400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік мақсаты: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық ,серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне –бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып , өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық ,серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау

Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне –бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып ,

өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге

бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау, жүйелеу, сұрақ-жауап,есептер шығару, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,таратпа кестелер, слайдтар , анықтамалық кітапша

Жоспар

.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй жұмысын тексеру.

  1. Динамика нені зерттейді?

  2. Инерциялық санақ жүйелері.Мысал келтір.

  3. Ньютонның бірінші заңы.

  4. Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қандай?

  5. Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қандай?

  6. Үдеу дегеніміз не? Формуласы

3.Жаңа сабақ.

Күш деп денелердің бір-біріне әрекетінің сандық өлшемін сипаттайтын физикалық шаманы айтады.

Күш үш түрге бөлінеді: Ауырлық күш, Серпімділік күш, Серпімділік күш

Ауырлық күші деп: денелердің жердің центріне тартылу күшін айтады

Формуласы:

Ға=mg

мұндағы: m-дененің массасы,g-еркін түсу үдеуі.

Серпімділік күші деп: дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады

Формуласы:

Fсерп = k∆l

мұндағы: k-қатандық коэффициенті, ∆l –дене ұзындығының өзгеруі.


Үйкеліс күші деп:денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

Формуласы:

Fүйк=μN

мұндағы: μ –үйкеліс коэффициенті, N-тіректің реакция күші.


Үйкеліс күшінің түрлері: Сырғанау, Домалау, Тыныштық,




Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы

4.Бекіту сұрақтары.

  1. Күшті өлшейтің құрал

  2. Күштің түрлері?

  3. Ньютонның екінші заңы?

  4. Күштің өлшем бірлігі?

5.Сергіту сәті. Аққу,шортан Һәм шаян


6.Есептер шығару (деңгейлік).

І деңгей.10 – жаттығу ( 2 есеп)

1.Массасы 0,2 кг дене 1,5 м/с 2 үдеумен қозғалу үшін оған қандай күш түсіру қажет?

ІІ деңгей. 10 – жаттығу (1 есеп)

1.Массасы 1500 кг автокөлік 0,5 м/с 2 үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500 Н-ға тең. Қозғалтқыштың өңдіретін тарту күшін анықтандар.

ІІІ деңгей. 10 – жаттығу (4 есеп)

1. Массасы 1500 кг автобус орнынан 1500 Н тарту күшінің әрекетінен қозғалады. Егер автобусқа әрекет ететін кедергі күш 450 Н болса, онда оның үдеуі неге тең?

7.Ой толғаныс: (ребус)


8 Қорытындылау: Біз не білдік.


9.Рефлекция,Бағалау

10.Үйге тапсырма: §11§12 10 жаттығу (3 есеп)















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
933
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі