Материалдар / "Күз ханшайымы мен ханзадасы"

"Күз ханшайымы мен ханзадасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы «Күзгі ханшайым мен ханзада»



Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді. Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

Жүргізуші:
- Балалар жылдың қай мезгілі


- Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін ата?


Б: Жапырақтар сары, қызыл болып, шөптер қоңыр, сарғыш түске боялды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн бірте қысқарады. Жаңбыр жауады. Адамдар жылы киім киеді.


Т: Күз айларын атаңдар?
Б: Қыркүйек, қазан, қараша


Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?


Балалар: Ол күз.


Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.


Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.


Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

         жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

         Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?


Балалар:  Жоқ.

Алма ағашы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені достарыммен бірге сендердің орталарыңа алып келді. Мінекей күзде келді, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, күн суыта бастады. Бүгін міне сіздерде Алтын күз мерекесі болғалы жатыр екен. Осы мерекеден күз ханшайымы мен күз ханзадасын тағайындауымыз қажет. Менің сіздерге қояр шарттарым бар, осы шарттарды бұлжытпай орындаған баланы ханшайым мен ханзада етіп тағайындаймыз..

Жүргізуші: - Ал енді тағы да тақпақтарымызға кезек берейік.
- Балалар күзде нелер піседі?


Пияз: К.Алихан

   Асханадан шықпаймын,
               Атым - пияз, бұқпаймын.
               Көзден жасты шығарам,
               Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Асқабақ: Е.Арсен

Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!



Сәбіз:    Феруза

 Өсіретін бойыңды,
                      Дамытатын ойыңды.
                      Қоянға да азықпыз,
                      Сәбіздерміз жазықсыз!

Жүзім:М.Алихан

Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген



Шие: Куаныш

Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!

Алмұрт:Інжу

Мен алмұртпын, ақылдым.

Күзде алмұрт жинап алатын,

Балбыраған біреуін,

Жесең тойып қаласың.





Хан

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Жансая

Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.




Нурай

Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.

Айару                 О, алақай, тамаша,

                            Шашу шашады жапырақ.

                            Бақтың іші алаша,

                            Аунар ма еді жатып ап!



Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық
Балабақша меңгерушісі:______________________________
Ата – ана___________________________________________

Медбике________________________________________________
Жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Менің ата-тегім...» (өзін-өзі таныстыру)
2 - бөлім: «Кім ойға жүйрік» (жұмбақ шешу)
3 - бөлім: «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» (ас мәзірі)
4 - бөлім: «Шебер қолдар» (Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары)
5 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)

6-бөлім: «Әсем біздің арулар мен жігіттер» (Сән үлгісін көрсету)

Балалар номер алады
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі
«Менің ата-тегім...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.

Жүргізуші:
2 - бөлім:
«Кім ойға жүйрік» (жұмбақ шешу)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.

3 - бөлім: «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» (ас мәзірі)

4 - бөлім: «Шебер қолдар» (Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары)
Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз - өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Ата - анасымен біріге отырып, жасаған қолөнер бұйымдарына кезек береміз

5 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)

Би: «Балапан» тобының «Грейн» биін қарсы алайық.
6- бөлім: «Әсем біздің арулар мен жігіттер» (Сән үлгісін көрсету) . Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.

Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.





























«Балдырған» тобыны «Алтын күз» атты ертеңгілікте балалардың ие болған номинациялары 2018ж



«Ханзада» - Қуамбек Бекжан

«Ханшайым »- Сенгирова Каусар

«Өнерлі»- Нышанкулов Бекзат

«Сегіз қырлы, бір сырлы»- Айтбай Нурали

«Биші»- Тоқтарова Аружан

«Суперш аспазшы»- Қуандық Әмина

«Сәнді көйлек»- Дәулетқызы Ардана

«Шебер қолдар» -Рыбалкина Евгений

«Сымбатты»- Латыпов Михаил

«Тапқыр»- Усентаев Жансен



ЖИ арқылы жасау
25 Сәуір 2020
2948
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі