Күз аруы 2023

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күз аруы 2023

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз аруы 2023
Материалдың қысқаша нұсқасы

___________







«Күз Аруы-2023»

(5-6 сынып оқушылар арасындағы байқау)











Аға тәлімгер Г. Ахметова





«Күз Аруы-2023»


Алтын күз: -Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.

-Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туылған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін солар шығар келе жатқан.

Фанфар

1-ж. Саламатсың ба Алтын күз? Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз.Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік.


Алтын күз: Рахмет достарым

Құтты болсын тоймыз

Сәтті болсын ойымыз

Бүгін менің мерекемде,

Той тойлайық бәріміз

Күз туралы тақпақтар:

Жомарттығын бақылайық бәріміз

Кім табады, кім айтады?

Қандай екен Алтын күз?


2-ж. Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырайды Алтын күз.

Сайраңдадық күліп, ойнап

Келді міне,Алтын күз.


1-ж.Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күз аруы» байқауына қош келдіңіздер!


2-ж. Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз

Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз

Жан мен тән сұлулығын тепе-тең ғып,

Бар елді өзімізге қаратамыз-демекші.Ортаға әр патшалық елінен келген аруларымызды шақырамыз.





1-ж.Баяғы өткен заманда

Дін мұсылман аманда

Әділдік іздеп екі адам

Биге барып бас қосқан

Ал, бүгінгі заманда

ЖЮРИ деген ат шыққан

Қазақшаға аударған соң,

Әділ қазы деп шыққан.Ендеше әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен танысайық.

1.

2.

3.

4.

5.


Алтын күз: Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырмаушедіңдер ме?


1-ж. Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:

  1. «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру)

  2. Сұрақ-жауап

  3. Сән үлгісі

  4. Өз-өнері (ән, би, поэзия оқу)

  5. Қол өнер


1.Таныстыру


2-ж. Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып « Күз аруы» атты сайысымыздың бірінші бөлімі бастаймыз.

Жұптар кезек-кезегімен өз таныстыруын көрсетеді


Әділ қазылар «Таныстыру» сайысы бойынша бағаларын көрсетсе


2.Сұрақ-жауап


1-ж.Келесі «Сұрақ-жауап»сайсына кезек берсек аруларымыз ортаға шығып жасырын парақтағы сұрақтарға жауап берсе


Әділ қазы алқасының «Сұрақ-жауап» сайысына берер бағасын көрейік



Ән:____________


3.Сән үлгісі

2-ж. Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, - дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)


Әділ қазылар «Сән үлгісі» сайысы бойынша бағаларын көрсетсе


Ән:____________


4.Өз-өнері

1-ж. Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Үкілі үміттерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

Бұл бөліміміз өз-өнері (ән, би, поэзия оқу)


Әділ қазылар «Өз-өнері» сайысы бойынша бағаларын көрсетсе


5.Қол өнер


2-ж. Тау асем қарағайлы аршасы бар

Сол тауға талапты жас барса шығар

Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан

Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?Кезекті аруларымыздың қол өнерлеріне берсек.


Әділ қазылар «Қол өнер» сайысы бойынша бағаларын көрсетсе



1-ж. Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткіземе мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс , жан болсаң сен ұғатын


Әділ қазылардың қортынды бағалары дайын болғанша кезекті әсем әнге берелік

Ән:____________


2-ж. Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


Марапаттау рәсіміне кезек берелік


1-ж Білім-теңіз, мектеп кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз

Әдебі мен тәлімі үндесетін

Жастарды болашаққа жетелейміз.


Алтын күз: «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Көрермендер көбейсін күнен – күнге

Келе берсін қонақтар ғарыштан да – деп «Күз аруы» сайысын аяқтаймыз.Келесі көріскенше қош-сау болыңыздар!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2023
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі