Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Күш атасы – Қажымұқан. 6 сынып қазақ тілі
Мектеп |
Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта білім беретін мектебі |
|||||||||||||||||||||||
Бөлім: |
7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология. Етістік, оның мағыналық түрлері. Етіс. Түрлері |
|||||||||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||||||||||||||||||||
Күні: |
12.02.2025ж |
|||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Күш атасы – Қажымұқан |
|||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
6.3.2.1.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу. 6.4.4.2. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар үшін: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жаза алады. Көпшілік оқушылар үшін: Етістіктің етіс түрлері мен салт- сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша тілдесім барысында қолдана алады. Кейбір оқушылар үшін: Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін жазбаша тілдесім барысында қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
Жасампаздық және жаңашылдық |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 7 мин |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет, Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! «Таныс заттар» әдісі арқылы сыныпты 3 топқа біріктіру. Әр оқушы бір затын мұғалімге ұсынады. Мұғалім сол заттарды араластырып әр топқа тастайды. Балалар өз заттарын тану арқылы сол топқа келіп отырады. 1-топ «Спорт» 2-топ «Денсаулық» 3-топ «Күрес» Үй тапсырмасын пысықтау. «Кездейсоқ дөңгелек» әдісі
Жаңа тақырыпқа өту үшін бейне ролик көрсетіледі. Талқылауға арналған сұрақтар:
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысу. |
Оқушылар сәлемдеседі. 3 топқа бірігеді.
Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
ҚБ: бағалау парағы беріледі (қосымша №1). Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп, смаиликтермен бағалап отырады. Топ басшы бағалау парағына белгілеп, соңында санап жалпы балын айтады. (жалпы 10 балдық шкала). Қай топ белсене қатысып отырса кубок беріледі. Мұғалім: қолпаштау, алтын, күміс, қола медальдарымен марапаттап отырады Дескриптор: -оқушылар сұрақтарға жауап береді 1 балл |
Слайд «Қазақстан тілі» кітабы 6 сынып Тақырыптық көрнекіліктер медаль, кубок Бейнеролик. «Күш атасы -Қажымұқан»
https://www.youtube.com/watch?v=buAQRtmdXBg&t=79s |
||||||||||||||||||||
Жаңа білім 15 мин |
1-тапсырма. Мәтінді тыңда. «Спираль» әдісі Күш атасы – Қажымұқан Кез келген спорт түрі өз бетінші қызықты әрі пайдалы. Бірі адамның шыдамдылығы мен ептілігін шыңдаса, бірі жылдамдығы мен беріктігін арттыра түседі. Күреспен айналысатын спортшыға бұл қасиеттердің барлығы да қажет. Күрес адамның ептілігін, жылдамдығын, шыдамдылығын, беріктігін, күшін, тапқырлығын қажет етеді. Демек, күрес «күші барға ақылдың керегі жоқ» деген нақыл сөзді теріске шығарады. Күрестің самбо, дзю-до, еркін күрес және грек-рим күресі тәрізді түрлері бар. Бұл дүниежүзіне әйгілі күрес түрлері. Әрине, кейбір елдердің ұлттық ойын түрлеріне айналған күрес түрлері де бар. Атап айтатын болсақ, әзірбайжан ұлттық күресі (гюле), ағылшындық кетч голд, армян ұлттық күресі (кох), белорус ұлттық күресі, грек-рим күресі, қазақ күресі, жапон ұлттық күресі (сумо) т.б. Қазақ күресі – ұлттық спорт ойындарының бірі. Оның тәсілдері сан алуан. Қарсыласының жауырының толық жерге тигізе алған балуан таза жеңіске жеткен болып есептеледі. Белдесе кеткен кезде аяқтан шалуға, тобықтан қағуға рұқсат етілгенмен, қолмен аяқтан ұстауға болмайды. Сондай-ақ қарсыласының белдігінен ұстап немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, жұлқу, тізеден, қағу, кеудеден асыра лақтыру, сүріндіру сияқты тәсіл-амалдар қолданылады. Бұл күрестің ерекшелігі – жатып, отырып күресу немесе төрт тағаңдап күресу (партер) деген жоқ. Тұңғыш рет әрі жарыс 1938 жылы Алматы қаласында өткізілді. Қазіргі таңда бұл күрес жанданып, айналысушылар саны өсіп келеді. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
3-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша деректерді нақтылаңдар. 4-тапсырма. Қазақ күресіне тән ережелерді анықтаңдар. Етістіктің мағынасына көңіл аударыңдар.
Тілдік бағдар. Болымды және болымсыз етістіктер. Етістік түбір күйінде де, әртүрлі грамматикалық тұлғаларында да қимылдың іс- әрекеттің, амалдың болуын білдіреді. Мысалы, Бала ойнады. Бала ойнап отыр. Баланың ойнағысы келді. Істің болғанын, болып жатқанын не болатынын білдіретін етістіктің түрі болымды етістік деп аталады. Ал іс-әркеттің, яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Қимыл, іс-әрекеттің іске аспауы, болмауы етістік түбірлеріне –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, ойла-ма, сыз-ба, жат-па. Демек, қимылдың іс-әрекеттің болмауын іске аспауын білдіретін етістікті болымсыз етістік дейді. Мысалы, Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір деген мәтелдегі жүгірме етістігі –ме жұрнағы арқылы жүгір деген болымды етістіктен жасалған. Сенбе досқа, тұрса да қанша мақтап.. деген жолдағы сенбе болымсыз етістігі, оның сен деген болымды түріне –бе жұрнағының жалғануы арқылы жасалып тұр. Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады. Мысалы, айтпа-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой- ма, беріп жібер-ме. Белгілі бір шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі де болымсыздық мағына береді. Мысалы: көрген жоқ, келген емес, ұстаған жоқ, қояр емес т.б
Сабақты етістік пен салт етістік. Етістіктер мағынасына қарай сабақты және салт етістік болып бөлінеді. Мағынасына қарай тура нысанды, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік сабақты етістік деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі – не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы, Есікті жұлқа ашты. Ұлпанды қатты көргісі келді. Мағынасына қарай тура нысанды – табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістік деп аталады. Мысалы, Әжесінің әңгімесінен (неден?) көп нәрсені ұғынды. Салт аттылар ауылға (қайда?) қарай бет бұрды. |
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды және тыңдайды.
Оқушылар тапсырманы орындайды
|
Дескриптор: -оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды. 2 балл
Дескриптор: - оқушылар сұрақтарға жауап береді. 1 балл
Дескриптор: - тыңдалым мәтіні бойынша деректерді нақтылайды. 1 балл
Дескриптор: - етістіктің мағынасын ажыратады. 1 балл
|
|
||||||||||||||||||||
Бекіту 5 мин
|
Сабақты қорытындылау. 5-тапсырма. Етістікті түрлеріне қарай ажыратып жазыңдар. Тоқы, көрсетпе, тазала, қайна, сайра, озба, көшірме, суғар, жарқыра, күркіре, сіркіре, жұмыл, түңілме, шап, кеспе, жаз, шеш, қашпа, ұш.
Үйге тапсырмасы: «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбына жоспар құрып, эссе жазыңдар.
Бағалау:
|
Сабақтың тақырыбын қорытындылау. Оқушылар тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор: - Оқушылар етістікті түрлеріне қарай ажыратып жазады. 4 балл
|
Слайд |
||||||||||||||||||||
Кері байланыс 3 мин |
«СМС» тәсілімен оқуда алған білімдері туралы кері байланыс беру
|
Тақырып бойынша өз пікірлерін жазады. |
Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды |
|
Қосымша №1
Топтың атауы: _____________________________________________________________
№ |
Оқушының аты жөні |
Үй жұмысын пысықтау (1 балл) |
1-тапсырма. (2 балл) |
2-тапсырма. (1 балл) |
3-тапсырма. (1 балл) |
4-тапсырма. (1 балл) |
5-тапсырма. Қорытынды. (4 балл) |
Жалпы балы |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Топ басшысы: _____________________________________________________________

