жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Күз аруы" мерекелік байқауының сценарийі
А
Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі
Бекітемін:
Мектеп директорының м.а: Е.М.Жұбаниязов
«КҮЗ АРУЫ»
мерекелік байқауының сценарийі.
(1-4- сыныптар)
АҚСУАТ, 2016
Next
"Алтын күз" мерекелік кешінің сценарийі.
(8-11- сыныптар)
Сары түске боялған жер беті де,
Сән қосып тұр Алтын күз келбетіне.
Үн қосайық, ару күз ажарына,
Күзгі вальс биімен тербетіле.
(Сахнаның сыртынан баяу оқылады. «Күзгі вальс» биі орындалады.)
1-ж:
Армысыздар ағайын, құрбы -
құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз -
қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз
бастайық
Сайыста көңілменен қол
соғайық.
Біздерде ойын - сауық
басталады,
Тамаша күй тартылып, ән
салады.
Қошеметтеп, қол соғып
отырайық
Ұмыттырар күн бойғы
шаршағанды.
2-ж:
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
«Алтын күз- 2016» мерекелік
байқауына
Екеуі
бірге: қош
келдіңіздер!
1-ж:
Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша.
Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.
Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс
болыңыздар:
І. Таныстыру – (тақпақ түріндегі таныстыру қабылданбайды) - 5 минут
2-ж: ІІ. «Күз сыйы» табиғи материалдардан жасалған бұйым. (Бұйымның атауы болу керек және сол бұйымға жарнама жасалуы тиіс \бейнеролик түрінде\ )
1-ж: ІІІ. «Сымбатты қыз сәнімен» (сән үлгісін көрсету) -7 минут
-
Балға киюге арналған киім
-
Әдеттегі күзгі киім
-
Дәстүрлі емес материалдан немесе жеміс-жидектерден тігілген киім үлгісін көрсету
2-ж: ІҮ . Флешмоб биі - 3 минут
1-ж: Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,
-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!
1. Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Науанова Маншук Ибатқызы
2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Айткалиева Мая Қайырболдықызы
3.Мектеп психологы Нуртазиева Айсауле Нұралыханқызы
4.Дефектолог ұстаз Мусина Мүнира Назарқызы
5.Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Суйншкалиева Гүлзада Нұрланқызы
2-ж: Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық
біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық
біз.
Ал, енді сіздер рұқсат
етсеңіздер,
Қанеки, байқауымызды бастайық
біз.
1-ж: Әр сыныптан бір оқушыдан шығып қазылар алқасының алдынан жеребе суырсын. Жеребе бойынша қатысушылардың реттік саны анықталады.
2-ж: Ендеше, сыныптардың реттік саны төмендегідей анықталды:
Бірінші боп өнер көрсететін сынып –
Екінші –
Үшінші–
Төртінші–
Бесінші –
Алтыншы–
Жетінші –
1-ж: Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің
анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген
баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың
белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? –
дегендей, таныстыру бөліміне кезек
берейік.
2-ж: Сахнаға бірінші кезекте _____сынып шақырылады.
1-ж: Бірінші кезең
аяқталды. Құрметті әділқазылар алқасы,
ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
2-ж: Баршаға өнер сүйер жар
саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің үйде дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз. ІІ тур - «Күз сыйы» табиғи материалдардан жасалған бұйым. (Бұйымның атауы болу керек және сол бұйымға жарнама жасалуы тиіс \бейнеролик түрінде\ )
1-ж: Екінші кезең
аяқталды. Құрметті әділқазылар алқасы,
ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
1-ж: Біз қазақпыз өнерге бай, жолы кең,
Сусындаған ақыл, білім нәрімен.
Арулардың талғамдарын байқайық,
Елдің көркі «Сымбатты қыз сәнімен». Келесі бөлім «Сымбатты қыз сәнімен» (сән үлгісін көрсету) -7 минут. Алдымен, «Балға киюге арналған киім» үлгісін тамашалауға шақырамыз.
2-ж: Енді, «Әдеттегі күзгі киім» топтамасын қарсы алыңыздар.
1-ж: Ендігі кезекте «Дәстүрлі емес материалдан немесе жеміс-жидектерден тігілген киім үлгісін» тамашалауға шақырамыз.
2-ж: Құрметті әділқазылар алқасы, сән үлгісі топтамасы бойынша сән көрсету үлгісінің ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
1-ж: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- келесі сайысымыз-Флешмоб Би сайысы. Алғашқы боп өнер көрсететін ________ сынып командасын қарсы алыңыздар!
2-ж: Құрметті әділқазылар алқасы, Флешмоб Би сайысының ұпай сандарын көрсетулеріңізді сұраймыз.
1-ж: Ендеше, ........................., қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша, тамаша әнге кезек берсек, қалай қарайсың?
2-ж: ................-ау, қарсы емеспін.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз да ән мен күйді жоғары бағалаған. Ән тыңдап, бір серпіліп қалайық.
1-ж: Ән «Ана-әке». Орындайтын: Тоқтар Серік
1-ж: Келешекте әрі талай сайыстар
бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар- дей отырып , «Алтын күз»
байқауының қорытындысын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын
шақырамыз.
(ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ, МАРАПАТТАУ)
2-ж: Жеңіс пенен жеңілістен
тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме
мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп
ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны
ұғатын
1-ж: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар, көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
2-ж: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп- көп рахмет. Келесі кездескенше,
Екеуі бірге: Сау болыңыздар!
"Алтын күз" мерекелік байқауының сценарийі.
(5-8- сыныптар)
1-ж:
Армысыздар ағайын, құрбы -
құрдас!
Бармысыздар
жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш
әуенін біз бастайық
Сайыста
көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын -
сауық басталады,
Тамаша күй
тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол
соғып отырайық
Ұмыттырар күн
бойғы шаршағанды.
2-ж:
Құрметті
ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
«Алтын
күз- 2016»
мерекелік
байқауына
Екеуі бірге: қош келдіңіздер!
1-ж:
Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша.
Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.
Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс
болыңыздар:
І. Таныстыру – (тақпақ түріндегі таныстыру қабылданбайды) - 5 минут
2-ж: ІІ. «Күз сыйы» табиғи материалдардан жасалған бұйым. (Бұйымның атауы болу керек және сол бұйымға жарнама жасалуы тиіс \бейнеролик түрінде\ )
1-ж: ІІІ. «Сымбатты қыз сәнімен» (сән үлгісін көрсету) -7 минут
-
Балға киюге арналған киім
-
Әдеттегі күзгі киім
-
Дәстүрлі емес материалдан немесе жеміс-жидектерден тігілген киім үлгісін көрсету
2-ж: ІҮ . Флешмоб биі - 3 минут
1-ж: Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,
-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!
1.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-ж: Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық
біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық
біз.
Ал, енді сіздер рұқсат
етсеңіздер,
Қанеки, байқауымызды бастайық
біз.
1-ж: Әр сыныптан бір оқушыдан шығып қазылар алқасының алдынан жеребе суырсын. Жеребе бойынша қатысушылардың реттік саны анықталады.
2-ж: Ендеше, сыныптардың реттік саны төмендегідей анықталды:
Бірінші боп өнер көрсететін сынып –
Екінші –
Үшінші–
Төртінші–
Бесінші –
Алтыншы–
Жетінші –
1-ж: Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің
анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген
баласы.
Амандасу -
ізгіліктің, сыпайылықтың
белгісі,
Сәлем достар?
Амансың ба? Қалайсың? –
дегендей, таныстыру бөліміне кезек
берейік.
2-ж: Сахнаға бірінші кезекте _____сынып шақырылады.
1-ж: Бірінші кезең
аяқталды. Құрметті әділқазылар алқасы,
ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
2-ж: Баршаға өнер сүйер жар
саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің үйде дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз. ІІ тур - «Күз сыйы» табиғи материалдардан жасалған бұйым. (Бұйымның атауы болу керек және сол бұйымға жарнама жасалуы тиіс \бейнеролик түрінде\ )
1-ж: Екінші кезең
аяқталды. Құрметті әділқазылар алқасы,
ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
1-ж: Біз қазақпыз өнерге бай, жолы кең,
Сусындаған ақыл, білім нәрімен.
Арулардың талғамдарын байқайық,
Елдің көркі «Сымбатты қыз сәнімен». Келесі бөлім «Сымбатты қыз сәнімен» (сән үлгісін көрсету) -7 минут. Алдымен, «Балға киюге арналған киім» үлгісін тамашалауға шақырамыз.
2-ж: Енді, «Әдеттегі күзгі киім» топтамасын қарсы алыңыздар.
1-ж: Ендігі кезекте «Дәстүрлі емес материалдан немесе жеміс-жидектерден тігілген киім үлгісін» тамашалауға шақырамыз.
2-ж: Құрметті әділқазылар алқасы, сән үлгісі топтамасы бойынша сән көрсету үлгісінің ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
1-ж: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- келесі сайысымыз-Флешмоб Би сайысы. Алғашқы боп өнер көрсететін ________ сынып командасын қарсы алыңыздар!
2-ж: Құрметті әділқазылар алқасы, Флешмоб Би сайысының ұпай сандарын көрсетулеріңізді сұраймыз.
1-ж: Ендеше, ........................., қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша, тамаша әнге кезек берсек, қалай қарайсың?
2-ж: ................-ау, қарсы емеспін.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз да ән мен күйді жоғары бағалаған. Ән тыңдап, бір серпіліп қалайық.
1-ж: Ән «........................................». Орындайтын: ...............................
1-ж: Келешекте әрі талай сайыстар
бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар- дей отырып , «Алтын күз»
байқауының қорытындысын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын
шақырамыз.
(ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ, МАРАПАТТАУ)
2-ж: Жеңіс пенен жеңілістен
тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме
мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп
ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан
болсаң оны
ұғатын
1-ж: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар, көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
2-ж: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп- көп рахмет. Келесі кездескенше,
Екеуі бірге: Сау болыңыздар!
"Алтын күз" мерекелік байқауының сценарийі.
(1-4- сыныптар)
1-ж:
Шөп
сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы, Жәңгір,
Бұл қай кезде болады?
2-ж:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс, Аяулым,
Күзде ғана болады.
1-ж:
Көк
аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы, Жәңгір,
Бұл қай мезгілдің келгені.
2-ж:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Аяулым,
бұл Алтын күздің келгені.
1-ж:
Армысыздар Қымбатты
көрермендер!
2-ж:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі
достарым!
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты
болсын!
1-ж: Қош келдіңіз көрермен,
«Алтын күз» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
-дей отырып, 1-4 сыныптар аралығындағы «Алтын Күз» мерекелік кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-ж:
Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз. Құрметті қауым! «Алтын күз » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
-
Топты таныстыру (Топтың аты, эмблемасы, киімдері. Топтың киімі бірыңғай болуы шарт.
1-ж: 2. Өз өнерлерін көрсету. (Күз мезгіліне байланысты болу керек. Мысалы, ән айтса – өзі немесе топ болып шығарған ән, би болса – сол биге ат қою, оның қойылымы болу керек.)
2-ж:
3.«Күз » тақырыбында үздік плакат байқауы
1-ж: 4. «Күз сыйы» атты көрме. Көрмеге әр топ табиғи материалдардан жасаған бұйымдарын, икебана ұсынады.
2-ж: Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,
-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!
1. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Иржанов Дулат Бауыржанұлы
2. Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Науанова Маншук Ибатқызы
3.Биология пәні мұғалімі Избасарова Гүлшат Мажитқызы
1-ж.: Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі, -дей келе, бірінші топты ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!
2-ж.: Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне. Ортада екінші топ.
1-ж.: Тұратұғын құлап көктен,
Күн де салқын қыратты өпкен
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен. Үшінші топты қошаметпен ортаға шақырайық.
2-ж.: Құлақ түрсең аңдай қағып,
Күз кеткендей әнге айналып.
Жел сынсытса, қобыз тартып,
Қыр тыңдайды таңдай қағып. Төртінші топқа, 4а-сыныбы командасына кезек берсек.
1-ж.: Әлсін-әлсін күркілдеп,
Ашу қысып, Зіркілдеп.
Бұлт Оттығын шаға алмай,
Желп-желп етер шыр-пыр боп. Бесінші топқа, 4в-сыныбы командасының өнерін тамашалайық.
2-ж.: Құрметті әділ қазылар, І тур бойынша сайыскерлеріміздің әділ бағасын берсеңіздер.
1-ж.: Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді,
Жер жемісін тереді. Кезекті келесі номинацияға беруге рұқсат етіңіздер. «Өз өнерін көрсету». Алдымен 1 топты ортаға шақырайық. (2,3,4а,4в-сыныптары ортаға шақырылады. Барлық сынып өнер көрсетіп болған соң, қазылар алқасы бағасын береді.)
2-ж.: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
1-ж.: Өте жақсы. Олай болса, біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті «Плакаттар» байқауына берейік. «Күз » тақырыбындағы плакаттар байқауы. Әр топ өздері дайындаған суреттерін қазылар алқасына апарып көрсетуі тиіс. Алдымен, 1-сыныпқа кезек берсек, (2,3,4а,4в-сыныптары ортаға шақырылады.)
1-ж: «Плакаттар» байқауына құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.
2-ж.: Жер бетінде гүлдеді,
Жер бетінде түрленді.
Жасырылған көмбедей,
Жер астында – түйнегі…
Мұндай жеміс көрдің бе,
Жемістерін тердің бе?…
Өсімдікті осындай,
Ал, санайық кел, бірге.
1-ж.: Ас дәмденер түрленіп,
Пиязды біз бір делік.
2-ж.: Екі дейік шалқанды,
Буға піссе ол дәмді…
1-ж.: Қызылшаны үш деп қой,
Сондай тәтті, тістеп көр!
2-ж.: Картопты аттап өтпелік,
Саусағыңды төрт деп бүк.
1-ж.: Күнде жейтін кәдімгі,
Бес дейік біз сәбізді.
2-ж.: Өсімдік көп… Біліп ал:
1-ж.: Қойма дерсің түбін дәл…
Бірге: Жуа, пияз, сарымсақ, Секілді де түрі бар…
2-ж.: Олай болса, «Күз сыйы» атты көрменің де кезегі келіп қалды. (Әділқазылар көрмені аралап шығады)
1-ж: Құрметті әділқазылар алқасы, «Күз сыйы» көрмесіне баға берулеріңізді сұраймыз. (1,2,3,4а,4в-сыныптары аталады.)
1-ж.: Алтын күз де атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапырақтар қалтырап
Жерге түсіп қалыпты.
2-ж.: Алма-алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын- қарбыз балбырап,
Қамбаларға түсіпті. Құрметті қонақтар, оқушылар! Әділқазылар алқасы бүгінгі байқауымыздың қорытындысын шығарғанша, біз сіздермен біраз ойын ойнап жіберейік!
1-ж.: Ойын «Полиглот». Мен жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айту керек:
-
Тал басында Түндіксіз отау (құс ұясы – … – …)
2-ж.: 2. Күндіз тіпті ұшпайды
Түнде тышқан ұстайды (жапалақ – … – …)
1-ж.: 3. Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең –
Дүниені бүлдірер (от – … – …)
2-ж.: 4. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар (пияз – … – …)
1-ж.: 5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпырғыш – … – …)
1-ж.: Бәрекелді, балалар, Ал, енді әдіқазылар алқасына сөз берейік! (Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау)
1-ж.: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап.
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.
2-ж.: Жемісімен мөлдіреген бағы бар,
Сары күз дің саумал сазы танымал.
Самал желмен баяу ғана толқиды
Сары масақ, қауызында дәні бар.
1-ж.: Бүгінгі жеңіске жеткен топтарды құттықтаймыз! Жеңістеріңіз құтты болсын! «Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, біз, барлықтарыңыздың көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болатынына сенеміз, себебі бүгін біз тамаша кешке қатыстық!»- деген сөздермен бүгінгі Күзгі бал аяқталды. Келесі кездескенше,
Бірге: Сау болыңыздар!

