік Қазақстан аумағында жатқандығын ескерсек, «Палуан осы топырақта туылған» деген болжам қисынға келеді де.Қалай болғанда да,Қажымұқанның туған жері туралы әлі де түкпілікті байлам жасалған жоқ.
Ал, ата-анасына келсек,Қажымұқанның әкесі балық аулап күнелткен қоңыртөбел тұрмысты, бірақ ел-жұртына аса қадірлі адам болыпты.Екі қолынан басқаны қару етпеген Мұңайтпас отынға балта ұстап бармай-ақ, үлкен-үлкен ағаштарды түбірімен қопарып алып,сүйретіп кете береді екен.Анасы Кәбира да бір әкелгені бір айлық отын болатындай зор қуат иесі болса керек.Толағайлық күш-қуат түп-тамырында жатқан Қажымұқан бала күнінен-ақ ерекшеленіп,12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне еніпті.Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған ол,Қызылжарда Масликов деген саудагенге жалданып, соның жұмысын істейді- малын бағады,шөбін шабады,жүгін тасиды.Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып,алдыға аттап баспай,төрт аяқтап тұрып алады.Ыза кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп жібергенде ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі.Оны таудай маяның үстіне тастай салып, екінші атты шашаның артына бос байлаған Қажымұқан дәу шананы бір өзі сүйреп ауылға жеткізеді.Қабырғасы әлі қатпаған қаршадай ғана баланың жойқын күші маңайдағы үлкен-кішіні түгелдей таң-тамаша қалдырады.Отбасылық жағдайына келсек, күрес өнерінің соңына түсіп, елден үнемі жврақта жүрген.Қажымұқан шамамен 36 жасында үйленіпті.Алғашқы әйелі-өзі шын қосылған және мұсылманша некесін қиып, «Бәтима» деп ат берген Надежда Чепковская.Палуанның бұл әйелден көрген баласы-Халиолла.Ал, екінші әйелі-Ырыстыдан София,Рашида,Әзия атты үш қызы болған.Үшінші әйелі- әмеңгерлікке алғанда палуанның жасы-75-те , ал әйелі Бибіжаннан Жанәбіл атты ұл сүйген. Бұлар- палуан әйелдерінің жалпы жұртшылыққа белгілісі ғана.Негізі, бірқатар әңгімелерде Қажымұқанның көп әйелдерінің бірі ноғай қызы болған көрінеді және одан палуанның Мұхтар атты ұлы болса керек.Сол сияқты, «Қажымұқан орыстан да, башқұрттан да,тіпті француздан да әйел алған» деген әңгіме бар.Бұлай деуімізге әр жылдарда палуанды «әкем еді..» деп әлемнің әр түкпірінен арнайы іздеп келген «балалары» негіз бола алады.Ал,енді «Қажымұқан неге көп әйел алған?» десек,бұл жақсыдан ұрпақ алып қалуға тырысқан баяғы дәстүрдің көрінісі болуы мүмкін.Екінші жағынан, Қажымұқандай алты құрлыққа есімі аян атақты тұлғаға көрсеткен құрметі есебінен әрі онымен туыстық байланыс орнату мақсатында да жұртшылық осындай әрекетке барған сыңайлы.Нар тұлғалы Қажымұқанның 75 жасындағы дене бітімі,тұлғасына келсек, таза салмағы-174 кг,бойы – 195 см (өз айтуы бойынша күресіп жүрген кезіндегі салмағы 215 кг,бойы 200 см болған).Төбелігінен беліне дейін -77 см,белінен аяғына дейін -118см,кеудесі -146 см,кіндік тұсы - 173 см, жуан қара санының қалыңдығы -71см, табаны -35 см,аяқ киімі шамамен 54 размер болған. Шалбарының белдігі-220,жауынының жалпақтығы-60см,саусақ басынан білекке дейін -25см, қолтық еттің қалыңдығы-50 см,жатқанда- 60см,ортаңғы саусақтың ұзындығы -14 см, саусақтың жуандығы-10 см,білек жуандығы -2,75 см,самайы-9 см, жақ ұзындығы -24 см, мұрын ұзындығы-7 см, құлақтың айналасы- 10 см,үстіңгі ерінінің ұзындығы -10 см, бас аумағы-65 см. 1891 жылы Мәскеу циркінен алтын медаль мен бірінші бәйгеге 1000 сом ақша;1895 жылы Киевтегі палуандар күресінде бірінші рет «Дүниежүзінің чемпионы» атағын жеңіп алды;1899 жылы Париж біріншілігінен « Дүниежүзі чемпионы» тәжі; 1902 жылы Париждегі ерлігі үшін патшаның баксы бейнеленген үлкен алтын медаль алған.Сол дүниежүзілік біріншілікте әр елдің бас палуандарын жеңгені үшін 8 медальға қоса кішіалтын медаль алды:1906 жылы Мәскеуде өткен халықаралық біріншіліктен үлкен алтын медаль:1907 жылы Саратов біріншілігінен үлкен алтын медаль:1908 жылы Киев қаласында өткен халықаралық чемпионаттан бас бәйгеге үлккен алтын медаль, Минскідегі халықаралық біріншіліктен ,Мекке Мәдинадағы жарыстардан алтын медальдар мен 5000 реал ақша;1909 жылы Ригада өткен халықаралық палуандар біріншілігінде кіші алтын медаль;1910 жылы Швейцарияда өткен біріншіліктен бірінші орын –үлкен алтын медаль мен «Әлемдік палуан» атағы;1911 жылы Варшавада өткен халықаралаық чемпионаттан кіші алтын медаль;1912 жылы Варшава,Финляндия,саратов өткен біріншіліктерден үлкен күміс медаль, Нижний Новгородтың Сур циркінде өткен бүкілресейлік чемпионаттан кіші алтын медаль, Гамбургта болған еркін американдық және джуи-джитсу күресінен дүниежүзі чемпиондары тәжін иеленген; 1913 жылы Брюссельде өткен үш айға созылған айқастан күміс медаль және тағы да үлкен күміс медаль мен 500 сом ақша; Литвада өткен халықаралық турнирден күміс медаль;1914 жылы қыста Париждегі халықаралық чемпионатта еркін күрестен алтын медаль мен 5000 франк; Польша королі Сегизмундтың шөбересі граф тычкеевия атасы Сегизмундтың белдігін иемдену жүлдесін өткізіп, сол жарыстарда қатарынан төрт рет жеңіп шығып, белдіктің белгісін иемденген. 1915 жылы Мәскеуде өткен халықаралық біріншіліктен үлкен күміс медаль; Мәскеудегі халықаралық біріншіліктен үлкен алтын медаль; Хабаровскіде өткен халықаралық біріншіліктен үлкен алтын медаль; 1917 жылы шілде айында Киевте өткен халықаралық чемпионаттан үлкен алтын медаль мен 1500 сом; 1927 жылы «Қазақ даласының батыры» атағы; 1945 ж. «Құрмет белгісі» ордені, 1945 жылы Абайдың Семейде өткен 100 жылдық мерейтойына баруының өзі Қажымұқанның жасы ұлғайған шағында да ел ішіндегі маңызды шаралардың ешқайсысынан сырт қалмағандығын көрсетсе керек. Араға 26 жыл салып сол жүз жасқа Қажымұқанның өзі де келді,әрине, палуан ол күнді көре алған жоқ. 1948 жылы 12-тамызда атажұрты-Оңтүстік Қазақстан облысы,Ордабасы ауданы,Темірлан ауылында дүние салды. Осы орайда, « Өмірінің соңғы жылдарында палуан тұрмыста таршылық көріп, қиын жағдайда күн кешкен» деген әңгіме бар. Күш-қуаты қайтқан соң қауқарсыз қарияға айналып шыға келген қайран қарт күнкөрісінің қиындап кеткендігін айтып, тиісті мекемелерге бірнеше мәрте хат жолдаған. Бірақ бәрі жауапсыз қалған. Ең өкініштісі, ел-жұрты да біртуар тұлғасын өмірден өтісімен-ақ ұмытып үлгенген. Содан да болар, алты құрлықты даңқымен дүрілдеткен палуанның 100 жылдығы да, одан кейінгі мерейтойлары да лайықты дәрежеде аталып өткен емес.Сол сияқты,өмірбаянының бұлыңғыр тұстарын зерттеп, зерделеп,жоғалып кеткен орден-медальдарын іздестіргу, төрткүл дүниедегі палуанның ізі қалған жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастыру, қайталанбас тұлғаның әдебиет пен кинодағы, бейнелеу өнеріндегі шынайы бейнесін жасау шаралары да шын мәнісінде қолға алынбай отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Күш атасы.(Естеліктер.Құрастырған Ғ.Тәжімбетов).Алматы, «Қазақстан»,1984.
2.Қалмақан Әбдіқадыров. «Қажымұқан». (Повесть).Алматы, «Жалын»,1981.
3.М.Тәнекеев. «Қажымұқан».Алматы, «Қазақстан»,1964.
5.Қазақ балуандары. (6 томдық тарихи-деректі басылым).Астана, «Ер-Дәулет», 2006.
6.Қажымұқан.(Естелік.Құрастырған Н. Бегалыұлы). Алматы, «Білім»,2004.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген