«Алтын күз ханшайымы!»
Хор «Бұл алтын күз»
Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын,
Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал - құрақ,
Шашу болды жапырақ.
Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар. Ел
байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп
қуанышпен қарсы алайық. Көңілді күйді көтеріп, әсем әнмен
бастайық.
Сөз кезегін Б/б директоры Г.О.Шабаеваға беріледі..
Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей отырып,
«Күз ханшайымы» атты сайысымызды бастаймыз.
Қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1.Нұрғали Таңшолпан
2.Әнет Арайлым
3.Доғдырбайқызы Малика
4.Сұлтан
Диана
Жүрг: Мен сіздерге байқаудың
шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Қол өнер – үй тапсырмасы (табиғи материалдардан)
4. Өз фантазиясы бойынша еркін тақырыпта сән үлгісін дайындау (сән
үлгісінің жолдарымен таныстыру.)
5. Ас мәзірін дайындау.
Жүрг: Әділ қазы береді
Өздеріңе сыйлықты
Бізге айтып береді
Кім өнерлі, кім мықты?
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.Б/б директоры Г.О.Шабаева
2.Б/б әдіскері А.Б.Тулекбаева
3.Б/б бейнелеу пәнінің маманы Ж.Қ.Қушакбаева
4.Ата-ана
Өнер қуып әрбірі өтер
дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін
таныстырып өтеді.
Сайыскерлерімізіді ортаға шақырамыз.
Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Күзгі валс» биін билейді ұл-қыздарың
Қолсоғып қарсы алайық.
Балалрды ортаға шақырайық күз туралы тақпақтарын айтып
берсін.
Жандос:
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Әбілмансур:
Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапыраұтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Ердәулет:
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды
халқымыз.
Бекназар:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Өнер жаста жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән, би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың ІІ шарты бойынша
сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1 -
2
Сайыскерлеріміз ІІІ шартқа дайын болғанша балаларымыздың
тақпақтарына кезек берейік.
Нұрхан:
Сап-сарығып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен.
Бекарыс:
Қарашы,күз келді,күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неткен күз еді.
Бағдат:
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Ақжүрек:
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан,алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Сайысымыздың ІІІ шарты бойынша
сайыскерлерімізді қол өнер (үй тапсырмасы) ортаға шақырамыз.
Барлық достар шапалақтап қарсы алады.
Ортада балалардың тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
Аслан:
Алақай-алақай
Шаттанды балақай
Береке-салты күз
Мереке-алтын күз.
Мейіржан:
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дйтін мереке.
С.Диас
Келді міне күз
Айнала сары түс
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп.
Әділет:
Нұрға бөлеп еңірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.
Ас адамның арқауы деп бекер айтпаған ғой
Сайысымыздың 4 шарты ас
мәзіріне кезек берейік.
Күніндегі гүл көктемнің нұрын
шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып
Биімен көрерменді тәнті ететін
Бишілер келді мені толқып, тасып
Қыздарымыздың «Шығыс» биімен қарсы
алайық.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен – деп сайысымыздың 5 шарты бойынша сайыскерлерімізді өз фантазиясы бойынша сән үлгісімен ортаға шақырамыз.
1 —
2 —
Күз ханшайымы сайысының барлық шарттары осымен тәмәм. Әділ қазылар алқасы дайын болғанша әнге кезек берейік.
Хор «Күзде»
Сөз кезегін әділ қазылар
алқасына береміз.
Келесі сөз кезегін Б/б директоры Г.Шабаеваға
береміз
Б/б әдіскері А.Тулекбаеваға
беріледі.
Марапаттаулар
Құрметті қонақтар осымен «Күз ханшайымы» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!
«Ер Төстік» балабақшасы

Өткізген: Ш.Жангожина
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күз ханшайымы

шағым қалдыра аласыз